Accessibility links

Барак Обама мен Митт Ромни соңғы дебаттарын өткізді


АҚШ президенттігіне үміткерлер Митт Ромни (сол жақта) мен Барак Обама дебат кезінде. Флорида штаты, 22 қазан 2012 жыл.

АҚШ президенттігіне үміткерлер Митт Ромни (сол жақта) мен Барак Обама дебат кезінде. Флорида штаты, 22 қазан 2012 жыл.

АҚШ президенттігіне қайта түсіп жатқан Барак Обама мен оның сайлаудағы қарсыласы Митт Ромнидің үшінші әрі соңғы дебаты өтті. АҚШ-тың Флорида штатында дебаттың соңғы кезеңі сыртқы саясат мәселелеріне арналды.

Дебатта қазіргі президент Барак Обама Тегеранға салынған халықаралық санкциялар Иран экономикасына әсер етіп жатқанын және "өзі президент болып тұрғанда Иранның ядролық қаруға ие бола алмайтынын" айтты. Ол Митт Ромниді "елдің қарулы күштерінің бас қолбасшысы болуға дайын емес" деп, оны Ресейге қатысты "қырғи-қабақ соғыс" кезеңінің стандарттарын ұстанады" деп айыптады. Ромни да АҚШ-тың қазіргі геосаяси тұрғыдан "басты жауы" Мәскеу емес, Тегеран екенін айтты.

Ромни Обаманы "соңғы жылдары АҚШ-тың Израильмен қарым-қатынасын нашарлатып жіберді және ислам әлеміне қатысты сыртқы саясатын сәтсіздікке ұшыратты" деп айыптады. Дегенмен екі үміткер де "Израильді АҚШ-тың басты одақтасы ретінде қорғау қажет" деген пікір білдірді.

Обама мен Ромни де 2014 жылы АҚШ әскерінің Ауғанстаннан шығуын қолдаса, Сириядағы азамат соғысын тоқтатуға араласуына қарсылықтарын білдірді. Екі үміткер де АҚШ пен Пәкістан қарым-қатынасында "үлкен проблемалар" бар екенін мойындады.

Бұған дейінгі дебаттың бірінші және екінші кезеңдерінде үміткерлер ішкі саясат, экономикалық проблемалар, халықты жұмыспен қамту, энергетика және ұлттық қауіпсіздік мәселелері жайында сөз таластырған.

Соңғы сауалнамалар қорытындысы бойынша, Обама мен Ромнидің әрқайсысына сайлаушылардың 47 пайызы қолдау білдіріп отыр. АҚШ-та президент сайлауы қарашаның 6-сы күні болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG