Accessibility links

«Өзбекстан ислам қозғалысы» кімге қызмет етеді?


«Өзбекстан ислам қозғалысы» экстремистік ұйымы содырлары ИМ-ге адал болуға ант беріп тұр. Видеодан алынған скриншот.

«Өзбекстан ислам қозғалысы» экстремистік ұйымы содырлары ИМ-ге адал болуға ант беріп тұр. Видеодан алынған скриншот.

«Өзбекстан ислам қозғалысы» экстремистік ұйымы осы айдың басында жаңалықтардан жиі айтылды. Ұйым содырлары Ауғанстанда «Талибаннан» бөлінген топпен бірге соғысып жүр деген ақпарат тарады.

Шын мәнінде, «Өзбекстан ислам қозғалысы» экстремистік ұйымы өз ішінен бірнеше топқа бөлініп, Ауғанстанның Забул провинциясындағы тобы Сирия мен Иракта соғысып жатқан «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған – ред.) жағына шыққан.

Шілде айында «Талибан» басшысы Омар молданың қаза тапқаны жайлы дерек тарағалы бұл террористік ұйым да ыдырай бастады. Ал соңғы жылдары «Өзбекстан ислам қозғалысы» экстремистік ұйымы бірнеше топқа бөлінді, оның мүшелері Ауғанстан, Сирия және Иракқа кетті. Кейбір жағдайда соғысып жүргендердің кім екенін оңай ажыратасыз, ал кейде олардың кімге бағынатынын, кейбір әрекеттеріне не түрткі болғанын болжау қиын.

ЗАБУЛДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТАР

Жергілікті тілде «Азатлық» аталатын Азаттықтың Түркімен қызметі «Өзбекстан ислам қозғалысы» экстремистік ұйымының қазіргі жағдайына қатысты талқылау өткізді.

Алдын ала ескертілгендей, түсініксіз жайттар өте көп, ешкім «Өзбекстан ислам қозғалысы» экстремистік ұйымы ішінде болып жатқан оқиғаны нақты білемін» дей алмайды. Үзік-үзік деректер мен олардың мән-жайы туралы болжамдар ғана бар.

ИМ содырлары жергілікті тұрғындарды ұрлап әкеткеннен кейін өткен наразылық шарасын бақылап тұрған ауған әскери қызметкері. Ғазни, 17 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

ИМ содырлары жергілікті тұрғындарды ұрлап әкеткеннен кейін өткен наразылық шарасын бақылап тұрған ауған әскери қызметкері. Ғазни, 17 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Біздің «мәжіліске» Азаттықтың Түркімен қызметі Мухаммад Тахир жетекшілік жасады. Шараға Машаль радиосының (Азаттықтың Пәкістан қызметі) директоры Амин Мудагиг, Азаттықтың Өзбек қызметі тілшісі Сирожиддин Толибов қатысты. Мен де пікірімді айттым, бірақ аталған қызметкерлер мен бұрын естімеген жайттар туралы да сөз етті.

Әңгіме Забул провинциясындағы жағдай туралы әңгімеден басталды. Қараша айының басында Омар молданың ізбасарларына адал «Талибан» содырлары мен этникалық хазар милиционерлерден құралған топ «Талибанның» Молла Дадуллахқа еріп, бөлшектеніп кеткен тотары мен «Өзбекстан ислам қозғалысы» экстремистік ұйымын талқандаған еді.

АУҒАНСТАНҒА ОРАЛУ

«Талибан» диссидент Дадуллах молдаға қарсы шабуылды бастаған кезде олар еріксіз «Өзбекстан ислам қозғалысы» экстремистік ұйымы содырларына немесе Жундуллах адамдарына соғыс ашуға мәжбүр болды, себебі олар бір аймақта орналасқан» деді Мудагиг. Ол «Талибанның» негізгі нысанасыДадуллах молда тобы болғанын, бірақ «Өзбекстан ислам қозғалысы» экстремистік ұйымы содырлары Дадуллахпен күш біріктіргенін» атап өтті. Мудагиг «Нәтижесінде, соңғы күні оқиға орнында тек екі өзбек жауынгері ғана қалды» деді.

Толибов Ауғанстаннан жеткен ақпаратта қақтығыс болғаны туралы хабарланғанын және ИМ-ге қосылған «Өзбекстан ислам қозғалысы» экстремистік ұйымының Забул провинциясындағы бас штабы талқандалғаны туралы айтты. Мудагиг «Тұтқындар Забулдегі өзбектер саны 200 адам дейді. Шамамен 100 адам қалса керек, мен жартысы өлген болар немесе қашып кеткен шығар деп болжап отырмын» деді.

«Өзбекстан ислам қозғалысы» экстремистік ұйымы содырларының видеосынан алынған скриншот.

«Өзбекстан ислам қозғалысы» экстремистік ұйымы содырларының видеосынан алынған скриншот.

«Өзбекстан ислам қозғалысы» экстремистік ұйымы жетекшісі Усман Ғази Забулде болған. Мудагиг Ауғанстандағы шенеуніктердің Усман Ғази туралы ештеңе білмейтінін, оның өлгенін немесе тұтқынға түскенін растай алмай отырғанын жеткізді.

Толибов «біз оның басында тұтқындалғаны, кейін сатқындық жасады деп шариғат заңы бойынша жазаланғаны жайлы ақпарат алдық, бірақ рас-өтірігін білмейміз» деді. Бұл туралы нақты ешкім ештеңе айта алмайды.

Сонымен қатар, «Ғази қашып кетті, бір жерде жасырынып жүр» деген дерек те бар. Забулдегі «Өзбекстан ислам қозғалысы» экстремистік ұйымы содырлары тамыздың басында Ғази «Өзбекстан ислам қозғалысы» ИМ-ге адал болады» деп ант бергенде оны қолдаған еді.

Ауғанстанның солтүстігіндегі жағдай одан да бұлыңғыр. «Өзбекстан ислам қозғалысы» содырлары (Мудагиг оларды «Жундуллах» деп атайды) Орталық Азиямен шекараласатын ауған провинцияларындағы сегіз ұрыстың жетеуіне қатысқан сияқты. Бірнеше жылдан бері бұл аймақта олардың шағын тобы бар.

2014 жылдың көктемінде Пәкістан Солтүстік Вазиристанның тайпалық аудандарында соғыс ашқанда содырлардың көбі кері қайтты. 2001 жылдың соңында Ауғанстанның Құндыз және Такхар провинцияларын АҚШ атқылаған соң «Өзбекстан ислам қозғалысы» содырлары Пәкістанның тайпалық аудандарын паналаған еді.

Сириядағы өзбек "жиһадшылары" деп жарияланған сурет.

Сириядағы өзбек "жиһадшылары" деп жарияланған сурет.

Пәкістандағы тайпалық аудандарға жасырынған «Талибан» және «Әл-Қаида» жақтастары «Өзбекстан ислам қозғалысы» содырларын да паналатты, бірақ сол жерде болған уақытта «Өзбекстан ислам қозғалысы» содырлары көптеген проблемалар тудырды. 2014 жылдың маусымында олар Карачи әуежайына жасалған шабуылды мойындарына алған соң, Пәкістан әскері оларды нысанаға алды. Бұдан соң «Өзбекстан ислам қозғалысының» көптеген содырлары қайтадан Ауғанстанға қашты.

«Өзбекстан ислам қозғалысы» содырлары отбасыларымен оралған соң Ауғанстанның солтүстігінде зорлық-зомбылық күшейіп кетті. «Өзбекстан ислам қозғалысы» жасақтары кімге қызмет етеді және немен айналысады деген сауал үлкен пікірталас тудырады. Бұл содырлар Ауғанстан үкімет әскерімен соғысу үшін «Талибан» жасағына қосылыпты деген ақпарат бар.

Олар негізінен Ауғанстанның солтүстік-шығысында, Тәжікстанмен шектесетін аумаққа қоныстанды.

СОДЫРЛАР ҚАТАРЫН КІМ ТОЛЫҚТЫРАДЫ?

Толибовтың пікірінше, Фарьяб провинциясындағы «Өзбекстан ислам қозғалысы» содырлары Ғазиға қосылып, ИМ-ге адал болуға ант берген. «Ауғанстанның солтүстік-шығысында, Такхар, Құндыз, Бадахшан провинцияларында өзбек содырлары мен «Талибан» жасақтары үкімет әскеріне қарсы бірлескен операциялар жүргізді» деді ол.

Сирияда уағыз тыңдап отырған өзбек "жиһадшылары" деп жарияланған сурет.

Сирияда уағыз тыңдап отырған өзбек "жиһадшылары" деп жарияланған сурет.

Толибовтың айтуынша, Ауғанстанның солтүстігіндегі «Өзбекстан ислам қозғалысы» құрамы әртүрлі, оның сапында өзбектер ғана емес, тәжік, қырғыз, ұйғыр, шешен және арабтар да бар. Мудагиг «Бадахшандағы «Өзбекстан ислам қозғалысы» содырларын этникалық тәжік басқарып келеді» деді. Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы «Өзбекстан ислам қозғалысы» ұйымы құрамында этникалық өзбектер көп тәрізді, бірақ бұл топ шығыстағы топқа қарағанда ұрысқа сирек қатысады, елеулі рөл ойнамайды.

Мудагиг пікірталас кезінде таңғаларлық ақпарат айтты. Машаль директоры қазан айында Ауғанстанның солтүстігінде болған екен. «Өзбекстан ислам қозғалысының» көптеген содырлары қаза тапқан. «Енді ол шығынның орнын қалай толтырды?» деген сұраққа Мудагиг «Тәжікстан мен Өзбекстаннан келген адамдар тұрақты түрде топ қатарын толтырып отырады» деген жауап алғанын айтты.

Брюс Панниердің мақаласы ағылшын тілінен аударылды.

XS
SM
MD
LG