Accessibility links

Аваков Мариупольде 20 шақты сепаратист жойылғанын хабарлады


Маска киген адам милиция басқармасы алдындағы баррикададан секіріп өтіп барады. Мариуполь, 9 мамыр 2014 жыл.

Маска киген адам милиция басқармасы алдындағы баррикададан секіріп өтіп барады. Мариуполь, 9 мамыр 2014 жыл.

Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков елдің шығысындағы Мариуполь қаласында әскерилер мен ресейшілдер арасында болған қақтығыстан 20 шақты сепаратист өлгенін мәлімдеді.

Аваковтың сөзінше, үкімет күштері жағынан бір адам қаза тауып, бесеуі жараланған. «Бүлікшілердің төртеуі тұтқындалды, шабуылшылардың көбі қаруларын тастап, қаладағы тұрғын үйлер аумағына тығылып қалды» деп жазды Арсен Аваков Facebook-парақшасына.

Бұған дейін Донецк облыстық денсаулық сақтау департаменті Мариупольдегі әскери операция барысында үш адам қаза тауып, жараланған 25 адам ауруханаға түскенін хабарлаған.

9 мамырдағы қақтығыс ресейшіл күштер басып алған, өрт шыққан қалалық милиция басқармасын үкімет әскері шабуылмен алған кезде болған.

Сепаратистер «Интерфакс» агенттігіне арнайы қызмет ғимаратқа беренді техникамен шабуыл жасады деп хабарлады.

ВИДЕО: Мариупольдегі атыс
Портты қала Мариупольдегі маңызды әкімшілік ғимараттарды сепаратистер сәуірдің ортасында басып алған еді. Донецкідегі Луганск қаласы да әлі ресейшілдер қарамағында.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG