Accessibility links

Луганск оқиғасын екі бөлек сипаттаушылар


Луганскідегі ресейшіл қарулы топ мүшесі. 2 маусым 2014 жыл

Луганскідегі ресейшіл қарулы топ мүшесі. 2 маусым 2014 жыл

Украина - Ресей текетіресі ушыққан сайын ақпараттық соғыс та өршіп барады. #UkraineUnspun жобасы екі елдің БАҚ-тары, саясаткерлері мен белсенділерінің ақпаратын салыстыра сараптады.

ШАБУЫЛ

2 маусым күні таңертең қарулы жасақ Украинаның оңтүстік-шығысындағы Луганск облысына қарасты шекара өткеліне шабуыл жасады.

Украина шекара қызметінің әлі нақтыланбаған деректеріне қарағанда, бұл операцияға 400-ге тарта бүлікші қатысқан. Украин әскері бүлікшілердің «егер постарыңды тастап, өз еріктеріңмен берілсеңдер, аман-есен босатамыз» деген ұсынысына көнбеген.

Украина шекара қызметінің осы оқиға жөніндегі видеосы да жарияланды.


Бүлікшілердің өздері шекара өткеліне шабуыл жасағандарын мойындап отыр. Ал Ресейдің қауіпсіздік қызметімен байланысы бар деп саналатын, Кремльдің саясатын қолдайтын LifeNews интернет видеожаңалықтар қызметінің оқиға туралы түсінігі мүлде басқа.

LIFENEWS «ДЕРЕКТЕРІ»

"[Украина] Ұлттық гвардиясы оңтүстіктегі Луганск қаласында ұрыс бастады. Олар тек шағын қару емес, артиллерияны да қолданып жатыр" дейді диктор.

Бұдан соң атыс маңында орналасқан көп қабатты үйден Алексей Репин есімді журналист байланысқа қосылады.

"[Украин] арнайы күштері шабуылды қашан бастады және қазір не болып жатыр?" деп сұрайды жүрізуші.

Атыстың дауысы естіледі, сол аралықта Репин:

"Бұл маңнан 200 метр жерде Украина шекара қызметінің әскери гарнизоны орналасқан. Онда келісім-шартпен жұмыс істейтіндерді, әскери борышын өтеуге шақырылғандарды, ұлттық гвардия сарбаздарын қосқанда жалпы саны 200-дей жауынгер бар. "Мұнда «Оңшыл сектордың» адамдарды да келді" деген ақпарат бар" деп жауап береді.

БАЛАМА ДЕРЕКТЕР

Мәскеу «фашизмді насихаттап отыр» деп Ресейді айыптаған Украинаның әсіреұлтшыл тобы «Оңшыл сектордан» құбыжық жасап қойды. Кезектен тыс президент сайлауына осы топтың атынан түскен Дмитрий Ярош сайлауда бар болғаны 1 пайыз дауыс жинағалы «Оңшыл сектор» барлық жерде соғысып жатыр» деген жалған ақпаратқа жұртты сендіру қиындап кетті.

Журналист тіпті «Оңшыл сектор» тапанша, снайперлік қару және гранатометтерді пайдаланып таңғы сағат төртте ауылға шабуыл жасады» деді. Бұдан соң камера жергілікті халықты көрсетеді. Тілшінің айтуынша, олар – жұмысына асығып бара жатқан тұрғындар.

Луганскіде болған оқиғаның басқа нұсқасын көргіңіз келсе, мына материалды ашыңыз.

Глэн Кейтстің материалын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG