Accessibility links

Санкциядан соңғы Ресей-АҚШ қарым-қатынасы


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама.

Ресейдің Қырымды аннексиялауына байланысты Вашингтонның Мәскеуге қарсы санкциясы тағы бір мекемеге кесірін тигізді. Ол – террор мен есірткі тасымалына бірлесе қарсы тұру комиссиясы.

Террор мен есірткі тасымалына бірлесе қарсы тұрумен айналысатын комиссия АҚШ-тың Ресеймен арадағы қарым-қатынасты жақсартуға талпынған саясаты арқасында құрылған. Комиссия қару-жарақты азайту, террормен күрес сияқты салаларда ынтымақтастықты арттыруға көп үлес қосып келе жатқан. Ресей Украинаның құрамдас бөлігі саналатын Қырымды аннексиялап алған соң комиссияның жұмысы тоқтап қалды.

АҚШ Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне жауап ретінде осы комиссия аясындағы екі жұмыс тобының жоспарланған отырыстарына қатыспайтынын мәлімдеді.

«Әзірге ешқандай кездесу жоспарда жоқ. Біз ресейліктермен жекелеген мәселелер бойынша байланыс орнатуды қарастырып жатырмыз» деді жоғары лауазымды АҚШ әкімшілігінің өкілі Азаттыққа.

ОБАМА МЕН МЕДВЕДЕВ ҚҰРҒАН КОМИССИЯ

Бұл комиссияны 2009 жылы АҚШ президенті Барак Обама мен Ресейдің сол кездегі президенті Дмитрий Медведев құрған. Екі елдің басшылығы мен сыртқы сарапшылар ынтымақтастыққа септігін тигізеді деп бұл бастаманы қолдаған болатын.

Содан бері 21 жұмыс тобы жүздеген кездесу өткізді. АҚШ жағы бұл кездесулерді «қарудың таралуын шектеу, ядролық қауіпсіздік, террормен күрес, Ресей президенті Владимир Путин (ақ көйлек киген адам) қару-жарақ көрмесінде жүр. Нижний Тагиль, 9 қыркүйек 2011 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (ақ көйлек киген адам) қару-жарақ көрмесінде жүр. Нижний Тагиль, 9 қыркүйек 2011 жыл.

бірлескен әскери жаттығулар, есірткімен күрес салаларындағы ынтымақтастықтың маңызды бөлігі» деп бағалаған.

2013 жылғы желтоқсанда жарияланған бірлескен есепте комиссияның жұмыс тобы «террормен күрес саласындағы ынтымақтастықтың ең басты қозғаушы күші» деп сипатталған.

АҚШ Ресейдің Қырымды өзіне қосып алу туралы шешіміне жауап ретінде біраз жазалау әрекеттерін қолға алды. Ресей президенті Владимир Путинге жақын бизнесмендер мен лауазымды тұлғаларға санкция салды, әрі осы комиссияның жұмысына қатысудан бас тартты.

Санкцияға іліккендер тізімінде комиссияның есірткімен күрес жөніндегі жұмыс тобының басшысы, Ресейдің есірткіні бақылау федералдық қызметінің басшысы Виктор Иванов та бар. АҚШ жағы дәл осы жұмыс тобының маусым айында Мәскеуде өткізілуі тиіс отырысына қатысудан бас тартты.

«АҚШ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ҮЗДІ»

АҚШ-тың есірткіні бақылау басқармасымен бірлесіп Ауғанстанда арнайы операциялар жүргізіп жатқан Ресейдің есірткіні бақылау федералдық қызметі Вашингтонның Виктор Ивановқа санкция салу шешімін айыптайтын мәлімдеме Ресейдің есірткіні бақылау федералдық қызметінің басшысы Виктор Иванов.

Ресейдің есірткіні бақылау федералдық қызметінің басшысы Виктор Иванов.

таратты. Онда Ресей мекемесі «есірткімен күресте екі ел арасында біраздан бері қалыптасқан тиімді де жемісті ынтымақтастықты үзді» деп Ақ үйді айыптаған.

АҚШ ресми өкілі Азаттық радиосына берген сұхбатында екіжақты комиссияның инновация жөніндегі жұмыс тобының осы сәуірде Миннеаполис қаласында өткізіледі деп жоспарланған отырысына қатыспайты туралы Ресейді хабардар еткенін айтты.

Бұған қоса наурыз айының басында Хьюстонда өтеді деп жоспарланған энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтпеді, сәуір айында Чикагода болады делінген ақпарат құралдары жөніндегі жұмыс тобының отырысы да кейінге қалдырылды.

Вашингтондағы Ресей елшілігі осы жайт туралы Азаттықтың сауалына әлі жауап қатқан жоқ.

Ақ үйдің баспасөз қызметінің өкілі Лаура Лукас Магнусонның айтуынша, екіжақты комиссияның террормен күрес жөніндегі жұмыс тобының ешқандай кездесуі жоспарланбаған, алайда бұл салада жүріп жатқан операционалдық ынтымақтастық тоқтаған жоқ.

АҚШ әкімшілігі өкілінің хабарлауынша, комиссия жұмыс топтарының ішіндегі соңғы отырыс 26 ақпанда Вашингтонда өткен. Ол жолы бизнесті дамыту және экономика мәселелері жөніндегі жұмыс тобының өкілдері бас қосқан.

2013 жылдың қаңтар айында да комиссияның жұмысында кедергілер пайда болған. Сол жолы АҚШ жағы «Ресей үкіметінің азаматтық қоғамға шек қою әрекеттеріне» жауап ретінде комиссияның азаматтық қоғам жөніндегі жұмыс тобынан шығып кеткен.

КОМИССИЯНЫҢ ПАЙДАСЫ

Вашингтон мен Мәскеу арасындағы араздық өршіген сайын сарапшылар Обаманың «қайта достасу» саясатын сынға алып жатыр. Ал Обама әкімшілігі 2011 жылы күшіне енген стратегиялық қаруларға бақылау орнату жөніндегі Ресейдің ДСҰ-ға енуіне қарсы шерушілер. Мәскеу, 3 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейдің ДСҰ-ға енуіне қарсы шерушілер. Мәскеу, 3 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

келісімді және Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүшелікке өтуін өз саясатының жемісті тұстары ретінде көрсетуге тырысады.

Вашингтондағы Кеннан институтының директоры, Ресей жөніндегі маман Мэтью Рожанскидің айтуынша, қайта достасу саясаты қолға алынған соң екіжақты комиссияның арқасында «көп нәрселер қолға алынып, жүзеге асты».

«Жекелеген шаралардың барлығын қоса алғанда, бұлар бірнеше жыл бойы АҚШ пен Ресей арасында салыстырмалы түрде сауатты әрі сәтті қарым-қатынас орнатуға жәрдемдесті» дейді Рожански.

2010 жылы бірлескен комиссияның жұмысы жөнінде 60 беттік есеп әзірлеген Рожанскидің айтуынша, азаматтық саладағы ядролық ынтымақтастықты дамытуға арналған «123 келісімді» жүзеге асыруда, Ауғанстанға зат тасымалдау мақсатында Ресей және Орталық Азия аймағы арқылы тартылған Солтүстік тарату желісін пайдалануда бұл комиссия үлкен рөл атқарған.

«Ауғанстанның Солтүстік тарату жүйесі сияқты негізгі транзиттік келісімдерді қабылдайтын кезде әскери логистика мамандарының бетпе-бет тілдескені өте маңызды. Олар осы комиссияның құрылымына енгізілген» дейді Мэтью Рожански.
Бірлескен комиссия қарым-қатынасты қайта құрып, оны позитивті бағытқа бұрудағы өте маңызды элементтердің бірі болды.


Билл Клинтон президент болған кезде АҚШ-тың Ресейдегі елшісі қызметін атқарған Джеймс Коллинздің сөзінше, «Бірлескен комиссия қарым-қатынасты қайта құрып, оны позитивті бағытқа бұрудағы өте маңызды элементтердің бірі болды, екі ел өкіметтерінің бірлескен жұмысын жақсартып, ынтымақтасты дамыта түсті».

«Қысқа да шектеулі байланыстар кезінде мүлде дамымайтын қарым-қатынас есірткімен күрестен бастап ядролық қаруды таратпау, энергетикалық қауіпсіздік сияқты түрлі салаларда бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігі болғанда ғана шынымен дамиды» дейді Коллинс.

Бұрынғы елшінің пікірінше, «Ресейдің Украина аумақтық тұтастығына қарсы мүлде заңсыз, әрі өрескел әрекеттеріне жауап ретінде» жасалған АҚШ-тың бұл шарасы ақыр аяғында Обама әкімшілігінің мүдделеріне кесірін тигізуі де ықтимал. Коллинз «мұндай байланыстар үзіліп қалғандықтан мүмкіндік те мейлінше азаюы мүмкін» деп қауіптенеді.

Карл Шректің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG