Accessibility links

Америка хикаялары: Барак Обама мұсылман ба?


АҚШ президенті Барак Обама. 13 қараша 2011 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама. 13 қараша 2011 жыл.

АҚШ-тағы сайлау алдында «кездейсоқ» жасалған кезекті бір сауалнама кейбір америкалықтардың президент Барак Обаманы әлі де мұсылман деп санайтынын көрсетті.


Обама 2007 жылы АҚШ президенттігіне кандидат болып, америкалықтар оның әкесінің кениялық мұсылман екенін білгелі бері, мұндай сауалнама кем дегенде бесінші, не алтыншы мәрте жүргізілді.

КӨП АЙТЫЛҒАН ӨТІРІК КӨПКЕ ШЫН БОП КӨРІНЕДІ

Обама өзі жайлы барлық деректе «таңдауым бойынша христианмын» деп көрсеткен. Бұл ерекше сауалнама елдің оңтүстігіндегі консерваторлар көбірек қоныстанған Миссисипи және Алабама штаттарындағы республикашылардың көзқарасын зерттеп білді. Зерттеу қорытындысы да республикашылардың наурыздың 13-інде өтетін үлкен сайлау күніне дөп келетіндей жасалды.
Иран әйелдері Обаманың суретін ұстап тұр. Тегеран, 13 қаңтар 2012 жыл.
Иран әйелдері Обаманың суретін ұстап тұр. Тегеран, 13 қаңтар 2012 жыл.

«Обама мұсылман ба, әлде христиан ба?» деген сұраққа Алабама штатының 45 пайызы «мұсылман» деп жауап берсе, 41 пайызы «сенімді емеспін» деген. Миссисипи халқының 52 пайызы Обаманы мұсылман деп таныса, 36 пайызы анық айта алмаған.

Бұл миф неге осыншама өміршең? Академиялық бір теория бойынша сауалнамашылар бір мазмұндағы сұрақты халыққа қайталап қоя берсе, жалған ұғым үздіксіз айтыла берсе, халық соған ақырында сене бастайды. Осы мәселе бойынша 2010 жылдың тамызында жүргізілген соңғы жалпыхалықтық сауалнаманың нәтижесінде «Обама – мұсылман» деген мифке америкалықтардың 18 пайызы (соңғы уақыттағы ең жоғарғы көрсеткіш – ред.) сенетіні анықталды.

АМЕРИКАЛЫҒЫНА КҮДІК КЕЛТІРТУ

Жауап бергендердің 43 пайызы Обаманың «дініне қатысты ештеңе айта алмаймыз» деген. Сұралған халықтың 34 пайызы ғана оны «христиан» деп дұрыс таныған.
Республикашылардың ұйымдастырған соңғы зерттеулері олардың сайлау алдында Обаманың демократиялық партиясына қарсы күрес тәсілінен хабар береді. Олар президент Обаманың қараша айында өтетін президент сайлауында жеңілгенін
АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 02 ақпан 2011 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 02 ақпан 2011 жыл.
қалайды. Республикашылардың нақты деректі бұрмалап, Обаманы «мұсылман» деп түртпектей беруінің түпкі себебін жұмсартып түсіндірсек, ол – ел-жұртты болашақта оның сөзіне де, ісіне сенбейтін ету.

Уақыт өткен сайын бұл сауалнама нәтижелеріне қатысты бекіп келе жатқан қоғамдық пікір бойынша, Обаманы «мұсылман» деп көрсетудің түпкі ниеті, оны халыққа «нағыз американдық емес» деп таныту.

11 ҚЫРКҮЙЕКТЕН КЕЙІНГІ ТӨЗІМСІЗДІК

«Әл-Қаида» мүшелері 2001 жылғы қыркүйектің 11-і ең ірі террористік әрекет жасағалы бері Американың бірталай бөлігінде Исламға қарсы теріс пікір қалыптасып қалды.

Қыркүйектің 11-індегі терактіде қираған дүниежүзілік сауда үйінің жанынан мешіт пен Ислам мәдени орталығын салу туралы ұсынысқа кейбір америкалықтар үзілді-кезілді қарсы болды. Осыған қарап олардың әлі де исламшыл экстремистер мен мұсылманды айыра алмайтынын білуге болады.

Қазіргі республикашылардың президенттік науқаны бұл екі ұғымның арасындағы айырманы одан ары көмескілендіре түсті.

Осыдан бірнеше ай бұрын, яғни сайлау бәсекесінен шығып қалғанға дейін, екінші келе жатқан Херман Кейн: «Ақ үйдегі кабинетте мұсылманның қызмет істеуіне жол бермес едім» деп мәлімдеген еді. Артынан ол жылдам сөйлеп отырып, байқамай қалғанын айтып, «барлық мұсылмандарды экстремистермен шатастырмауым керек еді» деп кешірім сұрады.
АҚШ президенті Барак Обаманың әйелі Мишель Обама Nickelodeon телеарнасының актерлерімен билеп жүр. Вирджиния, 13 қаңтар 2012 жыл.
АҚШ президенті Барак Обаманың әйелі Мишель Обама Nickelodeon телеарнасының актерлерімен билеп жүр. Вирджиния, 13 қаңтар 2012 жыл.

Партияның қазіргі екі кандидаты Ньют Гингрич пен Рик Санторум «шариғат заңдары АҚШ үшін қауіпті» деп анықтама беріп келеді. Таяуда Гингрич телеарнадағы комедиялық жаңа шоу-бағдарлама туралы: «Ойын-сауық индустриясындағы анти-христиандық көзқарас - керемет нәрсе, бірақ олар Исламды қорғап, сақтауда да таптырмайтын құрал» деп мұсылмандарды қағытып өтті.
Алда келе жатқан кандидат Митт Ромнидің сыртқы саясат бойынша кеңесшісі Ливаннан келген иммигрант христиан еріктілерінен құралған милицияда қызмет еткен. The Newsweek журналы оны «исламофобиясы бар адамдарды сотқа беруге шақыратын шамшырақ» деп сипаттайды.

Республикашыл заңгерлер шариғат заңдарының жолын кесу үшін шамамен 24 штатта соттар «шетелдік заң жүйесін мойындамасын» деген заң жобаларын ұсынды.

Иммигранттар елінің теңдік пен діни бостандықтың негізінде құрылғанын терең түсінетін америкалықтардың басым көпшілігіне осының бәрі қорқынышты болып көрінеді. «Мұсылман америкалықтар католик америкалықтарға немесе еврей америкалықтарға қарағанда дәрежесі кем» деген көзқарас оларға қарғыс сияқты естіледі.

Алайда төзімділік – тыныш көңіл-күйден туады. Ал төзімсіздік даукестік пен кінәмшілдікті танытады. Төзімділіктің айғай сап дауыс шығаруы қаншалықты қиын болса, төзімсіздіктің айғай-шу туғызуы соншалықты оңай.

(Мақаланы ағылшын тілінен аударған – Сағынай Кәрім)
XS
SM
MD
LG