Accessibility links

АҚШ Ресейдің LinkedIn-ді бұғаттауына алаңдады


U.S. -- The logo for LinkedIn Corporation is shown in Mountain View, California, February 6, 2013

U.S. -- The logo for LinkedIn Corporation is shown in Mountain View, California, February 6, 2013

Вашингтон Мәскеудің іскерлік байланыс орнатуға арналған LinkedIn әлеуметтік желісін бұғаттауға қатысты шешіміне «қатты алаңдайтынын» білдірді.

ТАСС агенттігіне хабарлауынша, АҚШ-тың Ресейдегі елшілігіндегі баспасөз-хатшысы Мария Олсон "LinkedIn-ді бұғаттау шешімі ресейлік интернет қолданушылардың мәліметтері бар кез-келген веб-сайтты жауып тастауға негіз болуы мүмкін" деп мәлімдеді.

Мария Олсон веб-сайттардан Ресей азаматтарының жеке деректерін осы елдегі серверлерде сақтауды талап ететін 2014 жылғы заңды "бәсекелестікке қарсы және өнім шығаруға кедергі" деп сипаттады.

LinkedIn бүгін Ресейдің заң талаптарына "толық сәйкес келетіні" туралы мәлімдеме жариялады. Әлеуметтік желі ресейлік қолданушылардың ақылы қызметтіне төлеген қаржыларын қайтарып ала алатындарын хабарлады.

Кеше Ресей үкіметіне қарайтын Сбербанк LinkedIn-нің бұғатталуы "жаңа жұмысшылар іздеуде айтарлықтай қиындық туғызатынын" жергілікті ақпарат агенттеріне айтқан.

Қарашаның 17-сінде Ресей федералдық байланыс, ақпараттық технология және коммуникация саласына бақылау жасау қызметі (Роскомнадзор) сот шешімі бойынша LinkedIn әлеуметік желісін бұғаттап тастаған.

Қарашаның 10-ында Мәскеу қалалық соты Мәскеудің Таганск аудандық сотының LinkedIn әлеуметтік желісін бұғаттау туралы тамызда шығарған шешімін заңды деп тапқан.

Бұған дейін Роскомнадзор LinkedIn-ді "ресейліктерді дербес мәліметтерді Ресей территориясында ғана сақтауға міндеттейтін заңды бұзды" деп бұғаттайтынын мәлімдеген. Ведомство LinkedIn 2010 жылдан бері дербес мәліметтердің жариялануына байланысты дауға қалғандықтан ресейлік қолданушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек болғанын айтады.

2004 жылы құрылған LinkedIn - бос жұмыс орнын іздеп, іскерлік байланыс орнатуға арналған әлеуметтік желі. Биыл жазда Microsoft компаниясына 26,2 миллиард АҚШ долларына сатылған LinkedIn-де 200 мемлекеттен 150 саланың өкілі ретінде тіркелген 400 миллионнан астам қолданушы бар. Компания сервері АҚШ-тың Калифорния штатында.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG