Accessibility links

Шығыс Украинадағы қақтығысқа кеншілер де араласты


Донецкідегі кеншілер. Украина, 15 мамыр 2014 жыл.

Донецкідегі кеншілер. Украина, 15 мамыр 2014 жыл.

Өндірісі дамыған шығыс Украинаның шахтерлері мен металлургтері аймақты дүрліктірген сепаратистік қақтығыстан қалыс еді. Енді олар ресейшіл жасақтарға қарсы жаңа күш ретінде бас көтере бастады.

Шығыс Украинадағы ондаған қалада ресейшіл жасақтар маңызды үкімет ғимараттарын басып алып жатқан кикілжің кезінде өндірістегі жұмысшылар көбіне үнсіз қалып келді. Бірақ сепаратистер кеншілердің жұмысына кедергі келтіре бастағалы бері, мамырдың 20-сында өндіріс орындарының басшылары мен кәсіподақтар жұмысшыларды бүлікшілерге қарсы бас көтеруге үндеуге көшті.

ОЛИГАРХТЫҢ ҮНДЕУІ

Көмір және болат өнеркәсібі магнаты, қарамағында 300 мың қызметкері бар Ринат Ахметов осы аптада компанияларындағы жұмысшыларын жұмыс орындарында бейбіт наразылық шараларын өткізуге шақырды.

– Ертең сағат 12-де Донбастағы барлық өндіріс орындарында дабыл қағылып, бейбітшілікті қолдап, қантөгіске қарсылық білдірген наразылық шарасы басталады, – деді ол 19 мамырда теледидардан сөйлеген сөзінде. Оның айтуынша, «бейбітшілік орнағанға дейін» күн сайын сағат 12-де дабыл қағылып тұрмақ.

Сепаратистерді сынаған Ахметов «халық үрей мен террорда өмір сүруден Украиналық олигарх Ринат Ахметов (оң жақта) елдің сол кездегі премьер-министрі Виктор Януковичпен бірге тұр. 2006 жыл.

Украиналық олигарх Ринат Ахметов (оң жақта) елдің сол кездегі премьер-министрі Виктор Януковичпен бірге тұр. 2006 жыл.

шаршады» деді. Ол сепаратистер қолданып отырған зорлық-зомбылық тактикасы экономиканы күйретіп, шығыс Украинада «геноцидке» ұрындыруы мүмкін деп ескертті.

– Барша жұртты бұл күреске жұмылуға шақырамын. Қарудан ада Донбасс үшін! Маскадан ада Донбасс үшін! – деді Ахметов.

Болжам бойынша 11 миллиард доллар байлығы бар бар Ринат Ахметов Украинадағы ең бай, ықпалы зор адам саналады, сондықтан оның үндеуіне құлақ асатындар көп болмақ.

ӘСКЕРГЕ КӨМЕККЕ КЕЛГЕН КЕНШІЛЕР

Өткен аптада аймақтағы Ахметовке тиесілі ең ірі өндірістік мекемелердің бірі «Метинвест» компаниясы украин сарбаздары мен бүлікшілер арасындағы қанды Кеншілер мен полицейлер қала көшелерін бақылап жүр. Мариуполь, 16 мамыр 2014 жыл.

Кеншілер мен полицейлер қала көшелерін бақылап жүр. Мариуполь, 16 мамыр 2014 жыл.

қақтығыстардан соң тәртіп орнату үшін Мариуполь қаласына шахтерлары мен металлургтерін жіберген.

Жұмысшылар ресейшіл топтарды әкімшілік ғимараттан қуып шығып, ғимаратты қоршай қойылған баррикаданы алып тастауға көмектесті.
Қазір олар полицейлермен бірге қалада тәртіпті бақылап жүр.

Бірақ Донбасс кеншілерінің бәрі бірдей Ахметовті қолдай қойған жоқ. Олардың көбі «көзқарасымыз Киевтегі өкіметтікінен, былтыр күзде басталып, елді саяси дағдарысқа алып келген еуропашыл көтерілісшілердікінен өзгеше» дейді.

Мұнда бұрынғы және қазіргі өкіметтерге деген ертеден келе жатқан күдік бар, әрі олар «елді асырап отырған шығысқа лайықты көңіл бөлмей келе жатқаны үшін» Киевтегі басшылыққа өкпелі.

Украинаның шығысында жарты миллиондай адам көмір және металл өндірісі саласында еңбек етеді.

«РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛСАҚ, НӘПАҚАДАН АЙРЫЛАМЫЗ»

Жұмысшылар Ресей Қырымды аннексиялағаннан бірнеше апта өткен соң ғана «сепаратистер аймақты Ресейді құрамына қосып алса, тауып отырған нәпақамыздан айырыламыз» деп, заңсыз жасақтарға қарсы наразылық бастап отыр.

– Шахтерлардың басым көпшілігі сепаратистерге қарсы. Олар жұмыстарынан айырылып қалатындарын түсінеді, – деді Украинаның тәуелсіз кәсіподақтары Кеншілер баррикадаларды бұзып жатыр. Мариуполь, 14 мамыр 2014 жыл.

Кеншілер баррикадаларды бұзып жатыр. Мариуполь, 14 мамыр 2014 жыл.

конфедерациясының басшысы Михаило Волынец.

Бұл конфедерация 19 мамырда басқа бес кәсіподақ ұйымымен қосылып, шығыс Украинаның барлық жұмысшыларын заңсыз жасақтарға қарсы күш біріктіруге шақырған үндеу жасады.

Олар заңсыз жасақтардың тек Ресейден келетін тауарларға жол ашып, Донецк аймағына кіретін және шығатын теміржолдардың бәрін жабу туралы шешімін қатаң түрде айыптады.

«Осы өрескел әрекет сепаратистердің өздерін ұмыта бастағанын айғақтайды. Бұл шаралар Украинаның шығыс бөлігінде өмір сүретін халықтың тұрмысын нашарлатып, бүкіл елді экономикалық дағдарысқа алып келеді» делінген ол мәлімдемеде.

«Донбасс шахтерлері кәсіподағының» басшысы Микола Волынко бұл мәлімдемеге қол қоймаған. Ол көптен бері «сепаратистер жеңіске жетсе, аймақта экономикалық дағдарыс болады» деген пікірді айтып келеді.

– Аймақты федерализациялау не Ресейге қосу шарасы барлық шахталарды күйретеді, Украинаның шахтерлары түгел жұмыссыз қалады, – дейді ол.

«РЕСЕЙГЕ УКРАИН ШАХТАЛАРЫ КЕРЕК ЕМЕС»

Көмір өнеркәсібі Совет заманынан бері қатты құлдыраған Ресей тұтынатын энергияның тек 15 пайызын көмірден алады.

Әлемдік тау-кен конгресінің Ресейдегі ұйымдастыру комитетінің төрағасы Донецк маңындағы көмір кендерінің бірінің жұмысшылары. Украина, 15 мамыр 2014 жыл.

Донецк маңындағы көмір кендерінің бірінің жұмысшылары. Украина, 15 мамыр 2014 жыл.

Георгий Краснянскийдің айтуынша, соңғы 50 жылда Ресейде энергия тұтыну көлемі төрт есе азайған.

Мұнай мен газға бай Ресей шығыс Украинадағы көмір кеніштерін ұстап отыруға құлықсыз болмақ.

«Донбасс шахтерлері кәсіподағының» басшысы Микола Волынко Ресейдің өзінде осынша шахтер жұмыссыз жүргенін айтады.

Украинаның тәуелсіз кәсіподақтары конфедерациясының басшысы Михаило Волынецтің айтуынша, шахтерлер Украина дағдарысында шешуші рөл атқаруға әзір отыр. Бірақ олар жағдайды өзгерте ала ма, жоқ па – бұл басқа мәселе.

– Қазір шығыстағы халықтың көбі қару ұстап жүреді. Кеншілер мен шахтерлер сепаратистердің өткізу пункттерін күшпен басып алады дегенге сену қиын. Ал наразылық шараларына келер болсақ, кеншілер саны жағынан сепаратистерден әлдеқайда көп. Бірақ жағдай мүлде басқаша, – дейді украиналық саяси сарапшы Игорь Бураковский.

Азаттық тілшісі Клэр Бигтің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG