Accessibility links

The Washington Post басылымы АҚШ-тың қайта сайланған президенті Барак Обама әкімшілігін қандай қиындықтар күтіп тұрғаны жайлы жазды.

Бұл басылымда 11 желтоқсанда жарық көрген мақаланың авторы Дженнифер Рубинның пікірінше, «кезінде сыртқы саясатта қажырлық пен табандылық танытпаған Обаманы енді АҚШ-тың басты уайымына айналған үш елге байланысты қиын сынақ күтеді».

АУҒАНСТАН

«АҚШ-тың сыртқы саясатындағы бірінші мәселе – Ауғанстан» дейді автор. The New York Times газетінің жазуынша, «президент Обама АҚШ-тың Ауғанстанда қалған 68 мың әскерін тездетіп кері қайтаруды көздеп отыр. Ал Пентагонның жаңа баяндамасында 23 ауған ұлттық армия бригадасының тек біреуі ғана АҚШ пен НАТО-ның көмегінсіз жұмыс істей алатыны айтылған». Баяндамада Ауғанстандағы зорлық-зомбылықтың күшейгені, екі жыл бұрын АҚШ әскері ол елге кіргенде ондай деңгейде болмағаны айтылыпты. «Талибтер әлі де тайраңдап жүр, сыбайлас жемқорлық кең тарап, орталық ауған үкіметі әлсіреп барады, ал Пәкістан бүлікшілерге көмек беруге құлшынып отыр» дейді басылым.

Мақала авторы президент Обаманың «соғыс қатаң кестемен және аз әскермен жүргізіледі» деп уәде бергенін еске алады. «Олай ету оңай емес. Жеңіске жету екіталай болса, арпалысудың керегі не?» дейді Дженнифер Рубин.

СИРИЯ

Мақала авторының пайымдауынша, екінші мәселе – Сирия. Associated Press Сирия президенті Башар Асад. Дамаск, 19 тамыз 2012 жыл.

Сирия президенті Башар Асад. Дамаск, 19 тамыз 2012 жыл.

агенттігінің хабарлауынша, «Обама әкімшілігі сириялық көтерілісшілер тобының «Әл-Қаида» террорлық ұйымымен байланысы бар деп санайды. «Джабхат аль-Нусра» тобын террористік ұйым деп таныған АҚШ олармен істес болуға тыйым салды».

Автор АҚШ-тың «Сириядағы «Әл-Қаидаға» қатысы жоқ оппозициялық топтарға көмектесуге әрекет жасамағанын» айтады. «Президент оларға қару бермейміз деп отыр. Оның жігерсіздігі жағдайды қиындатып, мүмкіндігімізді азайтты» дейді ол.

ИРАН

The Washington Post басылымындағы мақалаға қарағанда, Обама әкімшілігінің үшінші мәселесі – Иран.

АҚШ әкімшілігі Иранның ядролық бағдарламасына қатысты әңгіме қозғағысы келеді. Бірақ Иран ол жайында әңгімелесуге құлықсыз. The Post газетінің Иран президенті Махмуд Ахмадинежад.

Иран президенті Махмуд Ахмадинежад.

жазуынша, «Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың жағымды пікіріне қарамастан, Иран америкалық және еуропалық шенеуніктердің ядролық қаруға қатысты ұсынысын қабылдайтын сыңай танытпады. Есесіне барлау тобының сарапшылары уран байыту ісі дамып жатқанын байқаған. Иранның рухани көшбасшысы, елдің ядролық бағытын анықтайтын Аятолла Хоменeи дипломаттарға жылы шырай танытпаған.

«Обама Иран мәселесінде солқылдақтық танытқанын қашан мойындайды? Біз оларға төрт жыл жеңілдік жасадық, ал олар сол уақытта қаруын жетілдірді. Обама Иранды ядролық держава ретінде мойындайды, не Таяу Шығыста аяусыз соғыс басталады. АҚШ басшысы екеуінің бірін таңдауға тиіс» деп жазады мақала авторы.

The Washington Post-тың мақаласы «Егер сізге тағдыр жауапты таңдау ұсынғанда, шешендігіңіз шынайы оқиғамен үйлеспесе, сыртқы саясатта оң шешім қабылдай алмағаныңыз. АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон саяси салмағы батпандай үш мәселені тиімді шешуді ойлап, бас қатыруға тиіс. Бұл Обама екеуінің иығына түскен ауыр жүк» деп аяқталады.

Баспасөз шолуын әзірлеген Динара Мәзен.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG