Accessibility links

Алматыда белсенділерді босатуды талап етті


Суретші Қанат Ибрагимов "Қарсылық жиынында" сөйлеп тұр. Алматы, 24 наурыз 2012 жыл.
Суретші Қанат Ибрагимов "Қарсылық жиынында" сөйлеп тұр. Алматы, 24 наурыз 2012 жыл.
Сейсенбіде қоғамдық белсенділер Дмитрий Тихонов, ЖСДП өкілі Маржан Аспандиярова және он беске тарта адам Алматының әкімшілік сотының алдында 15 тәулікке қамалған белсенділерді босатуды талап етіп, наразылық акциясын өткізді. Бұл туралы Азаттық тілшісіне белсенді Дмитрий Тихонов хабарлады.

Тихоновтың айтуынша, белсенділер мұның алдында баспасөз жиынын өткізіп, 28 сәуірдегі "Қарсылық жиынынның" қарсаңында ұсталған белсенділер Қанат Ибрагимов, Бақытжан Төреғожина және Лариса Боярға полицияның қысым көрсетуі мүмкін екенін айтқан. Олар полициядан 15 тәулікке қамалған үш белсендіге әкелінген тамақ және керек-жарақты жіберуді де талап еткен. "Қарсылық жиынының" қарсаңында ұсталған суретші Қанат Ибрагимов 7 мамырда аштық жариялаған болатын.

Тихоновтың айтуынша, Ибрагимовтың денсаулығына қауіп төніп тұр.
XS
SM
MD
LG