Accessibility links

Сот Мүбәрактан шерушілер өліміне қатысты айыпты алып тастады


Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак.
Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак.

Бүгін Египет соты елдің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрактан 2011 жылы билікке қарсы ереуілге шыққан жүздеген адамның өлімі үшін тағылған айыпты алып тастады. Сонымен бірге, бұрын елде қауіпсіздік қызметінде жоғарғы лауазым иесі болған жеті адамнан да бұл іс бойынша айыптар алынып тасталған. Олардың арасында Египеттің бұрынғы ішкі істер министрі Хабиб әл-Адли де бар.

Сенбі күнгі сот отырысында Мүбәрак коррупияға қатысты іс бойынша ақталған. Бірақ, соған қарамастан, Мүбәрак әзірше қамауда ұсталады. Өйткені, бұған дейін коррупцияға байланысты басқа бір іс бойынша үш жылға түрмеге кесілген Мүбәрак қазір сот жазасын өтеп жатыр.

86 жастағы Хосни Мүбәрак өзіне тағылған барлық айыптауларды мойындамайды.

Бұған дейін Мүбәрак 2011 жылғы үкіметке қарсы ереуілге шыққандардың өлімі үшін айыпты деп танылып, 2012 жылы сот үкімімен өмір бойы түрме жазасына кесілген еді. 2013 жылы апелляциялық сот процессуалдық ережелер бұзылған деп тауып, ол үкімнің күшін жойып, қайта сот тағайындаған.

XS
SM
MD
LG