Accessibility links

Өзбекстан үкіметі: Каримов хал үстінде жатыр


Ислам Каримов, Өзбекстан президенті.
Ислам Каримов, Өзбекстан президенті.

Өзбекстан министрлер кабинеті 2 қыркүйекте президент Ислам Каримовтің инсульт алғаннан кейінгі жағдайы ауыр екенін мәлімдеді. Үкімет мәлімдемесі Өзбекстанның ресим "Народное Слово" басылымында жарияланды.

Онда Каримовтің 24 тамызда инсульт алып ауруханаға түскені, дәрігерлер соңғы тәулікте оның жағдайы күрт нашарлап, хал үстінде жатыр дегені айтылады.

28 тамызда Ислам Каримовтің әлдебір сырқатпен ауруханаға түскені туралы хабарланғаннан бері оның денсаулығы туралы бірінші рет ресми түрде мәлімдеме таратылып отыр. "Фергана" агенттігі 30 тамызда белгісіз дереккөзіне сілтеме жасап Ислам Каримовтың "қайтыс болғанын" хабарлаған. Бірақ басқа ақпарат құралдары, оның ішінде ресейлік агенттіктер Каримовтің әлі "тірі екенін" жазды.

Өзбек президентінің қызы Лола Каримова-Тилляева Instagram-да әкесінің "миына қан құйылып, аурухананың жансақтау бөлімінде жатқанын" және сырқатынан айығуы мүмкін екенін жазған.

31 тамызда Ислам Каримовтің орнына Тәуелсіздік күніне орай Ташкенттегі Тәуелсіздік және гуманизм ескерткішіне гүл қою салтанатына Шавкат Мирзяев қатысқан.

XS
SM
MD
LG