Accessibility links

Алматыда Көкжайлауды қорғаушы белсенді ұсталды


"Көкжайлауды қорғаймыз" экологиялық қозғалысының белсенділері Алматы әкімі Ахметжан Есімовке "сыйлық табыстау" акциясында. Оң жақтан бірінші тұрған - Абай Ерекенов. Алматы, 27 қаңтар 2015 жыл.
"Көкжайлауды қорғаймыз" экологиялық қозғалысының белсенділері Алматы әкімі Ахметжан Есімовке "сыйлық табыстау" акциясында. Оң жақтан бірінші тұрған - Абай Ерекенов. Алматы, 27 қаңтар 2015 жыл.

Алматыда бүгін таңертең "Көкжайлауды қорғаймыз" қозғалысының белсендісі Абай Ерекеновті полиция ұстап әкетті. Бұл жайында белсендінің өзі Facebook-те хабарлады.

Ол аталған әлеуметтік желіге "Республика сарайына кетіп бара жатқанымда ұстап алып, Медеу аудандық ішкі істер бөліміне әкелді. Қандай да бір түсініктеме берген жоқ" деп жазды.

Медеу аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімі Азаттыққа Абай Ерекеновтің ұсталғанын растады. Аты-жөнін атамаған кезекші қызметкер Ерекеновтің Абай даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында "тонауға қатысы бар" деген күдікпен ұсталғанын, қазір оның ісі қаралып жатқанын айтты.

Республика сарайында бүгін қала әкімі Ахметжан Есімовтің тұрғындарға есеп беру жиыны өтпек.

Өткен аптада "Көкжайлауды қорғаймыз" экологиялық қозғалысының бірнеше белсендісі, оның ішінде Абай Ерекенов Алматы әкімдігі алдында акция өткізіп, Ахметжан Есімовке алтын түске боялған екі кісілік қолара мен ағаштан, қолдан жасалған "Бас орман отаушы" "орденін" қалдырып кеткен. Абай Ерекенов ол кезде журналистерге белсенділер әкімге "ағаштарды отаудағы еңбегі үшін" аталған сыйлықтарды бермек болғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG