Accessibility links

«Бабий Яр - тұтас Украинаның трагедиясы»


АҚШ тарихшысы, Йель университетінің профессоры Тимоти Снайдер. Киев, 27 қыркүйек 2016 жыл.
АҚШ тарихшысы, Йель университетінің профессоры Тимоти Снайдер. Киев, 27 қыркүйек 2016 жыл.

75 жыл бұрын, 1941 жылы Украинада неміс басқыншылары екі күннің ішінде 30 мыңнан астам еврейді қырып салған. Тарихта бұл оқиға қантөгіс болған жердің атымен «Бабий Яр» аталады.

АҚШ тарихшысы, Йель университеті профессоры Тимоти Снайдер «Бабий Яр - бүкіл Украинаның трагедиясы» екенін ескертеді.

Холокост тарихын зерттеуші маман Тимоти Снайдер Азаттықтың Украина қызметінің тілшісі Наталья Чуриковаға берген сұхбатында 1941 жылы қыркүйектің 29-ы мен 30-ы күндері болған жағдайдан алатын сабақ көп екенін айтады.

"Біріншіден, бұл - тұтас Украинаның қайғысы. Екіншіден, адамдарды этникалық ерекшеліктеріне қарап бөлу мен мен тарихта болған қателіктерді қайталаудан сақтану қажет" дейді маман.​

Азаттық: - 75 жыл бұрын Киевтің шетіндегі Бабий Яр аңғарында екі күннің ішінде 33 мың 771 еврейді атып тастады. Освенцимнің Еуропадағы еврейлер қырғынының символына айналғаны тәрізді Бабий Яр украиналық еврейлерді қырып-жоюдың символы саналады. Бірақ бұл еврейлердің ғана емес, украиндардың да қасіреті ғой?

Тимоти Снайдер: - Ең алдымен украиналық еврейлердің Украина аумағында Совет Одағы орнағанға және соғысқа дейін де жүздеген жылдар тұрып келгенін еске сақтауымыз керек.

Бабий Яр құрбандарын еске алу. Киев, 29 қыркүйек 2016 жыл.
Бабий Яр құрбандарын еске алу. Киев, 29 қыркүйек 2016 жыл.

Екіншіден, еврейлер украиналықтармен бірге түрлі нәубеттен өтті, мысалы 1930-жылдардағы Голодомор (тұтас елдің аштан қырылуы) зұлматын көрді.

Кейбір украиналықтар «Голодомор - біздің трагедиямыз, ал Холокост – еврейлердің қасіреті» дейді. Бұл шындыққа келмейді, себебі Голодомор кезінде Украинада тұрған еврейлер, орыстар, поляктар мен басқа ұлт өкілдері де қырылды.

Соғысқа дейінгі және соғыс кезіндегі тәжірибелер арасындағы байланысты аңғару үшін, алдымен, соғыстың радикалды өзгерістер әкелгенін, советтік жүйе құлаған соң соғысқа дейін бірге тұрған халықтардың бір-біріне көзқарасы өзгергенін түсіну керек.

Азаттық: - Жергілікті тұрғындардың біразы гитлерлік Германия әскерімен бірге келіп, адамдарды жаппай қырып-жоюға қатысқан, кісі өлтіруге көмектескен. Мұны қалай түсіндіресіз?

Снайдер: - Бабий Ярдағы қырғынды нацистік Айнзац 4А тобы (Einsatzgruppe 4A) полицияның екі жасағымен бірге орындағанын білеміз. Дегенмен әуел бастан жергілікті тұрғындардың біразы (олар тек этникалық украиндар ғана емес, орыстар, татарлар да бар) нацистерге көмектесті.

Әр этникалық топтан фашистермен одақ құрған адамдар шықты. Еврейлерге қарсы бастаманың жүзеге асуына SS қана емес, неміс әкімшілігі, неміс армиясы мен неміс полициясының бірлесіп қызмет еткені себеп болды. Немістер жергілікті ұйымдар арасында да ынтымақтасуға әзір адамдардың бар екенін түсінді.

Азаттық: - Сталиндік режим неге Бабий Ярда негізінен еврейлер қырылғанын жарияламауға тырысты.

Бұл тарих қана емес, болашақ үшін де қажет. Бабий Ярдағы оқиғаны түсінбесе, украин халқы өзінің тарихын да түсіне алмайды. Қандай оқиға болғанын есте сақтаудан бөлек, тарих қандай адам болып шығатыныңа да әсер етеді.

Снайдер: - Шындығында Бабий Ярда қырылғандардың көбі – еврейлер. Ол жерде 100 мыңға жуық адам атылды. Олардың көбі еврейлер болатын. Тарихшылар былай дейді: «Совет Одағы билігіне Холокостты есте сақтау пайдалы болмады. Себебі ол фашизмнің коммунизмге ғана қарсы тұрмағанын, еврейлерге де қарсы шыққанын еске салатын еді. Совет билігіне ол ұнамады, советтік қоғамның басқа өкілдеріне қарағанда еврейлер көбірек жапа шекті дегенді билік мойындағысы келмеді. Сондықтан Совет Одағының билігі әуел бастан-ақ Бабий Ярды еврейлер трагедиясы деп сипаттамады».

Мұның бәрін дұрыс түсіну керек. Холокостан бөлек Украина аумағында не болғанын толықтай анықтау қажет. Бұл тарих қана емес, болашақ үшін де қажет. Бабий Ярдағы оқиғаны түсінбесе, украин халқы өзінің тарихын да түсіне алмайды. Қандай оқиға болғанын есте сақтаудан бөлек тарих қандай адам болатыныңа да әсер етеді.

Азаттық: - Украиналықтар болашақта Холокосты өз трагедиясы ретінде қабылдай ала ма?

Снайдер: Иә, солай ойлаймын. Бұл оқиғаны солай қабылдау қажет деп білемін. Халық өз тарихына тек этникалық тұрғыдан қараса, қазір де, кейін де басқаларды өз ұлтының бір бөлігі ретінде қабылдай алмайды.

Сұхбат ағылшын тілінен аударылды.

XS
SM
MD
LG