Accessibility links

Украинада «ИМ-ге қосылуға аттанған» қазақстандық ұсталды


Украина қауіпсіздік қызметінің (СБУ) "ИМ мүшелері ұсталғаны, олардың арасында бір қазақстандықтың бар екені" туралы мәлімдемесіне қоса жариялаған суреті. 6 маусым 2015 жыл.

Украина қауіпсіздік қызметінің (СБУ) "ИМ мүшелері ұсталғаны, олардың арасында бір қазақстандықтың бар екені" туралы мәлімдемесіне қоса жариялаған суреті. 6 маусым 2015 жыл.

Украина қауіпсіздік қызметі «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымына «қосылуға аттанған» бірнеше шетелдіктер қатарында Қазақстан азаматын да ұстағанын хабарлады.

Украина қауіпсіздік қызметінің (СБУ) ресми сайтындағы ақпаратта «Ислам мемлекеті» (ИМ) халықаралық террорлық ұйымының содырларды Украина аумағына жинап, аттандыру жоспарының жолы кесілді» деп жазылған.

Яғни, маусымның 3-і күні Украина қауіпсіздік қызметі мен мемлекеттік миграциялық қызмет өкілдері ел аумағынан «Ислам мемлекетінің» (ИМ) содырларды жинап, аттандыратын «бекетін» тапқан. Хабарламада «бекеттің» нақты орналасқан мекен-жайы айтылмайды.

СБУ мәлімдемесінде бұл «бекеттің» Украинаға жиналған «ИМ содырларының» Түркияға, одан ары Сирия-Ирак шекарасына аттанатын орны қызметін және керісінше, ол жақтан келген содырларды Еуропаға асыру қызметін атқарғанын жазады.

СБУ «осы бекетті тексеру кезінде бес шетелдік азамат анықталды. Олардың екеуі – ресейлік, біреуі – Өзбекстаннан, біреуі – Тәжікстаннан, біреуі – Қазақстаннан» деп хабарлайды.

Украина қауіпсіздік қызметі «анықталған бес шетелдік» азаматтың аты-жөндерін атамаған. Алайда «олардың кейбірі террорлық әрекетке қатысқаны үшін Түркиядан Украинаға депортацияланғаны, миграциялық заңдарды бұза отырып, Украина аумағында қалғандары, енді біреулерінің Украинаға Еуропадан келгені» айтылады.

СБУ мәліметіне қарағанда, «Украинада анықталған [ИМ] өкілдері террорлық ұйым әзірлеп беруі тиіс жалған паспорт күтіп отырған». Олар «Түркия арқылы Сирияға өтуге» тиіс болған.

Украина қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, «анықталған азаматтардың үшеуінің Украинада болу мерзімі қысқартылған, екеуін келген еліне қайтару туралы шешім қабылданған».

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Азаттыққа Украина тиісті органдарының ақпаратты растауын күтіп отырғанын хабарлады.

Министрліктің ресми өкілі Алтай Абибуллаев «Консул бөлімі Украина сыртқы істер министрлігіне БАҚ арқылы тараған Қазақстан азаматының ұсталғаны жөніндегі ақпаратты растау не терістеуді сұрап, нота жіберді» дейді.

XS
SM
MD
LG