Accessibility links

АҚШ компаниясы Айға «теміржол» салмақ


Астронавт Чарльз Дюк Айда жүр. 1972 жыл. (Көрнекі сурет)

Астронавт Чарльз Дюк Айда жүр. 1972 жыл. (Көрнекі сурет)

Адамзат 1972 жылдан бері Айға аяқ басқан емес. Ең соңғы адам Айға 40 жыл бұрын барған екен. Американың жекеменшік компаниясы «енді кез-келген елдің өкілі Айға саяхат жасай алады» деп отыр.

Golden Spike («Голден Спайк») компаниясы Айды көріп қайтуға мүмкіндік беретін тасымал құралын жасап шығармақ. Азаттық тілшісі толығырақ мәлімет алу үшін компанияның бизнес-менеджері Макс Вузофпен сұхбаттасты.

Азаттық: Макс Вузоф мырза, Golden Spike компаниясы желтоқсанның басында Айға апаратын зымыран жүйесін жасауға кіріскенін мәлімдеді. Оған екі адам сыяды екен. «Барып-қайту құны 2020 жылға қарай 1 миллиард 500 мың АҚШ доллары болады» дедіңіздер. Мемлекеттерді осы шараға қызықтырып, ғарышкерлерін сіздер дайындаған зымыранмен Айға ұшырса деп отырсыздар. Қызметтеріңізді пайдалануға ынта білдірген елдер бар ма, бар болса, не үшін қызығып отыр?

Макс Вузоф: Әлемде оншақты мемлекет осы онжылдықта автоматты ғарыш аппараттарын орбиталық құрылғысымен және жерге қону аппаратымен бірге ұшырды. Біздің қызметтің бағасы да соған орайлас, бірақ біз бірден екі адамды ұшыруға мүмкіндік жасаймыз.

Ол елдерде сұраныс бар, рынок бар. Бірақ ғарыш аппаратын өздері жасай алатын елдерден бөлек, басқа да көптеген мемлекеттер бар, олардың ғарыш Америкалық Анушех Ансари әйелдер арасындағы алғашқы "ғарыш турисі" атанды. Қазақстан, 29 қыркүйек 2006 жыл.

Америкалық Анушех Ансари әйелдер арасындағы алғашқы "ғарыш турисі" атанды. Қазақстан, 29 қыркүйек 2006 жыл.

бағдарламалары бар. Ондай елдер де ғарыш саласын зерттеп, өнеркәсібін дамытқысы келеді, білімін жетілдіруді армандайтын азаматтары бар. Кейбір адамдар ғарышқа сапар шегіп, басқа жұрттан ерекшеленгісі келеді. Бірақ оған көлік таппай жүргендер де бар

Азаттық: АҚШ пен бұрынғы Совет Одағынан бөлек, Айға орбиталық аппарат немесе тексеру құрылғыларын Қытай, Үндістан және Жапония ғана жіберді. Ресей мен осы аталған елдер Ұлыбритания мен Оңтүстік Корея сияқты ғарышты бағындыру миссиясын жоспарлап отыр. Бірақ сөзіңізге қарағанда, бастапқы шығындарыңыз өте қомақты. Жеті-сегіз миллиард АҚШ доллары қажет дейсіздер. Оған инвестор табыла ма?

Макс Вузоф: Оны алдағы сегіз жылда көре жатармыз. Ірі инфрақұрылымдық жобаны қолда бар ақшамен де бастауға болады. Бір жағынан алғанда, бұл сома жалпы бағаның елуден бір бөлігін ғана құрайды. Шығын құрылғыны дайындау мен сынау үшін тең бөлінген. Адамды отырғызбас бұрын зымыранды сынақтан өткізу керек. Мен осының бәрі сәтімен іске асады деп ойлаймын. Барлық мәселе капиталға тіреліп тұрған жоқ. Басқа бизнес сияқты бұл жоба да жартылай алдын ала сатудан түскен ақшамен қаржыландырылады.

Азаттық: Сіздер бұрынғымен салыстырғанда, мысалы 1972 жылғы «Аполлон» (ғарыш кемесі - ред.) сияқты емес, басқаша әдістерді қолданғалы отыр екенсіздер. Ол қандай әдіс?

Макс Вузоф: Әртүрлі архитектуралық жобалар бар. Екі немесе төрт ұшақ қолдануымыз мүмкін. Біз «Сатурн В» немесе «Аполлон» сияқты ауыр зымыран Калифорния губернаторы Арнольд Шварцнеггер (сол жақта) және бизнесмен Ричард Брэнсон ғарыш кемесін таныстыру шарасында. АҚШ, 7 желтоқсан 2009 жыл.

Калифорния губернаторы Арнольд Шварцнеггер (сол жақта) және бизнесмен Ричард Брэнсон ғарыш кемесін таныстыру шарасында. АҚШ, 7 желтоқсан 2009 жыл.

​тасығыштарды пайдаланбаймыз. Зымыран жүйесін дайындау шығынын барынша азайту үшін оның көлемін шағын етіп жасамақпыз. Мүмкіндігіміз жететін құрылғыларды пайдаланамыз, сондықтан оның құрылысы «Аполлоннан» басқа болады.

Ұшағы екеу, тіпті төртеу болса да, зымыран жер маңындағы орбитаға барып қонады. Ол жерден ары сіз басқа құрылғымен кез-келген жаққа ұшып кете аласыз. Бұл - жұмыстың ең қиын бөлігі. Сондықтан біз кеменің ғарышқа ұшатын бөліктері мен жерге қонушы аппараттарды сол жер маңындағы орбитаға орналастырамыз да, Айға қарай сол жерден аттанамыз. Аппарат Ай бетіне қонады, одан кейін құрылғының орбиталық бөлігімен біріктіріліп, қайтадан жерге оралады.

Азаттық: Компанияларыңыздың Golden Spike («Алтын шеге») деген атауы АҚШ-тың батысында 1869 жылы ашылған құрлықаралық темір жолдың соңғы қағылған шегесінің құрметіне қойылған. Бұл теміржол АҚШ экономикасының қарқынды дамуына ықпал етті. Адамзаттың Айға сапары да дамуға осындай эпикалық серпін береді деп ойлайсыз ба?

Макс Вузоф: Дұрыс айтасыз, сондықтан біз осы атауды таңдадық. Біз Айға «теміржол» салмақпыз. Сіз айтқан теміржол коммерциялық кәсіпорынға айналып, Америка өнеркәсібінің қарыштап дамуына жол ашты. Біз де осы жобаның игілігін америкалық кәсіпорындар ғана емес, бүкіл әлем елдері көреді деп үміттенеміз.

Азаттық: Ғарыштың коммерциялануы туралы айтқанда, ол жақта жекеменшік ғарыш станцияларын салуды ұсынуыңызға болатын еді. Олай болған жағдайда Америкалық астронавт Нил Армстронг - Айға аяғы тиген (1969 жылы 21 шілде) алғашқы адам.

Америкалық астронавт Нил Армстронг - Айға аяғы тиген (1969 жылы 21 шілде) алғашқы адам.

фармацевтикалық компаниялар Жерде жасауға болмайтын өнімдерді сонда дайындайтын еді. Бірақ Golden Spike Айды тек қону орны ретінде ғана таңдады. Неліктен? Бұдан қандай экономикалық дивиденд (пайда - ред.) көресіздер?

Макс Вузоф: Айға саяхатқа қызығуымыздың бірнеше себебі бар. Біздің әр клиентіміздің өзіндік мақсаты болуы мүмкін. Әрине, ғылыми зерттеу дәстүрлі себеп болып қала береді. Ай туралы, оның үстіңгі қабаты туралы көбірек білгіміз келеді. Оны роботтар емес, адамдар орындаса, мүмкіндігіміз арта түседі. Айды зерттеу арқылы Күн жүйесі мен Жер туралы да дерегіміз молаяды.

Иә, соңғы кезде ғарыш тауарларына, ғарыштық ресурстарға, минералдарға қызығушылық артып отыр. Оларды сол жақта немесе Жерге әкеліп дайындауға, адамның Айда тіршілік ету мүмкіндіктерін қарастыруға болады. Тіпті ғарыштан табылған ресурстарды зымыран отынын өндіруге қолдансақ, Ай адамзаттың ғарышты бағындыру кезінде қонатын орны болатын еді.

Сұхбатты ағылшын тілінен Динара Мәзен аударды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG