Accessibility links

Украин шенеуніктердің ішінде «Көртышқан» да, «Тәуіп» те болған


Украиналық шенеуніктердің лақап аттары жазылған парақ. 26 ақпан 2014 жыл.
Украиналық шенеуніктердің лақап аттары жазылған парақ. 26 ақпан 2014 жыл.

Януковичтің күзетшілері украиналық шенеуніктерге қандай лақап ат қойғаны мәлім болды. Қызық деректі «Оңшыл сектор» тобының өкілдері жариялады.

Украинаның қызметінен қуылған бұрынғы президенті Виктор Януковичтің құжаттарын ақтарған Еуромайдан белсенділері мен журналистер оның қауіпсіздік қызметі дайындаған тізімді тауып алды. Ол тізімде жоғары лауазымды шенеуніктер мен саясаткерлердің лақап аттары жазылған.

«КІШКЕНТАЙ БАЛЫҚТАН» «БҮРКІТКЕ» ДЕЙІН

Януковичтің күзет қызметі вице-премьер Сергей Арбузовты «Кішкентай балық» деп атапты. Президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Андрей Клюевті аты-жөнінің бас әріптерін қысқартып, «АПК» деп жазған.

Украинаның бас прокуроры Виктор Пшонко «Екимов», Украина қауіпсіздік қызметінің бастығы Александр Якименко «Якут» деген лақап атқа ие болған. Қорғаныс министрі Павел Лебедев «Бүркіт» атанған.

Еуромайдан белсенділері халыққа қарсы оқ атқаны үшін сынаған бұрынғы ішкі істер министрі Виталий Захарченко «Тәуіп» деген лақап есімнің иесі болған. Ресейшіл саясаткер, әрі бизнесмен Виктор Медведчук «Ескі көрші», ал оның Новый Петривцидегі көршісі, оппозиция жетекшісі Арсений Яценюк «Жаңа көрші» аталған.

Қауіпсіздік қызметінің бұрынғы жетекшісі Игорь Калинин «Киевстар», әділет министрлігінің бұрынғы басшысы Александр Лавринович «Көртышқан» деген лақап атқа ие болған.

«Аймақтар партиясының» депутаттары Сергей Кивалов «Радиоглаз» деген жұмбақ атаумен сипатталады. Оның әріптесі Сергей Ларинге «05» деген нөмір бұйырыпты. Украина мемлекеттік күзет басқармасының лақап аттары айтарлықтай қызық емес – басқармасы жетекшісі «Киев» болса, оның бірінші орынбасары «Киев 1» аталған.

Кэтлин Мурдың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.
XS
SM
MD
LG