Accessibility links

Жаңа вирус жұқтырған алғашқы француз қайтыс болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Франция денсаулық сақтау министрі Марисоль Турен вирустың жаңа түрімен ауырған алғашқы француз азаматы қайтыс болғанын хабарлады.

Министрдің айтуынша, қайтыс болған 65 жастағы ер адам тыныс алу жолдары синдромына (SARS вирусы) ұқсас вирусты Біріккен Араб Әмірліктерінде жұқтырған болуы мүмкін. Науқас ауруханаға Дубайға барып келген соң, 23 сәуірде түскен. Алғашында науқастың ас қорыту жүйесі қызметі бұзылып, тыныс алуы қиындағаны байқалған.

Қазірге дейін әлемде бұл вирустан 23 адам қайтыс болды. Жаңа вирустың адамнан адамға жұғатыны әлі нақты дәлелденбеген. Бірақ вирус Парсы шығанағы елдерінен Ұлыбритания, Франция және Германияға таралған. Вирус жұқтырғандардың көпшілігі - Пәкістан, Катар, Иордания және Сауд Арабиясына барған адамдар.

Вирус Сауд Арабиясында биыл қазан айында болатын қажылық кезінде кең таралуы мүмкін деген қауіп бар.
XS
SM
MD
LG