Accessibility links

Сепаратистер үшін журналист не қас, не дос


Донецк әуежайы маңында тұрған сепаратист. Украина, 29 мамыр 2014 жыл.

Донецк әуежайы маңында тұрған сепаратист. Украина, 29 мамыр 2014 жыл.

Украинаның шығысындағы Луганск және Донецк облыстарына журналистік сапармен барып қайтқан Азаттық тілшісі Александра Вагнер аймақтан алған әсерін айтады.

Өткен аптада қақтығыс аймағынан хабар тарату мақсатында Украинаның шығысына төрт күндік сапармен барғанымда пойыздан түсе сала таңғаларлық көрініске тап болдым.

Автоматты қару асынған ер кісілер өткен-кеткеннің бәрін бақылап, бекетті қоршап тұрды. Мен оқыған ақпарат бойынша мұндай қарулы адамдар өздері басып алған бірнеше ғимаратта және қаланың сыртындағы өткізу пункттерінде ғана тұруы тиіс болған. Оларды теміржол бекеті сияқты қоғамдық орыннан көріп қатты таңқалдым.

Өздерін «халық республикасы» деп жариялаған Луганск және Донецк облыстарында журналист болып жұмыс істеу өте қорқынышты, әрі қауіпті. Ашық түрде фотоға және видеотаспаға түсіру үшін өзін өзі тағайындаған басшылардан арнайы рұқсат қағаз алу керек. Мұндай құжатты сұрасаң, олар интернеттегі бұрынғы материалдарыңды, тіпті әлеуметтік желідегі постарыңды тексеріп шығады.

Олар Киевтегі үкіметті жау деп санайды әрі шығыстағы қарулы топтар туралы жағымсыз материал жариялаған кез-келген журналист өздеріне қарсы деп Ресейшілдер Украина туын жыртып жатыр. Донецк, 29 мамыр 2014 жыл.

Ресейшілдер Украина туын жыртып жатыр. Донецк, 29 мамыр 2014 жыл.

ойлайды. Олар әсіресе батыс және орталық Украинадан келген тілшілерге аса сақтықпен қарайды, ал Ресейден келген тілшілерді жылы шыраймен қарсы алады.

Егер бұрынғы жазғандарың олардың «стандарттарына» сай келмесе, жұмыс істеуге рұқсат бермегенімен қоймай, телефоныңды, фотоаппаратыңды және барлық құрал-сайманыңды тартып алады. Кей журналистердің бірнеше күн, тіпті апталап қамауда да отырғаны белгілі.

Луганскіде сепаратистердің қарулы адамдары мені Украина қауіпсіздік қызметінің ғимаратына тексеру мақсатында алып барды. Есік алдында су жаңа автоматтарын қызықтап екі жігіт тұр. Қолдарындағы қарулары зауыттан кеше ғана шыққандай.

Олардың қаруларынан мүлде хабары жоқ екені сөздерінен байқалып қалды. Олар қай тетігін басса немесе бұраса не болатынын айтып, өзара күбірлесіп тұрды. Менің түсінгенім – қолдарындағы қару ақпарат құралдарында айтылып Ресейшіл сепаратистер. Донецк, 29 мамыр 2014 жыл.

Ресейшіл сепаратистер. Донецк, 29 мамыр 2014 жыл.

жүргендей жергілікті полиция, не қауіпсіздік күштерінен тартып алынған қару емес, басқа жақтан жеткізілген қару.

Луганск пен Донецкіде болған кезімде тек қарулы жасақтармен ғана емес, қарапайым халықпен де сөйлесудің сәті түсті. Аймақта қалыптасқан жағдай туралы, өзін өзі жариялаған республикалардың легитимділігі жайлы әртүрлі пікірлерді естідім.

Кейбір жергілікті тұрғындар сепаратистік қозғалыстардың басшысы кім екенінен, олардың билікті қалай қолға алғанынан мүлде бейхабармыз десті.

Донецк облысының украин үкіметінің бақылауындағы кейбір аймақтарында өткізілген президент сайлауы туралы ақпарат жинап, Донецкіге қайтып келе жатқанымызда сепаратистердің өткізу пунктіндегілер көлігімізді тоқтатты. Автомат асынған белгісіз адамдардың бақылауында болу өте қорқынышты екен. Әрине, олардың бұйрықтарына бағынбасқа амал жоқ. Олардан құжат тексеретін құқықтары бар-жоғын, аты-жөндерін, кімнің атынан өкілдік етіп тұрғандарын сұрап жатудың өзі артық.

Бар қолыңнан келетіні – «көңіл-күйлері жақсы болса екен» деп үміттену. Ол жерде сенің ешқандай құқығың жоқ, әрі мұны өзің де жақсы түсінесің.

(Азаттық тілшісі Александра Вагнердің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей).

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG