Accessibility links

Украин полициясы мен шерушілерінің соғыс құралдары


Киевтегі қақтығыс. 22 қаңтар 2014 жыл.
Киевтегі қақтығыс. 22 қаңтар 2014 жыл.

Киевте қаңтардың 19-ынан бері полиция мен шерушілер арасындағы қақтығыс жалғасып жатыр. Бұл оқиғадан бірнеше адам көз жұмды.

Киевтегі наразылық кезінде кем дегенде екі шеруші оққа ұшып қаза тапты. Ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша, ОМОН-ның (ерекше мақсаттағы милиция жасағы) 100 қызметкері жараланған.

Бейбіт мақсаттағы шерушілер Тәуелсіздік алаңына жиналса, радикалды ұстанымдағы наразылық танытушылар олардан 1500 метр төмен тұстағы Грушевский көшесінің бойында орналасқан.

ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚАРУЫ

Құпия оқ


Қаңтардың 19-ы күні бұқаралық наразылық шеруінен кейін қақтығыс басталған кезде полиция резеңке оқ тәрізді қарумен атқылады. Қаңтардың 22-сі күні таңға жуық екі шеруші оқ тиіп, қаза тапты. Сол кезде полицияны «кәдімгі оқ-дәріні қолданды» деп айыптағандар болды. Kyiv Post газетінің редакторы Кристофер Миллер мына суреттегі оқтың шерушіге тигенін көргенін айтады.

Бұндай оқтар басқа да суреттерде жарияланып, қаңтардың 22-сі күні әлеуметтік желіге шықты. Олар аңшылыққа шыққанда пайдаланатын оқ-дәріге ұқсайды деседі.

Шерушіні қорлау

Қаңтардың 23-і күні Украинаның ерекше мақсаттағы арнайы жасағы көшенің ортасында бір жалаңаш ер адамды ұстап тұрған видео жарияланды. Ер
Полицейлер өртенген көлік алдында суретке түсіп тұр. Киев, 22 қаңтар 2014 жыл.
Полицейлер өртенген көлік алдында суретке түсіп тұр. Киев, 22 қаңтар 2014 жыл.
адамның аяқ киімі ғана бар. Полиция қызметкерлері онымен бірге суретке түсіп тұр. Денесінің бәрі көгеріп кеткен жігітті полиция көлігінен түсірер алдында тепкен тәрізді. Украинаның ішкі істер министрлігі осы оқиға үшін кешірім сұрады.

Ұятсыз қимыл

Украина арнайы жасақтарының шерушілерге қарсы қорлау әрекеттерін бейнелеген бірнеше бейне көріністер де интернетте жарияланды. Қаңтардың 22-сі күні Азаттық тілшілері түсірген мына видеода полиция қызметкерлерінің тас пен жанғыш қоспасы бар шөлмек лақтырған шерушілерге жақындап, ерсі қылықтар жасағаны көрсетілген. Полиция қызметкері тасты алып, қайтадан шерушілерге лақтырады.

Су атқыштар мен шоқпарлар

«Еуромайдан» наразылық шеруі басталған қараша айының соңында полиция Тәуелсіздік алаңындағы бейбіт шерушілерге шоқпар сілтеген болатын. Содан кейін ОМОН өкілдері сойыл жұмсамады. Бірақ осы аптада күш көрсету жаңа қарқын алды. Қаңтардың 22-сі күні украин үкіметі наразылық танытушыларға қарсы су атқыштар қолдануды да мақұлдады. Олар түнде ауа-райының 10 градусқа дейін суытатына да қарамады. ОМОН қызметкерлі су атқыштарды «шерушілер жаққан өртті өшіру үшін ғана қолданамыз» дейді.

ШЕРУШІЛЕРДІҢ ҚАРУЫ

Жанғыш қоспасы бар шөлмек


Жанғыш қоспасы бар шөлмекті шерушілердің радикалды ұстанымдағы топтары қолдана бастады. Интернет пен украиндық телеарналарда полицейлерге жанғыш
Шерушілер. Киев, 23 қаңтар 2014 жыл.
Шерушілер. Киев, 23 қаңтар 2014 жыл.
қоспаны лақтырып, жапа шеккендердің ауруханаға түскені туралы видео жарияланды. Арнайы жасақ қызметкерлері де шерушілерге қарсы жанғыш қоспасы бар шөлмекті лақтырған.

Тас лақтырғыш құрал

Грушевский көшесіндегі шерушілер қаңтардың 20-сы күні ОМОН жасағына қарсы қолдану үшін тас лақтыратын құрал (катапульта) жасады. Оның шерушілер үшін тиімді соғыс құралы болары күмәнді. Қаңтардың 22-сі күні полиция қызметкерлері ең алдымен ағаштан жасалған тас лақтырғышты өртеді.

От

Қаңтардың 19-ынан бастап Грушевский көшесінен Тәуелсіздік алаңына дейінгі аумақты қамтыған қара түтін аспанды торлап алды. Радикалды мақсаттағы шерушілер полицияның екі автобусы мен төрт көлігін өртеп жіберді. Содан бері олар ОМОН мен шерушілер арасын бөлу үшін дезеңке доңғалақтар мен қоқыс үйінділерін қолданатын болды.

Азаттық тілшісі Гленн Кейтстің мақаласын аударған – Динара Әлімжан.
XS
SM
MD
LG