Accessibility links

Юлия Тимошенко шерушілерді қолдап аштық жариялады


Украинаның Еуропа Одағымен интеграциялануын жақтаушылар шеруге Юлия Тмошенконың суретін көтеріп шықты. Киев, 24 қараша 2013 жыл.

Украинаның Еуропа Одағымен интеграциялануын жақтаушылар шеруге Юлия Тмошенконың суретін көтеріп шықты. Киев, 24 қараша 2013 жыл.

Украинаның түрмеде отырған экс-премьері Юлия Тимошенко Киевте елдің Еуропа Одағына (ЕО) қосылуын талап етіп митингілер өткізіп жатқандарға қолдау білдіріп, аштық жариялады.

"Сіздерді қолдау мақсатында Януковичтің ассоциация туралы келісімге қол қоюын талап етіп аштық жариялаймын" деді наразылық шеруіне қатысушыларға жолдаған үндеуінде Тимошенко.

Дүйсенбіде шеруге шыққан жүздеген адам президент Виктор Януковичтен ЕО-мен саяси және сауда келісіміне қол қоюға шақырған. Акцияға қатысушылар бұл жолы да полициямен қақтығысты.

ЕО "Киевке келісім жасасудан бас тартқызу үшін қысым жасап отыр" деп Ресейді айыптады. ЕО президенті Херман ван Ромпей мен Еурокомиссия басшысы Жозе Мануэл Баррозу мәлімдеме жасап, "Ресейдің ұстанымы мен саясатын мүлдем қолдамайтындарын" айтты. Олар осы аптада Вильнюсте өтетін саммитте Украинамен келісімге қол қою ұсынысының күшінде қалатынын ескертті.

Өткен аптада Киев 28-29 қарашада Вильнюсте өтетін ЕО-ның "Шығыс ынтымақтастығы" саммитінде ЕО-мен ассоциация туралы келісім жасауға дайындықты тоқтататынын хабарлаған еді.

Қарашаның 21-інен бері Украина оппозициясы ЕО-мен келісімнен бас тартқан билік шешімімен келіспей, наразылық шерулерін өткізіп келеді. Жексенбіде Киевте мыңдаған адам ЕО мен Украинаның туын ұстап жүріп өткен.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG