Accessibility links

БҰҰ-да Украинаға дауыс бергенде Астана қалыс қалды


Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин (сол жақта) және Украина сыртқы істер министрі қызметін атқарушы Андрей Дещица (оң жақта). Нью-Йорк, 27 наурыз 2014 жыл.

Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин (сол жақта) және Украина сыртқы істер министрі қызметін атқарушы Андрей Дещица (оң жақта). Нью-Йорк, 27 наурыз 2014 жыл.

БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинадан Қырымның бөлінуі туралы референдумды заңсыз деп танитын қарарды көпшілік дауыcпен қабылдады. Дауыс беру кезінде Қазақстан қалыс қалды.

Наурыздың 27-і күні Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 100 мемлекет «Украинаның территориялық тұтастығы» туралы қарарды қолдап дауыс берді, 58 мемлекет қалыс қалып, 11-і құжатқа қарсы дауыс берді. Қарсы шыққандардың ішінде Армения, Беларусь, Боливия, Венесуэла, Зимбабве, Куба, Никарагуа, Ресей, Сирия, Солтүстік Корея мен Судан бар.

Бас Ассамблеяның сессиясында бірінші болып сөз алған Украина сыртқы істер министрі қызметін атқарушы Андрей Дещица әлемдік деңгейде мойындалмаған Ресейдің Қырымды аннексиялау әрекеті қауіпсіздік бойынша халықаралық келісімдерге елеулі нұқсан келтіргенін айтты.

Украина өкілінен кейін Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин сөз сөйлеп, өз елінің әрекетін ақтап алуға тырысты. Чуркин БҰҰ қабылдаған қарарды «теке-тірес тудырушы» және «Қырымдағы референдумға күмән келтіруші» деп сипаттады.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің қарарынан айырмашылығы – Бас Ассамблеяның қарарына ешбір мүше-мемлекет вето қоя алмайды. Бұл қарар заңды тұрғыда орындалу міндетін жүктемейді, бірақ әлеумдік қауымдастықтың позициясын білдіреді.

БҰҰ Бас Ассамблеясында Украина туралы қарарға дауыс беру:


МӘЛІМДЕМЕЛЕР

Наурыздың 26-сы күні Украина сыртқы істер министрі орынбасары Наталья Галибаренко Қазақстанның Украинадағы елшілігінің кеңесшісі Арғын Оспановқа нота тапсырған.

Онда Гаагада журналистерге брифингте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинадағы оқиғаларға байланысты мәлімдемесіне байланысты Киев алаңдаушылық білдірген. Украина тарабы мұндай мәлімдемелер «жалпыға бірдей халықаралық құқық нормалары мен әлем елдерінің көпшілігінің ұстанымымен үйлеспейтіндігін, екі ел арасындағы әріптестік қарым-қатынасқа қайшы келетінін және Украина тарабы оны қабылдай алмайтынын» білдірген.

Наурыздың 28-і күні Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов Киевтің нота жолдауын Астана "таңданыспен қабылдағанын" мәлімдеді.

– Украина СІМ нотасын жете түсіне алмай отырмыз. Сірә, нота байыпты ойлаудан емес, эмоциядан туындаған сияқты. Президентіміз бірнеше рет, оның ішінде Гаагада Украина дағдарысын жалпы халықтық түрде, барлық тараптардың қатысуымен бейбіт келіссөздер, шынайы демократиялық сайлаулар және ел экономикасын қалыптастыру арқылы реттеуге шақырған. Біз бұл айтылғандардан Украина жағы шамданатындай ілік көріп тұрған жоқпыз, - деді Үсенов Астанада өткен брифингте.

Қазақстан нотаға жазбаша жауап бермейтінін айтқан Үсенов жұма күні Украинаның Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) журналистерге брифинг өткізіп отыр. Гаага, 25 наурыз 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) журналистерге брифинг өткізіп отыр. Гаага, 25 наурыз 2014 жыл.

Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Қазақстанның Украина дағдарысына қатысты ұстанымын айқындау үшін сыртқы істер министрлігіне шақырылатынын айтты.

Наурыздың 25-і күні Гаагадағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит жұмысының қорытындылары бойынша брифинг өткізген президент Назарбаев Украинада «іс жүзінде халық пен ел екі бөлікке бөлініп қалып, нәтижесінде ішкі саяси жағдай бақылаудан шығып кетті» деп айтқан.

«Бүгінгі бірінші кезектегі міндет – құқықтық алаңға қайта оралу, бұл сайлау өткізу дегенді білдіреді. Заңды президентті, парламент пен легитимді үкіметті сайлау керек. Сосын осы негізде бейбіт келіссөздер жүргізіп, қалыптасқан ахуалдан бірлесіп шығу қажет» деген Назарбаев.

САЯСАТКЕРЛЕР ПІКІРЛЕРІ

Қазақстан парламенті депутаты, президентшіл Қазақстан коммунистік халықтық партияның бұрынғы жетекшісі Владислав Косарев БҰҰ Бас ассамблеясында Украинаға қатысты қарарға дауыс беру кезінде Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымы, Кедендік одақ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы және өзге де Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Владислав Косарев. 27 қаңтар 2012 жыл.

Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Владислав Косарев. 27 қаңтар 2012 жыл.

бірнеше аймақтық ұйымдар бойынша жақын серіктесі – Ресейге қолдау танытпағанын сынға алды.

– Егер біз шынымен мәңгі достық пен өзара көмек туралы келісім жасаған болсақ, онда әрқашан бірге болуымыз керек. Ал болмашы бұрылыстарда жалт беру – қораш қылық, - деді Владислав Косарев.

Президентшіл Қазақстан патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымовтың пікірі басқадай.

– Қазақстанның позициясына келсек, халықаралық құқық негізінде БҰҰ-на мүше әрбір мемлекеттің территориясына қол сұғу болмайтыны туралы біз әу бастан мәлімдеп келеміз. Айтпақшы, Абхазия мен Оңтүстік Осетияға қатысты да біз осылай мәлімдегенбіз.

Ғани Қасымов Қазақстанның Ресеймен жақын одақтас болғанымен, БҰҰ Бас ассамблеясындағы дауыс беру кезінде оған қолдау білдірмегенін қарама-қайшылыққа баламайды. Аймақтық деңгейде жасалған келісімшарттар құқықтық Қазақстан патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов.

Қазақстан патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов.

мәртебесі жағынан БҰҰ жарғысымен бекітілген халықаралық құқыққа бағынышты болуы тиіс деп санайды Қасымов.

Наурыздың 19-ы күні Украина сыртқы істер вице-министрі Наталья Галибаренко Қазақстанның сол елдегі елшісі Зауытбек Тұрысбековке «Қырым референдумы» жайлы Астананың мәлімдемесі «Қазақстанның бұрынғы мәлімдемелеріне, соның ішінде Украинаның территориялық тұтастығын сақтауды қолдау қажеттігі туралы жоғары дәрежеде айтылған мәлімдемесіне қайшы келетінін» жеткізген еді.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі 18 наурызда арнайы мәлімдеме жариялап, Қырымда өткен референдумды «халықтың өз қалауын еркін білдіруі» деп сипаттап, «Ресей федерациясының шешіміне түсіністікпен қарайтынын» білдірген.

16 наурызда Қырымда автономияның Ресейге қосылуын дауысқа салған референдум өтті. Ресми мәлімет бойынша, оның қорытындысында дауыс бергендердің 93 пайызы Қырымның Ресейге қосылуын жақтап шыққан.

18 наурызда Ресей президенті Владимир Путин референдумның «демократияға және халықаралық құқық нормаларына сай» екенін мәлімдеп, Қырымды Ресейге қосу туралы келісімге қол қойған.

Ресми Киев «Қырым – Украина территориясы» екенін айтып, онда өткен референдум нәтижесін мойындамаған.

АҚШ пен Еуропа Одағы да Қырымдағы референдум Украина конституциясы мен халықаралық құқық нормаларына қайшы келетінін, бұл шара Ресей әскерилерінің қысымы мен қорқытуы арқылы өткенін ескертіп, оны мойындамайтындарын мәлімдеген.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG