Accessibility links

АҚШ-та оққа ұшқан жасөспірімдерді Қазақстаннан асырап алған


Белфэйр қаласындағы әйелі мен екі баласын атып өлтірген тұрғынның үйі жанында тұрған полицейлер. АҚШ, 26 ақпан 2016 жыл.

Белфэйр қаласындағы әйелі мен екі баласын атып өлтірген тұрғынның үйі жанында тұрған полицейлер. АҚШ, 26 ақпан 2016 жыл.

АҚШ-та оққа ұшқан екі жасөспірімнің Қазақстаннан асырап алынғанын Қазақстанның адам құқығы жөніндегі уәкілдігі ресми түрде растады.

Қазақстанның адам құқығы жөніндегі уәкілдігі "АҚШ-тың Вашингтон штаты Белфэйр қаласында ақпанның 26-сы күні кісі қолынан қаза тапқан екі жасөспірім Қазақстанда туған, америкалық отбасы асырап алған балалар" деп хабарлады.

Ақпанның 26-сы күні Белфэйр қаласының тұрғыны, 51 жастағы Дэвид Уэйн Кэмпбелл әйелі Лана Карлсон мен оның асырап алған екі баласы - 18 жастағы Тори және 16 жастағы Куинді атып өлтіргені хабарланған.

Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілінің баспасөз қызметі құрбан болған 16 және 18 жастағы ұлдардың Қазақстаннан асырап алынғанын растағанымен, Қазақстан елшілігінде консулдық есепте тұрмағанын хабарлады.

"Осыған байланысты оларды асырап алу жағдайын нақты анықтау керек. Қаза тапқан жасөспірімдердің үлкені кәмелеттік жасқа толғандықтан, Қазақстан заңы бойынша ол я Қазақстан азаматтығын, я АҚШ азаматтығын таңдауы тиіс болған. Бірақ әзірге оның Қазақстан азаматтығынан айырылғаны анықталған жоқ" деп жазылған уәкіл баспасөз қызметі.

"Олардың аты-жөні және осы күнге дейін консулдық есепте не үшін тұрмағаны анықталып жатыр" дейді уәкілдің баспасөз хатшысы Рустам Қыпшақбаев.

Reuters агенттігінің ақпанның 27-сі күні таратқан ақпаратына қарағанда, Мэйсон округтік полиция басқармасы "Кэмпбелдің әйелін, асырап алған екі баласы мен көршісін атып өлтірген соң өзін де атып тастағанын" хабарлаған. Отбасы асырап алған өзге бір қыз жараланып, ауруханаға жеткізілген. Мэйсон округтік полиция басқармасы бастығының орынбасары Райан Сперлинг "Дэвид Уэйн Кэмпбел бұған дейін де қылмыстық әрекеттер жасаған. Кэмпбелл қаскүнем адам болған" деп мәлімдеген.

Кэмпбелл Белфэйрдегі иелігінде отбасы мүшелерін атып тастаған соң полицияны шақырып, арнайы мақсаттағы полиция жасағымен бірер сағат ерегістен соң өзін де атып тастаған. Полиция қайғылы оқиғадан тірі қалған отбасы мүшесі - 12 жастағы қыз қанды оқиғадан қашып шыққан немесе оны Кэмпбелдің өзі босатып жіберген болуы мүмкін дейді. Қаза тапқан әйелі мен екі ер бала үйдің сыртынан табылған.

Полиция Кэмпбелл полицияны оқиға орнына отбасы мүшелерін атып тастаған соң өзі телефон соғып шақырғанын айтады.

Оқиға орнынан түсірілген видео:

XS
SM
MD
LG