Accessibility links

Луганск «министрі» мультфильмге бола ату жазасын сұраған


Ирина Филатованың "ВКонтакте" әлеуметтік желісіне жариялаған суреттерінің бірі.

Ирина Филатованың "ВКонтакте" әлеуметтік желісіне жариялаған суреттерінің бірі.

Өзін-өзі жариялаған «Луганск халық республикасының» «мәдениет министрі» саналатын әйел киевтік жазушыны сотқа беріп, өлім жазасына кесуді сұрағаны жайлы ақпарат тарады.

Луганскідегі жаңалық агенттігінің ақпаратына қарағанда, өзін-өзі жариялаған «Луганск халық республикасында» жала жапқан адам аса қатаң жазаға тартылуы мүмкін. Әсіресе жапа шегуші өзін-өзі сайлап алған мәдениет министрі Ирина Филатова болмасын деңіз.

​Агенттіктің ақпаратына қарағанда, Филатова өзінің бұрындары қоғамдық орындарда жартылай жалаңаш түскен суреттерін әжуаға айналдырған сатиралық мульфильмге наразы.

Украиналық әнші әрі жазушы Ирена Карпа жасаған үш жарым минуттық «Ватница-мутантка» мультфильмінде Ирина Филатова жартылай жалаңаш күйінде («ВКонтакте» парақшасына өзі жариялап, кейіннен алып тастаған фотосына ұқсайды – ред.) бейнеленген.

«Луганский радар» жаңалықтар сайтының жазуынша, Ирина Филатова арыз-шағымында Ирена Карпаны ату жазасына кесуді және 50 мың рубль (1 мың 230 доллар) айыппұл төлетуді сұраған.

САЯСИ САТИРА

Үш жарым минуттық мультфильмде Ирина Филатованың «ВКонтакте» желісіне салған жалаңаш суретіне ұқсас көріністер бар. Филатова шағымында «соның кесірінен ұйқысы бұзылып, денсаулық жағдайы нашарлап жүргенін» жазған.

Шағым түскені туралы жаңалық Украина мен кейбір Батыс баспасөздерінде жарияланғанымен, сканерленген құжаттар Киевтегі жаңа үкіметке іш тартатын «Луганский радар» сайтында ғана шықты. Сайттың түпнұсқа ақпаратында құжаттарды «полиция өкілі» бергені жазылған.

Бірақ шағымға қосымша тіркелген материалдар саяси сатираға келіңкірейді. Онда әлеуметтік желіден алынған суреттер мен «тәртіп бұзған» мультфильмнің скриншоттары бар.

МУЛЬТФИЛЬМНІҢ ЖАЛҒАСЫ БАР

Филатованың өзі бұл ақпараттарға қатысты пікір білдірмеді, бірақ мәскеулік Slon.ru сайтының жазуынша, «Луганск халық республикасының» баспасөз хатшысы Филатованың мәдениет министрлері емес екенін айтқан.

Ал Карпа Филатованың қоқан-лоқысын елемейді. Ол Facebook парақшасына кекесінмен «Ой, қатты қорқып отырмын» деп жазып, мультфильмнің жалғасын түсіруге уәде берді.

(Гленн Кейтстің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG