Accessibility links

Наразылыққа қарсы заңдағы шектеулер


Халықтық шеруді шектейтін заңға қарсылық танытушылар милиция күшіне "Молотов коктейлі" құйылған шөлмектер лақтырып жатыр. Киев, 20 қаңтар 2014 жыл.

Халықтық шеруді шектейтін заңға қарсылық танытушылар милиция күшіне "Молотов коктейлі" құйылған шөлмектер лақтырып жатыр. Киев, 20 қаңтар 2014 жыл.

Украинада көше шерулерін ауыздықтауға бағытталған заңға президент Виктор Януковичтің қол қоюы елде билікке наразылықты бұрынғыдан да күшейтіп жіберді.

Украинада екі ай бойы жалғасып жатқан үкіметке қарсы наразылықтар шырқау шегіне жетті. Жексенбі және дүйсенбі күндері көшеде наразылар мен милиция жасағының арасындағы қақтығыстардан бірнеше ондаған адам зардап шекті.

Президент Виктор Януковичтің билігіне қарсылық танытушыларды үкімет тағы да қауіпсіздік күштерінің көмегімен баспақ болды.

Халықаралық қауымдастық сынаған заңға Януковичтің қол қоюы Украинадағы онсыз да шиеленіскен жағдайды тіпті ушықтырып жіберді.

Таяқ ұстаған наразы жұрт милиция жасағына қарсы тұр. Киев, 20 қаңтар 2014 жыл.

Таяқ ұстаған наразы жұрт милиция жасағына қарсы тұр. Киев, 20 қаңтар 2014 жыл.

Президент Янукович жұма, қаңтардың 17-і күні қолданыстағы заңдарға ондаған түзетулер енгізді. Оның көбі көшедегі шерушілерді ауыздықтауға бағытталған. Заң жобасын бір күн бұрын парламент көпшілік дауыспен қабылдаған еді.

Билік қабылдаған жаңа заң бойынша, Азаматтық қауымдастықтар туралы заң, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі, Телекоммуникациялар туралы заң және Салық кодексі сияқты бірнеше заңдар мен кодекстерге түзетулер енгізілді.

Украина қоғамында дау туғызған жаңа заңға сәйкес:

  • Ғайбат айту, жала жабушыларды қылмыстық жауапқа тартып, олардың әрекетін «экстремистік әрекет» деп тану көзделген. Мысалы, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе басқа жолмен «бұқаралық бас көтеруге» шақыратын «экстремистік қағаздарды» шығару немесе бірлесіп қолдану іс-әрекеттері үшін айыппұл салынады және үш жылға дейін бас бостандығынан айрылады.
  • Қоғамдық шеруде бетперде немесе шлем киюге тыйым енгізілді, оларды кигені үшін 520 доллар мөлшерінде айыппұл салынады немесе 15 күнге қамалады.
  • Полицияның рұқсатынсыз бес автокөліктен көп көлікпен шеруге шығу құқық бұзу болып саналады. Бұндай іс-әрекет үшін 100 доллар шамасында айыппұл салудан бастап автокөлікті тәркілеу, жүргізуші куәлігінен екі жылға дейін айыру сияқты жазалар қолданылады.
  • Шеру кезінде рұқсат етілмеген сахналар мен шатырлар құруға тыйым салынады, оны бұзғандарға 620 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке қамалады.
  • Белгілі бір заң бұзушылық түрлеріне қатысты жауапкершілік қатаңдай түсті. Мысалы, тұрғын үйге кіруге бөгет жасау қылмыс саналады, ол үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
  • Тұрғындарға хабар-ошар жеткізетін барлық бұқаралық ақпарат құралдары бұдан былай «ақпараттық агенттік» деп тіркелуі тиіс. Сарапшылар "қылмыстық астары бар" деп тапқан ақпаратты таратқан интернет пайдаланушылар енді интернетті пайдалана алмайды.
  • Шетелдік қорлар, ұйымдар қаржыландыратын, «саяси шараларға» қатысатын үкіметтік емес ұйымдар «шетелдік агенттер» деп тіркелуге тиіс. Бұндай топтар өз атауы мен барлық материалдарында «шетелдік агент» дегенді көрсетіп, кіріс салығын төлеуге міндетті. «Шетелдік агенттер» үш ай ішінде тіркеле алады, талапты орындамаған жағдайда ұйым таратылады.
  • Парламент депутатты дербес құқығынан арнайы парламенттік комиссияның келісімінсіз айыра алады.

Антуан Блуаның материалын аударған – Динара Әлімжан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG