Accessibility links

Өзбекстанның тағдыры сыналатын күн жетті


Самарқан Ислам Каримовтің жаназасына әзірленіп жатыр. 2 қыркүйек 2016 жыл.

Самарқан Ислам Каримовтің жаназасына әзірленіп жатыр. 2 қыркүйек 2016 жыл.

Өзбекстанның сын сағаты соқты. Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде Өзбекстан халқы алғаш рет Ислам Әбдуғаниұлы Каримов басқармайтын елде тұрып жатқандарын білді.

Бұл күнді өзбек диаспорасы мен оппозиция өкілдері ұзақ күтті. Сарапшылар көп жылдан бері осы күннің қалай болатынын болжап келді. Себебі томаға-тұйық авторитарлық режим орнаған бұл елде Каримов дүниеден озғанда ғана саяси өзгеріске жол ашылатыны анық еді.

Өзбек достарыммен тілдескен сайын әңгімеміз «Каримов өлген соң...» деген сөзбен аяқталатын. Олар өз жақындарын көруге, елден тысқары аймаққа шығуға, бизнес бастауға, шетелде оқуға сол кезде ғана мүмкіндік болады деп үміттенетін. Өзбекстан біртіндеп сыртқы дүниеден оқшауланған, экономикасы мен қоғамы қатаң бақылаудағы елге айналғандықтан, көп жұрт үшін мұндай қарапайым жайттардың өзі мүмкін болмай қалған.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов (сол жақта) билеп, елдің премьер-министрі Шавкат Мирзияев (оң жақта) қошемет көрсетіп тұр. Ташкент, 31 тамыз 2007 жыл.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов (сол жақта) билеп, елдің премьер-министрі Шавкат Мирзияев (оң жақта) қошемет көрсетіп тұр. Ташкент, 31 тамыз 2007 жыл.

Осыдан бірнеше апта бұрын ғана Қырғызстанның оңтүстігінде этникалық өзбекпен бірге көлікте кетіп бара жатып Өзбекстан шекарасындағы істік сымтемірлі биік дуалдың ар жағында қару кезенген өзбек солдаттарын көрдік. Екеуміз де кезінде Ташкентте бірнеше жыл тұрғанбыз, сондықтан онда қайта баруға ықыласты екенімізді айтқанбыз. Басын шайқаған серігім «Каримов өлген соң...» деп жымиған.

Бүгін күтпеген жерде жаңа дәуір басталып кетті. Бірақ не өзгермек? Бұл сәтті болжау үшін қаншама жиын өткізіліп, болжам жасалғанына, «78 жастағы Каримов қайтыс болған соң оның орнына кім отырады?», «Мазасыз аймақтағы халқы ең көп елдің ендігі болашағы қандай?» деген сауалдарға жауап іздеп қаншама мақала жазылғанына қарамастан, біз көп жайттан хабарсызбыз - оны мойындауымыз керек.

Талай сарапшы қауіп еткен үрейлі сценарий орындалды: Каримов «тақ мұрагерін» таңдамастан, биліктің ауысуын қамтамасыз ететін жолды көрсетпестен бақиға аттанып кетті. Құрылған жүйеге емес, Каримовтың жеке басына көп назар аударған сарапшылар мұндай қазаның аса ауыр салдары болуы мүмкін екенін ескерткен.

Қазақстан мен Қырғызстан және Өзбекстанның президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Асқар Ақаев және Ислам Каримов. (Архив суреті)

Қазақстан мен Қырғызстан және Өзбекстанның президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Асқар Ақаев және Ислам Каримов. (Архив суреті)

Каримовтің қатаң бақылауының арқасында тыныш болып келген діни радикалдар үнемі «буырқанып» жататын Ферғана жазығынан бас көтеріп шыға келуі ықтимал. Өзі жетім өсіп, совет мемлекетінде ер жеткен, басқа отбасылармен саяси байланысы жоқ Каримов «кландар» арасындағы тепе-теңдікті сақтап келген, енді ол кеткен соң өзара дүрдараз кландар арасында ашық соғыс басталуы да ғажап емес.

Бұл сөздердің жаны бар, бірақ осындай әңгімелердің жиі айтылуы «Өзбекстан халқының Каримовсіз күні қараң» деген ойды негіздеп, халықтың санасына сіңіре берді. Бұл «мифтер» Өзбекстанда қалыптасқан ерекше саяси жүйені ақтау үшін ойлап табылған, саясаттанушылар бұл жүйеге «система» деп ат қойған.

Путин басқарған Ресейде де жалғыз адамның мүмкіндігі де, оның ғұмыры да жетпейтін бір адамға негізделген авторитарлық саяси жүйе қалыптасты. Каримов кетті, бірақ әр аудиторияда оның портреті ілініп тұрған кезеңде іргесі бекіген полициялық мемлекет, қатаң саяси экономика әлі де қала бермек, себебі оларды қалыптастырған мифтер әлі «өлген» жоқ.

Орталық Азияны зерттейтін ғалымдар Ларри Маркович пен Скотт Раднич айтқандай, Өзбекстанда қалыптасқан саяси экономика аймақтағы басқа елдердікінен өзгеше, себебі мұнда жалпы экономика орталықтандырылған үкіметке бағынуға негізделген, ал оның өзін қауіпсіздік аппараты қорғайды, олар орталыққа бағынбағандарды тәртіпке салып, жазалап отырады. «Мәжбүрлеуші әрі рента жинаушы» мемлекет ықпалынан бөлек әрекет етуге ешкімнің мүмкіндігі жоқ. Демек, Каримов болса да, болмаса да, қазіргі элита өздері пайда көріп отырған бұл жүйеден айырылғысы келмейді. Оның үстіне, құрығы ұзын қауіпсіздік қызметі бұл жүйені өзгертуге талпынғандарды тырп еткізбейді.

Жыл басындағы бір оқиға осы «системаның» аясындағы өмір мен елде үстемдік құрып тұрған «мифтің» мәжбүрлеуші күшін тағы бір мәрте паш етті.

Ислам Каримовтың ертеректе отбасымен бірге түскен суреті.

Ислам Каримовтың ертеректе отбасымен бірге түскен суреті.

Арамаис Авакян есімді кәсіпкер Өзбекстанның шөлейтті аймағы – Жизақ облысында өзіне тиесілі шағын көлшіктерде балық фермасын ашады. Бірнеше жұмысшы алып, аздап табыс таба бастағанда оның бизнесіне жергілікті хокимнің (әкімнің) көзі түседі. «Мәжбүрлеуші әрі рента жинаушы» биліктің өкілі ретінде ол Авакянның бизнесін тартып алмақ болады. Фермер қарсылық танытады. Біраз уақыттан соң оны «Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік ұйымын қолдады деген желеумен полиция тұтқынға алады. Жақындары мен заңгерлердің айтуынша, түрмеде полицейлер оны азаптаған. Ақыр соңында Авакян да, оның қарамағындағы жұмысшылар да ИМ-нің құпия тобын ашып, үкіметті құлатуға ниеттенгендерін «мойындайды». Мұндағы бір қызық жайт – армян ұлтынан шыққан Арамаис Авакян - мұсылман емес, христиан дінінің өкілі. Алайда Өзбекстанда орныққан жүйе үшін бұл ешқандай да кедергі бола алған жоқ, Авакян «исламшыл террорист» ретінде бірнеше жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл жүйе сол қалпында қалады, Каримовтың өзі кетсе де, оның өзгере қоюы екіталай. Саясаттанушы Эрик Мак Глинчи бұл туралы: «Өзбек билеуші табы... қаржылай байлықтың толассыз көзіне айналған автократиялық режимді сақтап қалуға мүдделі» дейді.

Бұл режимді ықпалы жөнінен Каримовтың өзінен асып кеткен қауіпсіздік күштері қорғайды. Бір жағынан бұл аппарат болмаса, діни радикалдар елді түгелімен жаулап, бүкіл аймаққа шабуылдарын үдетер ме еді. Алдағы апталарда Каримовтың кеткенінен көп үміт күтіп келген өзбектер күнделікті өмірде ешқандай өзгеріс болмағанын көріп, Жизақтағы нақақ жала жабылып, қамалған фермердің оқиғасын, «Ислам мемлекетінің» билеп-төстеу мүмкіндігін айтып қорқытатын сарапшыларды еске алып, қабырғадағы портреттерді қаз-қалпында қалдыруды ұйғаруы ғажап емес.

Бұдан басқа жол бар шығар, бірақ 25 жыл ішінде өзбектердің балама жолдарды іздеуге ешқандай мүмкіндігі болмады.

Комментарий авторы Нох Такер - Registan.net сайтының басқарушы редакторы, Джордж Вашингтон университетіне қарасты Элиот Халықаралық қатынас мектебінің Орталық Азия бағдарламасының сарапшысы.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG