Accessibility links

Батыс пен Ресей Украинадағы жағдайды талқылады


Донецкідегі ресейшіл шерушілер. Украина, 8 сәуір 2014 жыл.

Донецкідегі ресейшіл шерушілер. Украина, 8 сәуір 2014 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 7 сәуірде телефон арқылы Украинадағы жағдайды талқылады деп хабарлады АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псаки.

Телефонмен әңгімеде Керри Лавровқа АҚШ-тың Харьков, Донецк, Луганск және Мариупольдегі соңғы бір тәуліктегі жағдайларды алаңдаушылықпен бақылап отырғанын айтқан. Керридің сөзіне қарағанда, "Украинаның шығыс аймақтарындағы оқиғалар өз ішінен пайда болып, дамығанға ұқсамайды".

Джон Керри бұған қоса таяуда ғана Украинада әрекет еткен Ресей барлау қызметі өкілдерінің ұсталғанын меңзеп, украин билігінің "соңғы кездегі оқиғалар Ресейдің астыртын ұйымдастыруымен болып жатыр" деген болжамына назар аударған.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Украина үкіметінің өкілдері үкімет ғимараттарын босату және шиеленісті бәсеңсіту жайында келіссөздер жүргізу үшін тәртіпсіздіктер болып жатқан қалаларға кетіп жатқанын айтқан. Ол Ресейді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Париж, 31 наурыз 2014 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Париж, 31 наурыз 2014 жыл.

сепаратистердің, диверсанттар мен арандатушыларға дем беруді тоқтатып, диалогқа шақырды. Мемлекеттік хатшы Украинада бұдан ары тұрақсыздық орнату әрекеттері Ресейге қосымша зардап келтіретінін ескерткен.

Лавров пен Керри таяу он күн ішінде Украина, Ресей, АҚШ және Еуропа Одағы арасында шиеленісті шешуге қатысты тікелей келіссөздер өткізу жайын да талқылаған.

НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссен де Украинаның шығысындағы облыстарға басып кіру әрекеті Мәскеу үшін "тарихи қателік" болады деп ескертіп, Ресейге Украинамен шекарадағы әскерін әкетуді талап етті. Парижде сөйлеген Расмуссен Ресейдің Украина ішкі ісіне бұдан ары да араласуы Мәскеу мен НАТО-ның қарым-қатынастарына "ауыр зардап келтіретінін" және Ресейдің халықаралық қауымдастықтан оқшаулана түсуіне әкеп соқтыратынын айтты.

Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Ресей Украинаның шығысындағы тұрақсыздықты ұйымдастырып отыр" деген айыптауды жоққа шығарды. Ол Мәскеудің Украина, Ресей, АҚШ және Еуропа Одағының қатысуымен өтетін келіссөзге қатысуға дайын екенін білдірді.

6 сәуірде ресейшіл топтар Донецк облыстық әкімшілігі мен Харьков қалалық Харьков облыстық әкімшілігі маңында төбелесіп жатқан ресейшіл белсенділер. Украина, 7 сәуір 2014 жыл.

Харьков облыстық әкімшілігі маңында төбелесіп жатқан ресейшіл белсенділер. Украина, 7 сәуір 2014 жыл.

әкімшілігін, Луганск қаласында Украина мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің бөлімшесін басып алған.

7 сәуірде Донецкіде облыстық әкімшілік ғимаратын басып алған ресейшіл күштер "Донецк халықтық республикасын" жариялады. Өзін-өзі жариялаған "Донецк республикасы" кеңесі шерушілерге күш көрсетілсе, аймаққа "уақытша бітімгершілік контингентін кіргізуді" сұрап, Ресей президенті Владимир Путинге өтініш білдірді.

8 сәуірде Украинаның ішкі істер министрі Арсен Аваков Харьков қаласында антитеррористік операция жүріп жатқанын хабарлады. "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Аваков мұнда қалалық әкімшілік ғимаратын басып алғаны үшін "70 сепаратист" тұтқындалып, қала орталығы қоршауға алынғанын айтқан.

Бұл хабардан кейін Ресей Киевке "ресейшіл наразы топтар үкімет ғимараттарын басып алған Украинаның шығысындағы бірнеше қалада күш қолдану елдің азаматтық соғысқа ұрындыруы мүмкін" деп ескертті. Ресейдің сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемесінде "Біз азамат соғысының тұтануына соқтыратын кез-келген әскери әрекеттерді дереу тоқтатуға шақырамыз" делінген.
XS
SM
MD
LG