Accessibility links

Украина Батыстың экономикалық көмегіне де мұқтаж


Украинаның сол кездегі президенті Виктор Янукович (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесіп отыр. Мәскеу, 17 желтоқсан 2013 жыл.

Украинаның сол кездегі президенті Виктор Янукович (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесіп отыр. Мәскеу, 17 желтоқсан 2013 жыл.

Украинада тек саяси дағдарыс қана орнаған жоқ. Экономикалық қолдауға да зәру бұл ел Батыс көмектесер деп үміттенеді.

Азаттық тілшісі Украинаға қажетті бес мәселені саралап, қаржылық жағдайға талдау жасап көрді.

УКРАИНАҒА ҚАНША АҚША КЕРЕК?

АҚШ пен Еуропа Одағы (ЕО) жетекшілері Украинаға экономикалық көмек көрсету үшін аянып қалмайды. Олар «Мәскеу уәде еткен 15 миллиард долларын Виктор Янукович биліктен кеткен соң төлемейді» деп қорқады. Ал Украинаның жаңа үкіметіне қанша қаржы керек екені әлі анықталмады. Елдің жаңа қаржы министрі қызметін атқарушы Юрий Колобов «2014-2015 жылдары мемлекет 35 миллиард АҚШ долларын қажет» деді.

ЕО лауазымды тұлғалары нақты санды атаудан қашқақтады. Бірақ олар «Батыс елдері үлкен мөлшердегі сома туралы ойлану керек» деп ескертеді. ЕО-ның қаржы жөніндегі комиссары Оли Рен ақпанның 23-і күні «жүздеген миллион емес, миллиардтаған сома» туралы ойлану керек екенін мәлімдеді. Украинаның қажеттілігін көрсететін бір өлшем: ол ел биыл 73 миллиард доллар сыртқы және ішкі қарызының 12 миллиард долларын өтеуі тиіс.

АҚШАНЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?

Қаржының негізгі бөлігін Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мен басқа да қаржылық институттар бөлуі мүмкін. ЕО мен Батыс елдері де қосымша несие беруі АҚШ қаржы министрі Джек Лью.

АҚШ қаржы министрі Джек Лью.

ықтимал. АҚШ қаржы министрі Джек Лью ақпаның 23-і күні Киевті ХВҚ-мен жылдам келіссөз жүргізуге шақырды. Ол Вашингтон қарапайым украиналықтарды экономикалық реформа зардабынан қорғауға әзір екенін айтты.

Ұлыбританияның бас қаржы министрі Джордж Осборн да елінің ХВҚ пен ЕО арқылы көмектесуге даяр екенін айтты. ЕО-ның ірі мемлекеттері Франция мен Германия да солай істеуі мүмкін. Бірақ Украина ХВҚ мен Батыс елдерінің жәрдемін алу үшін бірқатар шарттарды орындау керек, ол Киевке оңай соқпайды.

УКРАИНА ҚАНДАЙ ШАРТТЫ ОРЫНДАУЫ КЕРЕК?

ХВҚ Януковичтің тұсында Киевке 15 миллиард доллар бөлмек болған кезде экономикалық реформаларға қатысты қатаң талап қойған. ЕО талап ететін реформалар – Януковичтің Брюссельмен келісімге келуден бас тартып, Мәскеудің қаржысын қабылдауына ықпал еткен негізгі себептің бірі.

Вашингтондық Петерсон институтының экономисі Андерс Ослундтың сөзінше, кез келген жаңа қаржылық көмек Киевтен саяси тұрғыда тиімсіз қадамға баруды талап етеді.

– Отандық және шетелдік қаржыны бекіту үшін Украина айырбастау бағамын сәл Ақша айырбастау орны маңынан өтіп бара жатқан шеруші. Киев, 7 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ақша айырбастау орны маңынан өтіп бара жатқан шеруші. Киев, 7 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

түсіруге тиіс. Бағам долларға шаққанда шамамен 10 гривенге құлдырайтын болар. Басқа бір жолы – бюджет тапшылығын қысқарту. Алдымен мемлекеттік шығындарды азайту керек, екіншіден шығыны көп кәсіпорын субсидияларын алып тастау керек, – дейді ол.

Кәсіпорындарға бөлінетін жәрдемақыны тоқтату Украинадағы тұрғын үйлер мен өндіріске келіп тұрған табиғи газ құнының субсидиясын кеміту дегенді білдіреді. ХВҚ-ның есептеуінше, 2012 жылы Киев елдің жалпы ішкі өнімінің 7,5 пайызына тең соманы субсидия ретінде төлеген. Яғни, украиналықтар көршілес Балтық елдері мен Польшаға қарағанда газға 3-5 есе аз төлеген. Жаңадан құрылатын үкімет те субсидияны кеміткенді қаламас еді, себебі елде арзан газ бағдарламасы өте танымал. Енді жаңа үкімет ХВҚ мен Батыстан жаңа несие алу үшін газға бөлінетін субсидиядан бас тарту керегін халыққа түсіндіре ала ма екен?

ХВҚ МЕН БАТЫС НЕСИЕ ШАРТЫН ЖЕҢІЛДЕТЕ МЕ?

ХВҚ мен Батыс шенеуніктері бұл сауалға жауап бермес бұрын екі факторды теңестіруге тырысады. Халықаралық қаржы институттары Киевке елдің саяси және қаржылық тұрақтылығын қалпына келтіру үшін көмектеспек. Ал Батыс Украина гривнасы мен АҚШ долларының көшеде тұрған суреті. (Көрнекі сурет)

Украина гривнасы мен АҚШ долларының көшеде тұрған суреті. (Көрнекі сурет)

елдері Украинада демократия орнатып, оны ЕО-ға жақындату үшін демеуші болады.

Бірақ несие берушілер елдің экономикасын дұрыс жолға қойғанға қоса сыбайлас жемқорлық пен активтерді жымқыру сияқты қазіргі Украина экономикасы белшесінен батқан жағымсыз құбылыстардан қорғау үшін де үлкен реформа керек дейді.

– Алдыңғы президент Януковичтің режимі кезінде олар (ХВҚ мен ЕО) өте қатаң талаптар қойды, себебі ол қулығы көп, сенімсіз адам еді. Жаңа үкімет құрылған соң Брюссель сондай қатты бағыт ұстанбас деп ойлаймын. Бірақ қаржы қажетті мақсатқа жұмсалуы тиіс. Украина реформаларға мұқтаж, – дейді Брюссельдегі еуропалық саясат орталығының сарапшысы Аманда Пол.

БАТЫС УКРАИНАҒА КӨМЕКТЕСЕ АЛА МА?

Бұл сауалға жауап беру үшін де ЕО пен АҚШ екі факторды саралап алуы керек. Біріншіден, олардың өз экономикасы да рецесссияны бастан өткеріп, енді ғана ес жинай бастады. АҚШ-та үкімет экономикаға ақша салуды жеңілдетті, Еуропа елдерінің біразы экономикалық қиыншылықпен күресті.
Бірақ Аманда Полдың айтуынша, Батыс елдері жетекшілері украиналықтардың Еуропамен бірге болу үшін өздерін құрбандыққа шалғанын ескереді.

– Брюссель мен ЕО басшылары еуропалық болашақ үшін бастарын қатерге тіккен адамдарды еске алып, біраз қаржы салуға міндетті. Егер олар сараңдық танытып, «бізде ақша жоқ» десе, бұл өте нашар нышан болатын еді, – дейді сарапшы.

Чарльз Рекнагельдің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG