Accessibility links

Душанбе мен Бішкек Мәскеуге жаңаша талап қояды


Ресей президенті Дмитрий Медведев пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. Мәскеу, 25 ақпан 2012 жыл.

Ресей президенті Дмитрий Медведев пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. Мәскеу, 25 ақпан 2012 жыл.

Қырғызстан басшыларының АҚШ-тың Манастағы әуе базаларын босатып, қайтып жатқаны туралы таратқан мәлімдемелері соңғы айларда жаңалықтан жиі айтылды. Ал соңғы күндері Ресей де Орталық Азияда пайдаланып отырған әскери базаларына қатысты жаңа проблемаға кезікті.


Қырғызстан президенті 23-25 ақпан күндері Мәскеуге барған сапарында Ресейдің Қырғызстандағы әскери базаларының жалға алу ақысын төлeмегені туралы мәселе көтерді.

Енді Тәжікстан да өз жеріндегі әскери базаларды пайдаланғаны үшін Ресей аренда ақысын төлесін деген талап айта бастады. Ресейдегі Тәжікстан елшісі Тәжікстанның Ресейдегі елшісі Абдулмаджид Достиев (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде. Мәскеу, 2007 жыл.

Тәжікстанның Ресейдегі елшісі Абдулмаджид Достиев (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде. Мәскеу, 2007 жыл.

Абдулмаджид Достиев Азаттық радиосының Тәжік қызметіне берген сұқбатында Душанбе мен Мәскеудің Тәжікстандағы үш базаны пайдалану үшін келісім-шартты тағы 49 жылға созуды жоспарлап жатқанын айтты. Келісім-шартқа қол қоюдың не себепті кешіккені жайлы сұрағанда, Достиев әр түрлі ұсақ жайттарды айтып келіп, Тәжікстан базаларын жалға алу ақысына қатысты талқылайтын біраз мәселелер бар деді.

«ЕШБІР ЕЛ БІР ТЕЛІМ ЖЕРІН ТЕГІН БЕРМЕЙДІ»

- Елші емес, Тәжікстанның қатардағы азаматы ретінде айтар болсам - қазір әлемде ешбір ел өз жерінің бір телімін басқаға бостан-босқа бермейді. Әскери-техникалық көмек беру ету арқылы компенсация жасай ма, әлде 300 миллион доллар ақы төлей ме - осы мәселені біздің үкімет қаперінде мықтап ұстауы тиіс. Қазір өз жерін өзгелерге тегін бере салатын адамға ешкім де алғыс айта қоймас, - деді Тәжікстанның Ресейдегі елшісі.

Достиев сол соманың тым болмағанда 10 пайызының өзі жетіп артылар еді деп ағынан жарылды.

Ресейдің 201-ші әскери бөлімі екінші дүниежүзілік соғыстан соң-ақ Тәжікстанда қалдырылған. Бұл әскери бөлім совет үкіметі құлаған соң да Тәжікстаннан кеткен жоқ. Бұл бөлім негізінен ол жерде 1344 шақырымдық тәжік-ауған шекарасындағы Ресей шекарашыларына жәрдем берді және 1992-1997 жылдардағы азамат соғысы кезінде Тәжікстандағы стратегиялық маңызды нысандарды күзетіп тұрды.
Абдулмаджид Достиев. Мәскеу, 20 ақпан 2010 жыл.

Абдулмаджид Достиев. Мәскеу, 20 ақпан 2010 жыл.


Ол кезде көбісі, әсіресе, Тәжікстан үкіметі өз жерінде Ресей әскерінің тұрғанын мақұлдаған. 201-ші бөлім Тәжікстандағы азамат соғысына ресми түрде араласпаса да, Тәжікстанның әскери күштері қыспаққа ұшырап, қиналғанда, тәжік үкіметіне жасырын көмектесті деген күмән бар.

Бірақ Достиев «қазір заман өзгерді» деген пікірде.

- Бүгінгі Тәжікстан 1990 жылдардағы тағдыры басқа елде шешілетін тәуелді Тәжікстан емес, - дейді ол.

Тәжік әскерлері 2005 жылы Ауған шекарасын бақылауды қолға алды. 2001 жылдан бері ол жерде НАТО-ның әскері болып келген. Негізінен француз әскерінен құралған 200-дей жауынгер Ауғанстандағы әскери қимылдарға жәрдемдесу үшін Душанбенің сыртындағы әуе базасын пайдаланған еді.

Тәжік билігі Ресейдің 7 мың жауынгерлік әскери бөлімінің елдерінен кетіп қалғанын құптап та тұрған жоқ. Дегенмен де, тәжіктер қазір жағдай өзгерді сондықтан Ресей жағы Душанбе, Қорған-төбе және Кулябтағы базаларды пайдаланғаны үшін ақы төлеуі тиіс деп санайды.

«ҚАНТТАҒЫ БАЗАНЫ БОСАТУДЫ ТАЛАП ЕТЕ АЛАМЫЗ»

Базаларды пайдаланғаны үшін Ресей ақы төлеуге міндетті деген мәселені Қырғызстан президенті өткен аптадағы Мәскеу сапарында мәлімдеме жасағанға дейін де Тәжікстан айтып жүрген. Алмазбек Атамбаев: «АҚШ әскерінің Манасты жалға Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев. 29 желтоқсан 2011 жыл.

Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев. 29 желтоқсан 2011 жыл.

алған мерзімі 2014 жылы аяқталады, енді жаңа келісім-шарт жасалмайды. АҚШ пен НАТО-ның барлық әскерінің Қырғызстаннан шыққанын қалаймын» деп бірнеше мәрте қайталады. АҚШ әскері Ауғанстандағы әскери қиымылдарға көмектесу үшін Қырғызстандағы базаны 2001 жылдан бері пайдаланып келді.

Алмазбек Атамбаев ақпанның 25-і «Эхо Москвы» радиосына берген сұқбатында: «Қырғызстан Бішкектен 40 шақырым жердегі Қанттағы базаны пайдаланып келе жатқан Ресейден бұл базаны босатуды талап ете алады. Себебі бұл базаның ақысын Ресей төрт жылдан бері төлеген жоқ. Қала берді олар міндеттерін де дұрыс атқарып отырған жоқ. Ендеше мұндай база бізге керек пе?» деген болатын.

Қырғызстан премьері Қанттағы коммуналдық төлемақы сияқты қаржылық ауыртпалық та қырғыз үкіметінің қазынасына салмақ салып отыр дейді. Алмазбек Атамбаев Дмитрий Медведевпен кездескенде төленбеген аренда ақысы жайлы айтқан. Ресей президенті мұны естігенде таң қалып, Ресейдің қорғаныс министріне Қырғызстандағы базаның ақысы алдағы 10 күннің ішінде төленетін болсын деп дереу бұйрық берді дейді Атамбаев.
Қырғызстанның Ресейге жарты миллион АҚШ долларына жуық қарызын қайтару мәселесі бұдан да күрделі проблема

Алмазбек Атамбаевтың жария түрде шағымдануы Қанттағы базаның арендасына қарыз болған шамамен 15 миллион долларды Ресейдің тездетіп төлеуіне түрткі болған да шығар, бірақ оның мәлімдемесі сонымен қатар орыс баспасөзі жылдам қамтып үлгірген Кремльдің реакциясын да тудырды.

Қырғызстандағы базаның ақысына қатысты Кремльдің: «Ресей жалға алу ақысын бірден төлейтінін тағы да растады» деген мәлімдемесі ресейлік бірқатар жаңалықтар агенттігі мен газеттер арқылы таратылды. Алайда мәлімдемеде «Қырғызстанның Ресей Федерациясына қарыз болған жарты миллион АҚШ долларына жуық ақшаны қайтару мәселесі бұдан да күрделі проблема» деген жолдар бар.
XS
SM
MD
LG