Accessibility links

«Араб көктемінен» кейінгі үміт пен күдік


Египеттегі шеру. Каир, 2013 жылдың ақпаны. (Көрнекі сурет)
Египеттегі шеру. Каир, 2013 жылдың ақпаны. (Көрнекі сурет)

Foreign Policy басылымында ақпанның 18-і күні жарық көрген мақала осы тақырыпқа арналды. Автор Қазақстанның «өз көктемінен» қалай құтылатынын да жазған.

«Араб көктеміне» екі жыл толды. Бірақ оны ешкім тойлап жатқан жоқ» деп басталады Джеймс Траубтың бұл мақаласы.

«ШЫҒЫС ЕВРОПА МЕН АРАБ ЕЛДЕРІН САЛЫСТЫРМАУ КЕРЕК»

«Революциядан өткен» елдер - Тунис, Египет және Ливия қоғамындағы жікке бөліну зорлық-зомбылық тудырды. Содан болар, 2011 жылы болған оқиғалардың бас айналдырар атмосферасы қазір көмескі тартқан, бүгінгі күн күмәнді ойларға жетелейді» дейді автор.

"Араб көктеміне" екі жыл толуына орай Египет астанасы Каирде өткен шеру.
"Араб көктеміне" екі жыл толуына орай Египет астанасы Каирде өткен шеру.
Траубтың жазуынша, «Бір үміт - демократияның азаппен дүниеге келіп жатқанына куәміз», «ал күдік - екі жыл бұрынғы жеңісті оқиғалар саяси және дінаралық қақтығыстарды бастап берді» деп мазалайды».

Автор 1989 жылғы Шығыс Еуропадағы «көктемді» еске алған.

«Миллиондаған тұрғын көшеге шығып, бостандық талап етті. Олар да әміршіл жүйенің тұзағынан босануға ұмтылды. Бірақ Польша, Чехословакия, Шығыс Германия және басқа да Шығыс Еуропа елдерінде либерализм мен демократия дәстүрі бұрыннан бар еді. Олар тек коммунизмді бөтен идеология ретінде лақтырып тастады. Оның үстіне Шығыс Еуропа ғаламдық стандарттар бойынша дәулетті аймақтарға жатады» дейді ол.

Автор «Араб көктеміне» «тағы бір аналогиялық жағдай» ретінде Латын Америкасы елдеріндегі 1970-1980 жылдардағы оқиғаларды атаған.

«Бірақ Бразилия мен Аргентина сияқты елдерде саяси элита биліктен бас тартып, қоғамдық шиеленісті реттеді. Демократиялық режимге жол ашты» дейді Джеймс Трауб.

«Араб көктемін» басынан кешірген елдерге қарап отырып, бұл елдердегі халықтың автократтық режимнен қатты зиян шеккенін түсінесің. Оның әсерінен (саяси және экономикалық зардаптарынан) арылу үшін тұтас ұрпақ ауысуы керек. Бірақ оған әлі ерте дейді» дейді автор.

«ПОСТ СОВЕТТІК ЕЛДЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ»

Автор «Араб көктемі» мен Ресейдегі 1991 жылғы оқиғаларды салыстырады.

«Халықаралық қатынастар кеңесінің ғылыми қызметкері Стивен Сестанович айтқандай, 1991 жылы Мәскеу көшесіне шыққан халықтың Тахрир алаңына шыққан көтерілісшілермен саны да, ашу-ызасы да бірдей болатын. Борис
Египеттегі шеру. Каир, 2013 жылдың ақпаны.
Египеттегі шеру. Каир, 2013 жылдың ақпаны.
Ельцин тұсында құрылған демократиялық тәртіптің әлсіздігі соншалық, Ресей байлығын жеке тұлғалардың иемденіп кетуіне қарсы тұра алмады. Одан кейін бұл вакуумге Владимир Путин қадам басты» деп жазады мақала авторы.

Траубтың жазуына қарағанда, Египет революционерлері Мұхаммед Мурсиден қауіптенеді.

Автордың ойынша, «Революционерлер «Мурси Путин сияқты билікті өз қолына шоғырландырып, басқаша ойлайтындардың көзін құртуы мүмкін» деп ойлайды.

Бірақ халықаралық қатынастар кеңесінің ғылыми қызметкері Сестановичтің айтуынша, «Мурси әлсіз институттар мен бірнеше топқа бөлінген саяси жүйеге төрағалық ететін Египеттің Ельциніне айналуы мүмкін. Ельцин үкіметі АҚШ пен Халықаралық валюта қорының қаржылық реформасына қарсы шыққаны есімізде. Мурси үкіметі де Халықаралық валюта қорымен келісімді айлар бойы шегеріп келеді. Басында Ельцин де сотқар болып көрінетін, кейін әлсіздігі әшкереленді. Мурсидің де жеке ұстанымы автократтарға ұқсап барады, енді оған да қарсылық күшейе бастады».

Стэнфорд университетінің (Stanford University) маманы, демократия теориясын зерттеуші Ларри Даймонд та «Араб көктемін» бұрынғы Совет Одағы елдеріндегі оқиғалармен салыстырулы құптайды. Авторға сұхбат берген ол «демократия орнату тәжірибесі жоқ ондаған мемлекет жеккөрінішті режимнен құтылып, жаңа жүйе құруға ұмтылды» дейді.
Бұл елдердің тоғызы әміршіл жүйеде қалды, ал қалған үшеуіндегі – Грузия, Молдава және Украинадағы жағдайды либералды деп айту қиын.

Автор Даймондтың 2008 жылы жарық көрген «Демократия рухы» кітабынан мысалдар келтіріп: «Бұл елдердің тоғызы әміршіл жүйеде қалды, ал қалған үшеуіндегі – Грузия, Молдава және Украинадағы жағдайды либералды деп айту қиын: мұнда демократиялық процес енді ғана басталып келеді, бірақ оның өзі тұрақсыз» екенін айтады.

«Балтық жағалауы елдері Батыспен толық интеграцияға көшті. Тунистіктер де сондай интеграцияны армандайды. Украина мен Грузия әділ сайлау өткізді, соның арқасында билік ауысты. Олардан әлі үміт күтуге болады» дейді автор.

Жаңаөзен оқиғасының басталған сәті. Жаңаөзен қаласы, орталық алаң, 16 желтоқсан 2011 жыл.
Жаңаөзен оқиғасының басталған сәті. Жаңаөзен қаласы, орталық алаң, 16 желтоқсан 2011 жыл.
«Қазақстан халық наразылығынан мұнайдың арқасында құтылады. Парсы шығанағындағы елдер әлдеқашан солай істеген» деп жазады Джеймс Трауб.

Басылымның жазуынша, «Ұқсастық осымен аяқталады. Украина мен Грузия, Балтық елдері, Шығыс Европа халқы советтік жүйеден құтылуды ойлады. Ал араб елдерінің тұрғындары «автократтық режимнен бізді ислам құтқарады» деп санайды.

Ұлтшылдық демократияны уағыздамайды, бірақ ол - діни тұтастық идеологиясының мықты бәсекелесі. Тунистегі «салафит» деген атаумен белгілі әсіредіншілдер либералды конституционализм идеясын қолдайтын қоғамдық пәтуаны талқандады» дейді мақала авторы.

«ОБАМА МУРСИДІҢ ҚЫЛЫҚТАРЫНА ӘЗІРГЕ ШЫДАП КЕЛЕДІ»

Автор «Әріптесім Марк Линч АҚШ Египеттің демократиялық әлеуетін арттыру үшін не істей алатынын түсіндіргісі келеді» дейді. Линчтің пікірінше, «Постсоветтік тәжірибеден пайдалы сабақ алуға болады. Біріншіден, бастапқы кезеңде АҚШ тек сырттан бақылайды». Яғни Клинтон Ельцинге барынша ықпал етуге тырысып отырған.

Автордың ойынша, «Қазіргі АҚШ президенті Барак Обама Мурсидің әрекеттеріне әзірге шыдап келеді. Обама Египет конституциясының басқаша (ислам қағидаларына қатысты – ред.) жасалуына ықпал ете алатын да еді. Бірақ Мурси
Египет президенті Мұхамед Мурси. Каир, 6 ақпан 2013 жыл.
Египет президенті Мұхамед Мурси. Каир, 6 ақпан 2013 жыл.
Израиль мен ливандық «Хезболла» арасындағы шиеленісті шешуге көп ықпал етті. Ақ үй оны содан бері көп сынамайды. Бұл Египет көшбасшысының елінде теріс пиғылдарын іске асыруына жол ашты.

Обама да Клинтонның Ельцинге жасағанын қайталап, Мурсиге ықпал еткісі келетін сияқты. Клинтон әкімшілігі кезінде Ресейге Халықаралық валюта қоры арқылы 22 миллиард 800 миллион доллар қарыз берді. Мәскеу оны дұрыс, мақсатқа сай жұмсаған жоқ. Обама әкімшілігі енді ондай қателік жасай алмайды. Бірақ Египет шұғыл түрде қаржылық көмек сұрай қалса, Вашингтонның қаражат бөлуіне тура келеді. Алайда Ақ үй жеңімпазды, яғни Мурсиді емес, «процесті қолдауы тиіс» дейді автор.

Автор осы ретте «АҚШ қазір конгресс талқылап жатқандай, билікке әскери көмек емес, қоғамдағы қауіпсіздікті сақтауға жәрдем беруі керек» деген қорытынды жасайды.

«Постсоветтік елдерге қарап отырып бұл процестің (демократиялық жүйе орнатудың – ред.) расымен де өте ұзаққа созылатынын байқаймыз. АҚШ пен Европа және жекелеген тұлғалар Грузия мен Украинаның демократиялық төңкерісіне 10 жыл бұрын нақты үлес қосты. Бірақ қазір олар саяси партияларды дайындау, азаматтық қоғамды тәрбиелеу, экономикалық кеңес пен көмек беру сияқты баяу әрі тартымсыз процестерге малтығып қалды» дейді Джеймс Трауб.
XS
SM
MD
LG