Accessibility links

Киевке люстрация тиімді ме?


Киевтегі Майданда шерушілер "Люстрация" деген жазуға ұқсап сап түзеп тұр. 19 желтоқсан 2013 жыл

Киевтегі Майданда шерушілер "Люстрация" деген жазуға ұқсап сап түзеп тұр. 19 желтоқсан 2013 жыл

Украина билігі Майдан шерушілерінің талабын орындау үшін ескі билік өкілдерінен құтылуға кірісті. Бірақ люстрация деп аталатын бұл үдеріске халықтың көзқарасы әртүрлі.

Киевтегі жаңа билік ескі мәселемен бетпе-бет келді. Бұрынғы үкіметті қолдап, солардың мүддесі үшін жұмыс істеген, жемқорлығы үшін айыпталатын, ресейлік тыңшыларға байланысы бар деп саналатын тұлғаларды не істеу керек?

ЛЮСТРАЦИЯ ДЕГЕН НЕ?

Сәуірдің 8-і күні Украина парламенті судьяларға қатысты люстрация туралы даулы заң қабылдады, басқа үш заң жобасы әлі қаралып жатыр.

Люстрация деп жаңа үкіметтің бұрынғы билік құрамында болған шенеуніктерді тексеріп, халыққа қарсы қылмысы бар-жоғын анықтауды айтады. Бұл термин Ежелгі Римдегі тазалау рәсіміне байланысты шыққан.

Украинадағы шара люстрация комиссиясынан өтпей қалған тұлғаларды 20 жылға дейін мемлекеттік қызметтен шеттетеді. Бұндай люстрацияны президент Виктор Януковичті орнынан кетуге мәжбүрлеген Еуромайдан шерушілері талап етті. Бірақ бұндай үдеріс Украина сияқты жік-жікке бөлінген, жаңа биліктің нақты ұстанымы анықталмаған ел үшін қауіпті. Көрнекі сурет

Көрнекі сурет


Халықаралық үкіметтік емес Human Rights Watch ұйымы Украина президенті Александр Турчиновті заңға қол қоймауға шақырды. Ұйымның мәлімдемесінде: «Заң жобасының үшеуі де бұлыңғыр, әрі ауқымды, сондықтан саяси ағаттық жасауға ықпал етуі мүмкін» деп жазылған.



ЭКСКЛЮЗИВТІ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ҮДЕРІСТЕР

Люстрация қауіпті іс саналады. АҚШ саясаттану маманы, профессор Эрик Брам оны «өтпелі кезеңдегі әділеттік орнатудың дөрекі құралы» деп атайды.

Гонконгтегі Лингнан университетінің әлеуметтану профессоры Роман Дэвид люстрация мен өтпелі кезеңдегі сот бойынша сарапшы. Ол Киевке келіп, үкіметке люстрацияға қатысты кеңестер берді.

Дэвидтің пайымдаунша, өтпелі кезеңдегі әділ сот процестері уақыт пен елге байланысты өзгеріп отырады, бірақ шартты түрде оны эксклюзивті және инклюзивті деп екіге бөлуге болады. Эксклюзивті үдерістерде қылмысы анықталған тұлғалар қоғамдық өмірге араласа алмайды. Эстония мен Польша сияқты жаңа үкіметті тұрғындардың көбі қолдайтын елдерде бұл нұсқа тиімді қолданылған.
Украинаның заңына сәйкес люстрация жасаудың төрт шарты

Украинаның заңына сәйкес люстрация жасаудың төрт шарты


Ал инклюзивті үдеріс (жалған куәлік берген немесе өтірік айтып, ақпаратты жасырғаны үшін айыпты болған шенеуніктердің бұрынғы әрекетінен құтылуына қолайлы кезең) жаңа үкіметті қолдауды азайтады және көп уақыт алады. Инклюзивті амал люстрацияның моральдық дилеммасын шешуге көмектеседі, яғни люстрацияланған адам кезінде заңды, тіпті міндетті саналған әрекетті жасағаны үшін әділетсіз түрде жазалануы мүмкін.

Дэвидтің айтуынша, инклюзивті нұсқа халықаралық легитимділікке ие, әрі эксклюзивті нұсқаға қарағанда өткен кезеңде жасалған қателіктерді көбірек ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Кезінде Оңтүстік Африкада құрылған Шындық пен бітім комиссиясы инклюзивті люстрацияның озық үлгісі болып саналады.

УКРАИНАНЫҢ ТАҢДАУЫ

Украина жаңа билікті қолдайтындарға сүйеу жасауды күшейтетін эксклюзивті үдерісті қалайтын тәрізді, бірақ оның кемшілігі – басқа маңызды топтарды өзінен алшақтатып алады. Бұндай люстрация процесі жаңа үкіметке қосылмайтын кейбір қоғамдық топтарға "елдің бөлшегі емессіңдер" деп меңзеу сияқты көрінеді.

«Хорватия, Сербия мен Ирактың тәжірибесі сәтсіз болды. Бұл елдердің бәрінде эксклюзивті үдеріс азаматтық қақтығысқа соқтырды» дейді Дэвид.

Оның ескертуінше, Ирактағы сәтсіз де-беатификация процесі тәрізді Киевтің люстрация үдерісі негізінен «Аймақтар партиясына» қарсы бағытталғанын есепке алу керек.

«Егер белгілі бір әлеуметтік топ өзін жат сезінсе, нақты бір адамды аластау зор әлеуметтік мәселе тудыруы мүмкін» дейді Дэвид.

МЕМЛЕКЕТТІ ӘЛСІРЕТУ

Эксклюзивті люстрацияның тағы бір кемшін тұсы – ол мемлекетті әлсіретіп, оны білікті қаржыгер, құқық, қауіпсіздік және басқа саланың мамандарынан айыруы мүмкін. Ливияда Муаммар Каддафиді биліктен кетірген соң осындай жағдай орнады.

«Олар жаңа демократиямен жұмыс істеуге ниетті, жұмақ болсын, тозақ болсын – кез келген режиммен бірлесіп қызмет етуге даяр тұтас бір қауымды кеудесінен итерді» дейді Дэвид.

САЯСИ ТАҢДАУ

Билік люстрацияның қай бағытын таңдаса да, ол - саяси таңдау болмақ. Украина билігі ел ішінде алауыздық туатынына қарамай, майданшылардың тілегін қанағаттандыруға ұмтылуы мүмкін. Кез-келген люстрация процесінде жалаң саяси мақсатты бірлесіп таңдау қаупі бар.

1990 жылдары Чехословакияда ресми люстрацияны сезінгендер өзінің ықтимал қылмысын «әшкерелеуге» көшті. Кейбір люстрация процесі ресми сот отырысын өткізбей-ақ, саяси қарсыластарын құртуға көмектесті. Польша мен басқа да пост-советтік елдерде кейбіреудер саяси қанды кек оқиғаларын қолдан ұйымдастыруға тырысты.

Бірақ люстрация процесі сәтті өтсе, елдің дамуына жақсы ықпал етеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң Германия Vergangenheitsbewaltigung ("Өткеннен арылу") атты бірнеше жылға созылған күрделі бағдарлама жүргізді. Бұл процесс мемлекет, мектептер мен шіркеулерді және өнер ордаларын қамтыды.

Керісінше, Ресей мен Беларусь сияқты елдерде люстрацияға қарсы шыққандар бар, көптеген ғалымдар ол саяси және әлеуметтік дамуға кері әсерін тигізді дейді.

Роберт Коалсонның мақаласын аударған – Динара Әлімжан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG