Accessibility links

Украиналық екі әженің екі түрлі Пасха дұғасы


Украинада пасха мейрамы кезінде Әулие Михаил шіркеуінде шырақ жағып, дұға қылып тұрған екі әйел. (Көрнекі сурет)

Украинада пасха мейрамы кезінде Әулие Михаил шіркеуінде шырақ жағып, дұға қылып тұрған екі әйел. (Көрнекі сурет)

Украинада елдің екіге жарылуы биыл Пасха мерекесі кезінде айқын білінді. Православ украиндардың бір бөлігі Мәскеу патриархатына қарасты, ал екіншісі - Киевке қарасты шіркеуге барып дұға қылды.

60 жастағы газет редакторы Людмила мен 75 жастағы зейнеткер Елена Андреевнаны ортақтастырып тұрған көп нәрсе бар. Екі әйел де өмірлерінің көбін Киевте өткізген. Екеуі де орыс, әрі христиан дінінің православ бағытын ұстанады. Екеуі де Пасха күні соғыс өрті тұтануға шақ тұрған Украинада бейбітшілік пен түсіністік болсын деп дұға етті.

Осындай ұқсастықтарына қарамастан, екеуінің саяси көзқарастары мүлдем қарама-қайшы, әрі олардың діни рәсімді екі бөлек орында өткізуінің өзі көп жайттан хабар береді.

ӘРКЕЛКІ ДҰҒА

Өзін «орыспын» деп таныстырған 60 жастағы Людмила әжей Мәскеу патриархатына қарасты әйгілі Печерская Лаврада өткен түнгі діни рәсімге қатысты. Пасха түні ол Украинадағы орыстардың өз тілінде сөйлеуіне тең мүмкіндік берілуін тілеп дұға жасады.
Киев патриархатына қарасты Әулие Михаил монастырындағы пасха мерекесі. 20 сәуір 2014 жыл.

Киев патриархатына қарасты Әулие Михаил монастырындағы пасха мерекесі. 20 сәуір 2014 жыл.

Өзін «украиналықпын» деп санайтын Елена Андреевна Киевтегі Әулие Михаилдың Алтын монастырына барып, Ресеймен шекарада тұтана бастаған соғыс өртін өшіруді тілеп, Құдайға жалбарынды.

Людмила әжей Ресейдің Қырымды жаулап алғанына қатты қуанғанын айтты. Ал Елена әжей бұған қатты қапалы. Людмила әжей Ресей президенті Владимир Путинді «жақсы көремін» дейді. Ал Елена әжейдің оған тағар міні көп.

"Құдай Путинге қиратушы даңқы шықпайтындай сана берсін. Ол бейбіт құрылысшы болуы керек. [Орыстар мен украиндар] бауырлас, дос халық еді, енді бәрі өзгеріп келеді. Путинді қолдамаймын. Ол украиндарға көп қасірет шектірді" дейді Елена Андреевна.

ДІНИ ТҰРҒЫДА БӨЛІНІС

Екі әжейдің мысалы көрсеткендей, Украина тек ұлттық, не тілдік негізде ғана екіге бөлініп отырған жоқ. Ақ пен қара дейтіндей анық көрініп тұрмағанымен, елдің діни негізде де қақ жарылып тұрғаны аңғарылады.

Украина халқының басым көпшілігі – христиандар және олардың үштен екісі православ ағымына жатады. Елде үш негізгі православ шіркеуі бар: Киев патриархатына жататын Украина православ шіркеуі; Мәскеу патриархатына жататын Украин православ шіркеуі және көлемі шағын Автокефальдік Украин шіркеуі.

Мәскеу патриархаты орыс православ шіркеуіне, патриарх Кирилге қарайды. Пасхадағы рәсімде ол «қасиетті Ресейді талқандағысы келетіндердің жоспары Үкіметке қарсы шерулер кезінде Киев патриархатының Әулие Михаил монастыры уақытша емханаға айналды. 19 ақпан 2014 жыл.

Үкіметке қарсы шерулер кезінде Киев патриархатының Әулие Михаил монастыры уақытша емханаға айналды. 19 ақпан 2014 жыл.

іске аспасын» деп дұға етті. Мәскеу патриархатына жататын Украин православ шіркеуі елдегі саяси дағдарыс кезінде бейтараптық танытып келді.

Ал Киев патриархатының Украин православ шіркеуі кикілжің барысында белсенді қызмет атқарды. Киевтегі Еуромайдан көтерілістері кезінде Киев патриархатына тиесілі Әулие Михаилдың алтын монастыры уақытша емхана рөлін атқарды және көтерілісшілер келіп бекінетін орынға айналды. Кейбір белсенділер оның ауласында әлі күнге дейін тұрып жатыр.

МАЙДАНҒА КӨЗҚАРАС

Осыдан бірер ай бұрын ғана «Беркут» жасағы Еуромайдан көтерілісшілерін басып тастауға ұмтылғанда Әулие Михаил монастырының қоңырау мұнарасынан дабыл қағылып, Украина ұлттық әнұраны шырқалған еді. Жексенбідегі Пасха мерекесінде осы мұнараға шыққан Украин православ шіркеуі Киев патриархатының басшысы патриарх Филарет Ресейді «агрессия жасады» деп айыптады.

Людмила әже Киев патриархатының «шайтан иектеген» Майданды қолдағанына наразылық танытты. Ол революцияны екінші дүниежүзілік соғыс кезінде украиндарды СССР-ге қарсы күреске шақырған украин ұлтшылы Степан Бандераның жақтастары ұйымдастырды деген Ресей ұстанымын қолдайды.
Тәуелсіздік алаңындағы шатыр ішінде құдайға құлшылық жасап отырған шеруші. Киев, 6 қаңтар 2014 жыл.

Тәуелсіздік алаңындағы шатыр ішінде құдайға құлшылық жасап отырған шеруші. Киев, 6 қаңтар 2014 жыл.

"Билікке кім келді? Ашығын айтсақ, «Бандерастар» келді. Олар оның нышаны мен портретін ұстап жүр. Олардың басты идеясы – қаскөйлік" дейді әжей.

Людмила әжейдің айтуынша, Ресей Еуропаны жайлаған «арсыздыққа православ шіркеуінің құндылықтарын қарсы қоя алатын бастион бола алады». Бірақ ол Украина Ресейге қосылсын деп отырған жоқ.

"Өзім орыспын, сондықтан менің бар үмітім Ресеймен байланысты. Оның үстіне Ресейде біздің дәстүрлі құндылықтарымыз сақталған. Біз неге Еуропа мен Ресейдің бірін таңдауымыз керек? Украина Ресейден кетіп, Еуропаға өткен жоқ па?" дейді Людмила әжей.

Ал Әулие Михаил монастырында дұға етіп отырған Елена құдайдан бейбітшілік пен кешірім сұрайды:

"Осы қасиетті күні біз қазіргідей өте қиын жағдайда тұрсақ та, барлық жан жарасы үшін, бар күнәларымыз үшін баршаның алдында басымызды иіп кешірім сұраймыз. Бізге Құдай жар болсын!"

Том Бэлмфорттың материалын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG