Accessibility links

Арон Атабектің «Жерұйық» әні - Шаңырақ бейнесі


Арон Атабек сот залында. Aлматы. 5 қазан 2007 жыл.
Арон Атабек сот залында. Aлматы. 5 қазан 2007 жыл.

Шаңырақтағы оқиғаларға жарты жыл болмай тұрып, диссидент ақын Арон Атабек пен композитор Бақтияр Аманжол «Жерұйық» әнін шығарды. Атабектің жақтастарының сөзіне қарағанда, бұл әнінде ол Шаңырақ трагедиясын ғана емес, биліктің халыққа деген бүгінгі көзқарасын да алдын-ала болжап қойған.


2006 жылы 14 шілдеде Шаңырақ ықшам ауданында билік тұрғындардың заңсыз салынған деп танылған үйлерін күшпен құлатуға тырысты. Шаңырақтың тұрғындары, Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген мигранттар қарсылық көрсетті. Тәртіпсіздіктер кезінде полиция қызметкері күйік алып, көз жұмды. Оның үстіне жанармай құйылды, кімнің от тұтатқаны – әлі белгісіз. Бірақ оны кепілге алған жергілікті тұрғындар болатын.
Полиция шабуылы. Шаңырақ. 14 шілде 2006 жыл.


Осы оқиғаға орай сот Арон Атабекті 18 жылға түрмеге кесті. Диссидент сонау совет заманынан бері Қазақстанның бейформалды ағымдарының ардагері, сол күні Шаңырақтағы қақтығыстар орнында болды. Арон Атабек «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырған» және «полиция қызметкерін қасақана өлтірген» деген айыптар бойынша кінәлі деп табылды. Арон Атабектің жақтастары оған жала жабылғанын айтады. Қатарына Арон Атабек кіретін төрт азамат 14-тен 16 жылға дейін түрмеге қамалды. Қалған 19 сотталушыға шартты жаза тағайындалды. Қылмыстық құрамы жоқ болғандықтан, біреуі кінәсіз деп табылды.

Шаңырақ трагедиясына жарты жыл толмай жатып ақын Арон Атабек өзінің досы – композитор Бақтияр Аманжолмен бірге – «Жерұйық» әнін шығарды. Арон Атабек әннің өлеңін 1980 жылдары-ақ жазып қойған. Оның жұбайы Жайнагүл Айдарханның айтуынша, аталмыш өлең жолдарында ол Шаңырақ трагедиясын ғана емес, биліктің қазақ халқына және оның жеріне деген бүгінгі көзқарасын да алдын-ала болжайды.

«ЖЕРҰЙЫҚ»

Жайнагүл Айдарханның сөзіне қарағанда, ақын Арон Атабек өзінің «Жерұйық» өлеңін онымен таныспай тұрып, жазған екен:
Жайнагүл Айдархан қазақ жерін Қытайға бермеу талабымен өткізілген оппозицияның наразылық жиынында тұр. Алматы, 30 қаңтар 2010 жыл.


– Ол бұл өлеңін 1980 жылдары-ақ – біз кездеспей тұрып, жазып қойған. Біз тек 1990 жылдардың басында таныстық.

Жайнагүлдің айтуынша, «Жерұйық» - қазақ халқының өз жерінде шеккен азабын Шаңырақ трагедиясы болмай тұрып жеткізген туынды.

– Шаңырақ оқиғаларына жарты жылдай қалғанда Арон композитор Бақтияр Аманжолмен бірге «Жерұйық» өлеңіне музыка жазып, ән дүниеге келді, – дейді ол.

Айтуынша, Арон Атабек, әнді ең соңғы музыкалық аранжировкасында сотталып кеткен соң, бірақ келесі сатыларға жіберілмей тұрып, естіген.

– Ол балаша қуанып, күлді. Ол - өте ақжарқын, адал адам, оптимист. Ол желдің лебіне де, ұшқан көбелекке қарап та қуана біледі. Бұл қасиетінен еш айнымайды, – дейді Жайнагүл Айдархан.

Арон Атабектің сөзіне жазылған «Жерұйық» әнін автордың өз орындауында YouTube интернет-порталында тыңдауға болады. Әнді Шаңырақ оқиғаларының фотосуреттерімен бірге интернетке орналастырған – Арон мен Жайнагүлдің қызы – Айдана.

Жайнагүл Айдарханның айтуынша, әсіресе ауылдардың деградациясы мен биліктің кейбір аграрлық жерлерді Қытайға жалға бермек ниеті жайлы өсек-аяңдар тұсында «Жерұйық» әні жер дауына қатысты қазақстандық биліктің қазіргі көзқарасын алдын-ала болжап қойған. Оның айтуынша, бұл реквием-ән билікке лайықты адамдар келмейінше, өзектілігін жоғалтпайды.

БИЛІККЕ ЖАТ ӨНЕР

Композитор Бақтияр Аманжол диссидент ақын Арон Атабекпен таныс болғанына «мың жыл» болды дейді.
Композитор Бақтияр Аманжол. Алматы, 30 қыркүйек 2010 жыл.


– Ол 1990 жылдары Жайнамен бірге Ресейден эмиграциядан Қазақстанға оралғанда, біз ерекше жақындасып кеттік. Олар Алматының іргесінде таудағы дачада тұратын. Олардың қазақстандық төлқұжаттары мен азаматтықтары болған жоқ. Біз екеуміз ұзағынан әңгімелесіп отырып, асқақ та әсем тауларға қарап рахаттанатынбыз. Әлемге бірдей дерлік көзқараспен қарайтын болып шықтық, – дейді Бақтияр Аманжол.

Шаңырақ трагедиясына жарты жылдай қалғанда, Бақтияр Аманжолдың айтуынша, Арон Атабек өзінің бір «құшақ» өлеңдерін оның үйіне алып келіп, оларды әнге айналдыруға деген ықыласын білдірді.

– Мен үйімде отырып-ақ, оны жаза бастадым. Арон өзін өзі гитарамен сүйемелдеп, ән салды. Оның жағымды тембрлі жуан даусы бар. Осылайша ол он беске жуық өлеңін әндетіп айтып шықты, солардың бірі – «Жерұйық», – дейді Бақтияр Аманжол.

Композитордың әңгімелеуінше, Арон Атабекке үкім шығарылғаннан кейін, оның санасында «Жерұйық» әнінің музыкалық аранжировкасын жасау идеясы туды. Оркестровка мен ұлдар хорынан бөлек, контрапункт әсерін беру үшін ол Қытайда туып өскен Шаба атты қазақ әншісін де шақырды.

Бақтияр Аманжол өзі аса мықты деп санайтын Арон Атабектің «Жерұйық» әнін қазақ қоғамында біліп жатқандар аз деп мұңаяды.

– Осы әнді танымал ету үшін, әрине, продюсер қажет. Мен болсам – жай ғана композитормын, – дейді Бақтияр Аманжол.

САЯСИ КӨЗҚАРАС ҚАЙШЫЛЫҒЫ

Тәуелсіз журналист, баламалы саяси ұйымдарды зерттеуші Андрей Свиридов Азаттық радиосына Арон Атабектің жеке тұлғасына біржақты қарамайтынын айтады. 1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында, Андрей Свиридовтың сөзіне қарағанда, ол кезінде Арон Атабекпен қатар совет үкіметіне қарсы әрекет етіпті. Бірақ олар әртүрлі не бір-біріне қарама-қарсы позицияларды жақтаған.
Тұрғын әйел қақтығыста жараланған полицейге көмектесіп жатыр. Шаңырақ. 14 шілде 2006 жыл.


Андрей Свиридовтың айтуынша, 1992-1996 жылдар аралығындағы Арон Атабектің қызметі жайлы оның білері аз, бірақ ол сөйте тұра 1991 жылдың желтоқсанындағы Алматы мешітіндегі мүфти Рәтбек Нысанбайұлын ұрып-соғуға қатысты оқиғаны еске алады. Бұл оқиғаны Свиридов «тым күдікті» деп сипаттады. Мүфтиді ұрып-соғуға байланысты биліктің сөзін сөйлеуші басылымда Арон Атабек басшысы болған, аз уақыт әрекет еткен, сол кездері тіркеліп үлгермеген «Алаш» партиясының аты аталғанын еске салайық. Өзі болса, осы жайтқа қатысты айыптарды мойындамайды әрі мойындаған да емес.

Андрей Свиридовтың айтуынша, ол 2006 жылы 14 шілдеде болған Шаңырақ оқиғаларына байланысты Арон Атабектің әрекеттерін мүлде басқаша бағалайды.

– Мен бұл оқиғалардың куәгері болған жоқпын, тек болған жағдай, репортаждар, оқиғаға қатысқандардың әңгімелері мен одан кейінгі сот процесі есімде қалыпты. Осының барлығына қарап, сотталғандардың кінәсіздігі жайлы күшті әсер қалыптасады. Арон Атабекке деген қарама-қайшы көзқарас тағы бар. Бірақ, не дегенмен, егер тек фактілерді қарастырсақ, әлгі полиция қызметкерін дәл соның өлтіргені дәлелденгендей көрінбейді. Тәртіпсіздіктерді басқарған, ұйымдастырған және тапсырыс берген сол болғаны дәлелденбеген сияқты. Оған қоса, куәгерлердің сөзінен жақсы белгілі болғандай, ол әлгі полиция қызметкерін құтқармақшы болған, – дейді Андрей Свиридов.

Оның айтуынша, Шаңырақ тұрғындарының үстінен өткен сот «кезекті әділетсіздік» болып көрінді:

– Билік қылмыстың, яғни адам өлімінің болғанын өз пайдасына жаратып қалғанға ұқсайды. Осылайша мазасын алушы адамнан құтылу үшін түрмеге ұзақ мерзімге қылмыскерді емес, мүлде басқа адамды отырғызған көрінеді,- дейді ол.

Андрей Свиридовтың айтуынша, «осы тұрғыдан Арон Атабектің ісі қайта қаралып, оны бостандыққа шығарған дұрыс».

Өткен жылдың қарашасында Арон Атабекке «Қамаудағы өнер адамы»
Асқар Айдархан әкесіне берілген «Шығармашылық бостандығы» халықаралық сыйлығын табыстау рәсімінде. Каир. 26 қараша 2010 жыл.

(Imprisoned аrtist) номинациясы бойынша «Шығармашылық бостандығы» халықаралық сыйлығы тағайындалды. Freedom to Create халықаралық ұйымының сыйлығын ұсыну салтанаты Мысыр астанасы Каирда өтті. Арон Атабектің сыйлығын оның ұлы Асқар Айдархан алды. Саяси тұтқын Арон Атабек өзінің әдеби еңбектері үшін, оның ішінде түрмеде жазылған «Назарбаевщина и революция» атты бүлікшіл мақаласы үшін марапатталды.

Ал Шаңырақ ауылындағы жер телімдерінің көбі сонау қайғылы оқиғалардан бес жыл өткенде барып заңдастырылды.

Арон Атабектің "Жерұйық" әні өз орындауында.
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:36 0:00
Жүктеп алу
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG