Accessibility links

АҚШ-та президенттік сайлаудың алғашқы дебаты өтті


АҚШ-тағы президент сайлауына түсіп жатқан Митт Ромни (сол жақта) мен оның қарсыласы Барак Обама. Денвер, 3 қазан 2012 жыл.

АҚШ-тағы президент сайлауына түсіп жатқан Митт Ромни (сол жақта) мен оның қарсыласы Барак Обама. Денвер, 3 қазан 2012 жыл.

Колорадо штатындағы Денвер университетінде АҚШ-тағы президент сайлауына түсіп жатқан Барак Обама мен Митт Ромни алғашқы телесайыста бетпе-бет кездесті.

Дебат екі сағатқа жуық уақытқа созылды. Үміткерлер талқылаған негізгі тақырып АҚШ-тың ішкі саясаты болды. Дебатты АҚШ-тың бірнеше телеарнасы мен YouTube видеохостингі тікелей эфирде көрсетті.

РОМНИ

Телесайыста Массачусетс штатының бұрынғы губернаторы Митт Ромни 5 триллион АҚШ доллары көлеміндегі салықты қысқарту жоспары болмағанын бірнеше рет қайталап айтты. Бірақ америкалық байлардан алынатын салықты азайтпауға уәде АҚШ президенттігінен үміткер Митт Ромни дебаттан кейін немересін құшақтап тұр. Денвер, 3 қазан 2012 жыл.

АҚШ президенттігінен үміткер Митт Ромни дебаттан кейін немересін құшақтап тұр. Денвер, 3 қазан 2012 жыл.

беріп, «Барак Обама сайлауалды кампаниясында менің салық саясаты туралы сөздерімді бұрмалады» деді.

Ол Барак Обаманың шағын бизнеске салынатын салықты көбейту жоспарын айыптап, қарсыласының саясаты туралы "Джордж Буш жүргізген апатты саясаттың кебін құшады" деп мәлімдеді.

Ромни Обаманы 2008 жылы бюджет тапшылығын азайту туралы уәдесін орындай алмады деп сынап, "АҚШ Испания мен Грекияның кебін құшпауы керек" деген пікір айтты. Ол бюджет шығынын азайту үшін "Барак Обаманың 2010 жылғы денсаулық сақтау жүйесі туралы заңын жойып, АҚШ-тың қоғамдық телеарнасына бөлінетін субсидияны қысқартатынын және Обаманың кезінде қабылданған басқа да бірқатар бағдарламалардың күшін жоятынын" айтты.

Ромни "бюджет тапшылығы - тек экономикалық мәселе емес, моральдық мәселе" деді. Оның айтуынша, «бюджет ауыртпалығы келер ұрпақтың мойнына артылмақ».

ОБАМА

Ал Обама бюджет тапшылығы өзі қызметке келгенге дейін де болғанын, тек ол экономикалық қиындықтардың салдарынан еселене түскенін айтты.

Ол Ромнидің экономикалық жоспарын «жоғарыдан төменге бағытталған АҚШ президенті Барак Обама дебаттан шыққан соң жұбайы Мишель Обаманы құшақтап тұр. Денвер, 3 қазан 2012 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама дебаттан шыққан соң жұбайы Мишель Обаманы құшақтап тұр. Денвер, 3 қазан 2012 жыл.

экономика» деп сынады.

Обама Ромнидің бюджет шығындарын азайту тәсілінің жан-жақты ойластырылмағанын айтты. Ол «салықты азайтсақ, бюджетке кіріс кірмей қалады» деді. Бұл тұрғыда ол мұнай және ұшақ жасау компанияларына берілген салық жеңілдіктерін алып тастауға шақырды.

«Біз білім беру саласына, кәсіби оқытуға қаржы құюымыз керек. Бұл бізге Америкада жаңа энергия көздерін дамыту үшін қажет. Біз АҚШ-қа инвестиция салып жатқан компаниялар мен шағын бизнеске көмектесу үшін салық заңдарын өзгертуіміз керек» деді Обама.

Обама мен Ромни пікірсайысқа тағы екі рет шығады. Келесі дебат қазанның 16-сы АҚШ-тағы президент сайлауына түсіп жатқан Барак Обама (сол жақта) мен оның қарсыласы Митт Ромни. Денвер, 3 қазан 2012 жыл.

АҚШ-тағы президент сайлауына түсіп жатқан Барак Обама (сол жақта) мен оның қарсыласы Митт Ромни. Денвер, 3 қазан 2012 жыл.

күні Нью-Йорк штатында, үшінші пікірсайыс қазанның 22-сі күні Флорида штатында өтеді.

Бұған қоса қазанның 11-і күні Кентукки штатында вице-президенттікке үміткерлер - Обаманың қазіргі орынбасары Джо Байден мен Ромнидің жақтасы Пол Райан дебатқа шығады.

АҚШ-тағы президент сайлауы 2012 жылы қарашаның 6-сында өтеді. Қыркүйектің 25-і мен қазанның 1-і аралығында Gallup агенттігі жасаған сауалнамада қазіргі президент Обамаға сайлаушылардың 50 пайызы дауыс беретінін айтса, электораттың 44 пайызы Ромниді қолдайтындарын білдірген.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG