Accessibility links

Ресторанға тірі есек қойған әзілкеш дауға қалды


Ресейлік сықақшы Сергей Светляков сахнада тапқырлығымен біраз жұртты тәнті еткен. Бірақ "Есек" атты өзбек тағамын ұсынатын ресторан ашқан кезінде керісінше ел оны жаппай сөге бастады.

Ресейлік сықақшы Сергей Светляков - 2000 жылдан бері сықақпен кәсіби түрде айналыса бастаған, көпшіліктің ықыласына бөленген артист. Ол - Ресейдегі танымал юморлық шоулардың бірі Comedy Club-тың («Камеди Клаб») авторларының бірі, бірнеше сыйлықтың иесі, танымал кино артисі.

Бірақ 35 жастағы Светлаков Киевтегі әріптестерімен бірге мейрамхана (шайхана) ашқан кезде артықтау кетті. Бұл оның үйреншікті образына үйлеспей тұрды.

1,5 миллион доллар жұмсалған мейрамхана Киевтің орталығында тұр. Өзбек тағамын пісіретін мейрамханаға «Eshak» ("Есек") деп ат қойған соң-ақ ақыры оң болмасы белгілі еді. Бірақ қызығы мұнымен бітпейді. Ол мейрамханаға есектің атын қойып, өзбектердің бір-біріне айтатын жаман сөзін кәдеге жаратқанын білмеген. Бұл қонағына ас беріп отырып балағаттағанмен бірдей.

Одан соң бұл жерді жұрт көрмей қалмасын деген Светлаков мейрамхананың Комедиант Сергей Светлаков. Мәскеу, 16 мамыр 2013 жыл.

Комедиант Сергей Светлаков. Мәскеу, 16 мамыр 2013 жыл.

жанына қышқырған тірі есекті байлап қойған - оның дауысы бірнеше көшеге жетеді.

НАРАЗЫ КӨРШІЛЕР

Көп ұзамай ресторанның көршілері наразы бола бастады. Өйткені мейрамханадағы думан да есектің ақырғаны сияқты ұзаққа жалғасады. Бұл теледидардағы қосамжарланған күлкі сияқты - өшіріп тастауға келмейді.

Бірінші қабатында мейрамхана тұрған, тып-тыныш Печерск ауданындағы көп қабатты үй тұрғындары қала билігіне хабарласып, тіпті Украина президенті Виктор Януковичке дейін хат жазды.

Мейрамхана қонақтары түн ортасы ауғанша тарамайды - тұрғындар да соған дейін көз ілмей жатады. Қорқордың иісі қолқаны қабады. "Есектің" желдеткіштері гүрілдегенде үйіміздің қабырғасы дірілдеп, сылақтары түсіп қалады" деп Светлаков пен серіктерінің "Есек" мейрамханасы.

Светлаков пен серіктерінің "Есек" мейрамханасы.

шағымданады тұрғындар. Қала әкімшілігінің орнатқан бақылау камерасы да ресторанға әзер сығалап қарап тұрғандай болады.

Кез-келген реалити-шоудың шешімі болатыны сияқты, "Есекке" де бір дауа табылды. Екі апта бұрын ол аудан тып-тыныш болып қалды. Тірі есектің дауысы семді.

Қазір ол есек Киев ипподромының мал қорасында тұр. Мейрамхана иелері мен көршілер дауласып жатыр.

Мейрамхана әлі жабылған жоқ. Оның иелері есектерін қайтарып алғылары келеді. Бірақ көршілер "Светлактовтың бұл шоуы мүлдем тыйылсын" деседі.

Ендігі шешімді қала билігі айтуы керек. Оның не дері әзірше белгісіз, тек теледидардағы жақсы судьяның қалай дауыс бергенін көрсетпейтіні сияқты олардыкі де - құпия.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG