Accessibility links

Cоққыға жығылған журналист


Киев ауруханасында жатқан Украина оппозициясы белсендісі әрі журналист Татьяна Чорновил 26 желтоқсанда соққыға жығылуын «кәсібімен байланыстыратынын» мәлімдеді. «Қатты ұрғандары сонша, өлтіреді деп ойладым. Мақсат қорқыту болса, бір-екі рет ұрып, кетіп қалулары керек еді. Олар мені аямай сабады» дейді ол. Чорновил Украина президенті Януковичтің қымбат сарайы туралы репортаж жасаған. Сәрсенбіде ол ішкі істер министрі Захарченконың қымбат үйінің суретін интернетке жариялады. Бірнеше сағаттан кейін оның көлігіне Porsche Cayenne келіп соғылып, көліктен түскен екі ер адам оны соққыға жықты. Журналистке шабуыл Украинадағы биліктен Еуропамен интеграцияны талап еткен қарсылықты қайта өршітті. Жүздеген адам оның суретін ұстап, ішкі істер министрлігіне барды.

XS
SM
MD
LG