Accessibility links

Ресей мен Украинаның газ дауына Еуропа алаңдайды


Украинадағы газ қоймаларының бірі. 21 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Украинадағы газ қоймаларының бірі. 21 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Еуропа Одағының Украинадағы жағдайға алаңдауына көптеген себептер бар. Соның ішінде аса маңыздысы – Ресейден газ тасымалдау мәселесі.

Еуропа Одағы (ЕО) газдың үштен бірін Ресейден алады, соның жартысы Украина аумағы арқылы өтетін газ құбырымен келеді.

Мәскеу «Киев қарызын төлемесе, табиғи газ тасымалын тоқтатамыз» деп доқ көрсетті. Бұл даудан ЕО да жапа шегуі мүмкін. Азаттық тілшісі осы мәселеге қатысты бірнеше сауалға жауап іздеді.

ЕО НЕГЕ АЛАҢДАЙДЫ?

ЕО-ның алаңдауына Батыс Украинадағы табиғи газ қоймасының бос тұрғаны әсер етеді. Әдетте жаз кезінде Украина үлкен газ қоймасын Ресей газына толтырады. Себебі қыста Ресейден келетін газ ағыны жергілікті сұранысты қанағаттандыруға жете қоймайды.

Бірақ биыл Мәскеу мен Киев арасында газ бағасына қатысты керіс туғандықтан, осы жазда қойманың толуына ешкім кепіл емес. Егер Украинаның қысқа арналған қоймалары толмаса, күн суытқанда мұқтажын Еуропаға арналған газбен өтеуі мүмкін.

Газ сарапшылары қыркүйекке қарай қоймалар шамамен 12 миллиард текше метрге толуға тиіс дейді. Украина ол газды сатып алуға тырысады, ал Ресей «Киев маусымдағы тасымал үшін 31 мамырға дейін алдын ала төлем жасамаса, жаңа газ тасымалы болмайды» дейді.

Ресей Украинаның газға 3,5 миллиард доллар қарыз екенін ескертті. Оның үстіне осы жылдың сәуір айында Мәскеу газ бағасын екі есе қымбаттатты. Киев бұл бағаны шектен тыс деп бағалап, «нақты, нарықтық бағасын ғана төлейміз» деді.

МӘСКЕУДІҢ БРЮССЕЛЬГЕ ЕСКЕРТУІ МЕ?

Мәскеу табиғи газ дағдарысы арқылы Брюссельге «Киевтің қазіргі үкіметі сенімсіз, оны қолдасаң өзің қиналасаң» деп ескерту жасаған тәрізді.

Оксфордтағы энергетикалық зерттеулер институтындағы табиғи газды зерттеу Ресейдің сол кездегі президенті Дмитрий Медведев Еуропаға тартылған "Солтүстік ағыс" газ құбыры құрылысын бастау шарасында. Выборг, 9 сәуір 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейдің сол кездегі президенті Дмитрий Медведев Еуропаға тартылған "Солтүстік ағыс" газ құбыры құрылысын бастау шарасында. Выборг, 9 сәуір 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

бағдарламасының жетекшісі Джонатан Стерн Ресей бұрын Украинамен екі жақты газ соғысын жүргізсе, енді оған Еуропаны қосты дейді.

- Киевтегі билік ауысқаннан бері Ресейдің ұстанымы «Еуропа, бұл - сендердің мәселелерің. Қазір сендер осы тарапты таңдадыңдар. Олардың ісін мақұлдайсыңдар. Осы мәселені өздерің шешіңдер. Қарызға ақша бердік пе, енді оны алуымыз керек» дегенге саяды, - дейді ол.

Киевте ақша жоқ болғандықтан, Мәскеу оның қарызын Батыс өтейтін болар деп күтеді. Халықаралық қаржы қоры (ХҚҚ) осы айда Украинаға 17 миллиард доллар бөлуге шешім қабылдады, оның 3,2 миллиарды бірден беріледі. Бұл ақша Украинаның Ресейге берешек қарызын төлеуге жұмсала ма, жоқ па - ол жағы белгісіз.

ГАЗ ДАҒДАРЫСЫ КҮШЕЙЕ БЕРЕ МЕ?

Украинаның газына талас Ресей мен Батыстың қарым-қатынасы нашарлаған кезеңге тап келді. Батыс Ресей президенті Владимир Путиннің жақын одақтастары мен Украинадағы сепаратизм жетекшілеріне санкция салды. ЕО газбен қоқан-лоққы жасауды Брюссельдің келесі қадамына кедергі келтірмек Мәскеудің бір амалы деп көреді.

Берлиндегі халықаралық қатынастар бойынша Еуропа кеңесінің Ресей бойынша сарапшысы Стефан Майстер Украинадағы дағдарыс кезінде Мәскеу Ресейдің Сібірдегі газ кендерінің бірі. 23 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейдің Сібірдегі газ кендерінің бірі. 23 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

шегінбейтінін көрсеткенін айтады.

- Украинадағы дағдарысты бақылай отырып, Ресейдің шиеленісті ушықтыруда тайсалмайтынын байқадық. Энергиямен қамтамасыз етуге келгенде де олар өршелене түседі, - дейді сарапшы.

Бірақ Мәскеу газ соғысын өршіткен сайын өзінің қаржылық мүддесіне зиян келтіруі мүмкін. Майстер Ресейдің Еуропа нарығына қатты тәуелді екенін айтады.

- Ресей Еуропаны тұтынушы ретінде жоғалтып алмайтындай шешім қабылдауға тиіс. Сондықтан Еуропаға газ экспорттауда Украина құбырын пайдаланудан үміттерін үзген жоқ, мәмілеге келуден кетәрі емес, - дейді ол.

Бұл Ресей Украинаға газ жіберуді тоқтатса, ол бірнеше аптаға ғана созылады дегенді білдіреді. Бұрын да осындай жағдай болған. 2009 жылы Мәскеу Украинаға екі апта газ жібермеген кезде ЕО, оның ішінде шығыс аймақтар зардап шекті.

Оның үстіне, ЕО Ресей газы тоқтаса Украинаның амалдауына қажетті шараларды қарастырып жатыр. Оның бір жолы Украинаға керек газдың 8 миллиард текше метрін жинап алу үшін Шығыс Еуропадағы Словакия, Польша және Венгрияның қорын кәдеге жарату. Украина жылына 30 миллиард текше метр газ тұтынады.

ЕУРОПА ҚАНШАЛЫҚТЫ ЖАПА ШЕГЕДІ?

Энертегика саласындағы сарапшылардың пікірінше, Еуропада қыс жылы болғандықтан, газ қоры әлі мол. Сондықтан Украинаға газ тасымалдау уақытша Германия, Франция, Нидерланд және Ресей басшылары "Солтүстік ағыс" газ құбырының ашылу салтанатында. Германия, 8 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Германия, Франция, Нидерланд және Ресей басшылары "Солтүстік ағыс" газ құбырының ашылу салтанатында. Германия, 8 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

тоқтатылса да, ЕО біраз уақыт төтеп бере алады. 2009 жылға қарағанда оның мүмкіндігі көп. Оның үстіне, ЕО өкілдері ресейлік газға балама іздеп, АҚШ-тан тақтатас газы немесе сұйытылған табиғи газ тасымалдау туралы айта бастады. Бірақ бұлардың ешқайсы Еуропаның газ соғысына қарсы тұратын қаруына айналмауы да мүмкін.

Сарапшы Стерннің пікірінше, «ЕО пен Ресей арасындағы келісім-шарт екі жаққа да тиімді, сондықтан экономикалық байланыстарын күрт өзгертсе, екеуі де жапа шегеді».

- Еуропа Ресей газына қандай балама таба алады деген әңгімелер соңғы аптада көп айтылды. Бірақ 10 жылдай уақыт өтпейінше, ол балама таба алмайды. Егер екі жақты келісім-шарттар күшін жойса, арбитражды сот арқылы жүздеген миллиард еуро төленеді, - дейді ол.

ЕНДІ НЕ БОЛАДЫ?

Қазір Ресей, Украина және ЕО-ның энергетика жөніндегі жауапты тұлғалары келіссөз жүргізіп жатыр. Мамырдың 2-сі күні Варшавада өткен үш жақты кездесу нәтиже бермеді. ЕО-ның энергетика мәселелері бойынша комиссары Гюнтер Эттингер «соңғы тұтынушы үшін энергетика қауіпсіздігіне кепілдік жоқ екенін түсініп, уайымдай бастағандарын» айтады.

Енді үш тарап мамырдың ортасы мен соңында тағы да кездеседі.

Азаттық тілшісі Чарльз Рекнагельдің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.
XS
SM
MD
LG