Accessibility links

АҚШ алқа соты Тәжаяқовты айыпты деп таныды


Солдан оңға: Бостон марафоны кезіндегі жарылысқа байланысты сотқа тартылғандар - Азамат Тәжаяқов, Диас Қадырбаев және Джохар Царнаев. (Диас Қадырбаевтың "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан алынған сурет).

Солдан оңға: Бостон марафоны кезіндегі жарылысқа байланысты сотқа тартылғандар - Азамат Тәжаяқов, Диас Қадырбаев және Джохар Царнаев. (Диас Қадырбаевтың "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан алынған сурет).

Бостон марафоны кезіндегі жарылысты тексеру ісінде күдікті болған қазақстандық студент Азамат Тәжаяқов шілденің 21-і күнгі сотта терактіні тексеруге кедергі келтірген деп танылды.

Бостон прокурорына сілтеме жасаған Boston Globe газеті сайтының жазуынша, Азамат Тәжаяқовқа қатысты ақтық шешім шығару қазанның 16-сына белгіленген.

Boston Globe басылымы Азамат Тәжаяқовқа тергеуге кедергі келтіргені үшін ең ауыр 20 жылдық түрме жазасы, сөз байласқаны үшін 5 жылға дейін абақты жазасы кесілуі мүмкін екенін жазады. Ал британиялық Guardian оның бес жылға дейін сотталып, 250 мың доллар айып төлеуі мүмкін екенін болжайды.

Бостон қаласының өлкелік сотындағы сот алқасы Массачусетс университетінің бұрынғы студенті, 20 жастағы қазақстандық Азамат Тәжаяқовты бұл қалада 2013 жылы сәуірдің 15-інде марафон кезінде болған, үш адамды мерт етіп, 260-тай адамды жаралаған жарылысқа қатысты соттады.

Азамат Тәжаяқов сотта отыр. Бостон, 1 мамыр 2013 жыл.

Азамат Тәжаяқов сотта отыр. Бостон, 1 мамыр 2013 жыл.

АҚШ тергеушілері Азамат Тәжаяқов пен тағы бір қазақстандық студент Диас Қадырбаевты айғақ заттарды жойып, терактілерді тексеруге кедергі келтірген деп айыптайды. Тергеу мәліметінше, жарылыстан соң үш күннен кейін басты күдікті Джохар Царнаевтың Массачусетс университетінде танысқан достары Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев оның пиротехника салынған рюкзагы мен ноутбугінен құтылған.

Диас Қадырбаевқа байланысты қыркүйекте басталатын сот процесі бөлек өтеді.

Тергеуге кедергі келтірмек болды деген айып Джохар Царнаевтың тағы бір досына – Қырғызстанда туған 23 жастағы Хайрулложон Матановқа да тағылған. Оны айғақты жойды және тергеушіге әдейі жалған ақпарат берді деп айыптайды. Прокуратура дерегінше, Куинси қаласындағы

Джохар (сол жақта) мен оның ағасы Тамерлан Царнаев Бостон марафонында.

Джохар (сол жақта) мен оның ағасы Тамерлан Царнаев Бостон марафонында.

(Массачусетс штаты) такси жүргізуші Матанов Джохар мен оның ағасы Тамерлан Царнаевтарды жақсы білетінін, тіпті терактіден кейін бірнеше сағат өте олармен бірге түстенгенін жасырған. Оның қашан сотқа тартылары белгісіз.

Джохар Царнаевтың тағы бір досы, америкалық Робел Филлипоске де жалған куәлік берді деген айып тағылған. 16 жылға сотталу қаупі төніп тұрған, ол да Царнаевпен университетте танысқан Филлипос 100 мың доллар кепілге босатылған. Олардың ешбірі айыпты мойындамайды.

Айыптаушылардың пікірінше, 20 жастағы Джохар мен оның 26 жастағы ағасы Тамерлан Царнаевтар қолдан жасалған екі жарылғышты Бостон марафоны аяқталар маңға құрып қойған. Жарылыстан кейін үш күннен соң олар қаладан қашпақ болып, полициямен атыста Тамерлан Царнаев оққа ұшқан. Джохар Царнаев қазір қамауда отыр. Прокурорлар оған өлім жазасын сұрамақ.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG