Accessibility links

Тәжікстан Жириновскийдің сөзіне наразы


Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновский.
Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновский.
Ресей сыртқы істер министрлігі мемлекеттік дума депутаты Владимир Жириновскийдің Тәжікстан мен оның президенті Эмомали Рахмон туралы айтқан пікіріне орай түсінік берді. Душанбеге жіберілген хатта "Жириновскийдің мәлімдемесі Ресейдің ұстанымымен еш үйлеспейді" делінген.

Өткен аптада Жириновский телеарнадағы "Поединок" бағдарламасында Тәжікстанға қатысты кереғар пікірлер айтқан еді. Ол "Тәжік билігі Ресей әскерилерінің елдегі базаларды пайдаланғаны үшін төлейтін сомасын қымбаттатып жіберді. Ресей бұған жауап ретінде елде тәжік мигранттарының жұмыс істеуіне шектеу қояр болса, онда Эмомали Рахмонның ақыры таямақ" деген.

Тәжікстан бұдан соң Ресейге қарсылық нотасын жіберген.

Жириновский бұған дейін Ресей парламенті мен ақпарат құралдарында Қазақстанға қатысты да бірнеше рет өзгеше пікірлер айтқан.
XS
SM
MD
LG