Accessibility links

Путин-Назарбаев телефон әңгімесін Ақорда жарияламады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Екатеринбург, 11 қараша 2013 жыл. (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Екатеринбург, 11 қараша 2013 жыл. (Көрнекі сурет).

Қырымдағы референдумнан соң Ресей президентінің сайтында жарияланған «референдумға оң баға беруші Путин-Назарбаев телефон әңгімесін» Ақорда әлі жарияламай отыр.

Қырымда ресейшіл күштер ұйымдастырған референдум өте салысымен наурыздың 16-сы күні кешке Ресей президентінің ресми сайты Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады. Бұл ақпаратқа қарағанда екі президент «Украинадағы жағдайды талқылап, Қырымда өтіп жатқан референдумға ерекше назар аударған. Референдумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны атап өтіліп, Қырым тұрғындарының аса маңызды мәселе бойынша өз ойын еркін білдіруге мүмкіндік туғызылғанына көңіл толатыны айтылған».

Ресей президентінің сайтында жарияланған бұл ақпаратты бірқатар ресейлік және қазақстандық бейресми ақпарат құралдары көшіріп басып, әлеуметтік желілер талқылай бастады. Алайда Қазақстан президентінің ресми сайты мен өзге де мемлекеттік ірі БАҚ-тарда Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің Қырымдағы референдум туралы телефон арқылы сөйлескені жөнінде ақпарат жарияланған жоқ.

Бүгін таңертең Азаттық тілшісімен сөйлескен Қазақстан президенті баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі Ержан Нүкежанов екі ел президенттерінің телефон арқылы сөйлескендерін растап, «Ресей президенті сайтында жарияланған Қырымдағы референдум нәтижесі жария болған соң парламент алдында бұрынғы СССР туын ұстап тұрған адам. Симферополь, 17 наурыз 2014 жыл.

Қырымдағы референдум нәтижесі жария болған соң парламент алдында бұрынғы СССР туын ұстап тұрған адам. Симферополь, 17 наурыз 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырымдағы референдумға қолдау көрсетті» деген сыңайдағы ақпаратты көріп отырғанын және Қазақстан президенті бұған қатысты қандай ұстанымда болғаны туралы ақпараттың сайтта жарияланатынын» хабарлады. Бірақ бұл материал жарияланар кезге дейін, яғни наурыздың 17-сі күнгі кешкі 17.00-ге дейін (Астана уақыты) Ақорданың сайтында телефон әңгімесі туралы мәлімет жарияланбады.

Наурыздың 16-сы күні Украинаның Қырым автономиялық республикасында ресейшіл саяси күштердің бастамасымен өлкенің саяси мәртебесі туралы жалпыхалықтық референдум өткен еді. Қырымның билік өкілдері дауыс берушілердің басым көпшілігі автономиялық республиканың Украина құрамынан шығып, Ресейге қосылу туралы ниет білдіргенін хабарлаған.

Осыған дейін де Қазақстан президенті мен Ресей президентінің баспасөз қызметтері екі президенттің өзара байланыстары туралы екі түрлі хабар таратқан еді.

Ресей президенті баспасөз қызметі наурыздың 10-ы күні жариялаған ақпаратқа қарағанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев наурыздың 10-11 күндері Ресейге ресми сапармен келуі тиіс болған. Бұл ақпаратты да қазақстандық және ресейлік ақпарат құралдары көшіріп, жаппай таратты.

Бірақ Қазақстан президентінің сайтында «ресми сапар» туралы сөз болған жоқ. Наурыздың 11-і күні Азаттық тілшісі хабарласқанда Қазақстан президенті баспасөз қызметінің өкілі Ержан Нүкежанов «президент Нұрсұлтан Назарбаев Қырымның тәуелсіздігі туралы қаулы мен автономияның Ресей құрамына қосылуын сұраған үндеуді Қырым парламентінің 85 депутат қолдады. Симферополь, 17 наурыз 2014 жыл.

Қырымның тәуелсіздігі туралы қаулы мен автономияның Ресей құрамына қосылуын сұраған үндеуді Қырым парламентінің 85 депутат қолдады. Симферополь, 17 наурыз 2014 жыл.

наурыздың 11-і күні Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің» Мәскеудегі отырысына қатысатыны туралы бұрын жоспар болғанын, бірақ Кеден Одағы елдерінің жетекшілері қатысқан ол отырыс наурыздың 5-іне өтіп кеткенін» хабарлады. Сол күні түстен кейін президент әкімшілігі Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанда екенін, Ресейге бармағанын» ресми түрде растады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин Украина билігінен Виктор Янукович шеттетілгелі бір рет кездесіп, екі рет телефон арқылы сөйлесті.

Наурыздың 10-ы күні телефон арқылы сөйлескенде Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның стратегиялық серіктес ретінде Украинадағы аз ұлттар құқығын, өзінің қауіпсіздігінің мүддесін қорғайтын Ресейдің ұстанымына түсіністікпен қарайтынын атап өткен. Сонымен қатар ол «Украинадағы дағдарысты егемендікті сақтау негізінде және халықаралық құқық нормаларына сәйкес бейбіт жолмен реттеу қажеттігі» туралы пікірін білдірген.

Одан бөлек өткен аптадан бері Қазақстан президентінің Ресей-Украина дағдарысы кезінде арағайындық жасау әлеуеті туралы да мәлімдемелер пайда болды. Украинадағы саяси ахуалға қатысты соңғы бірнеше күннің ішінде президент Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамамен, Германия канцлері Ангела Меркельмен және Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен телефон арқылы әңгімелескен.
  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG