Accessibility links

Назарбаев Каримовтің басына барды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанның қайтыс болған президенті Ислам Каримовтың басына гүл қою рәсімінде. Самарқанд, 12 қыркүйек 2016 жыл. (Ақорда сайтынан алынған сурет)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанның қайтыс болған президенті Ислам Каримовтың басына гүл қою рәсімінде. Самарқанд, 12 қыркүйек 2016 жыл. (Ақорда сайтынан алынған сурет)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің рухына тағзым ету үшін Самарқанға барды.

Қазақстан президентінің ресми сайтындағы хабарламаға қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Каримов екеуін «ұзақ жылдар бойы берік достық, шынайы түсіністік, өзара тілеулестік байланыстырып келгенін» айтқан.

– Өзбекстандықтардың келер ұрпағы, мемлекет қызметіндегі басшылардың келесі буыны Ислам Каримовті әрдайым есте сақтайды деп сенемін. Оның артта қалған мол мұрасын, мемлекеттік қызметінің нәтижелерін ұрпақ зерттеп-зерделеп, атқарған істерін өзбек халқының тарихына алтын әріптермен жазады. Ол бүкіл әлемге танымал көшбасшы болды, ел экономикасының қалыптасуы мен дамуы, халықтың әл-ауқатының артуы оның есімімен байланысты. Біз ұлы адамнан айырылдық, – деді Қазақстан президенті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанның қайтыс болған президенті Ислам Каримовтың басына гүл қою рәсімінде. Самарқанд, 12 қыркүйек 2016 жыл. (Ақорда сайтынан алынған фото)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанның қайтыс болған президенті Ислам Каримовтың басына гүл қою рәсімінде. Самарқанд, 12 қыркүйек 2016 жыл. (Ақорда сайтынан алынған фото)

Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы тарихи және стратегиялық байланысты нығайту жолында Ислам Каримов атқарған істерге де тоқталған.

– Қазақ пен өзбек халқы әрдайым бір-бірімен етене жақын болды. Ислам Абдуганиевич екеуміз 1998 жылы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі басында мәңгілік достық туралы келісімге қол қойдық, біздің қарым-қатынасымыз үнемі сол келісімге негізделді. Қазақстан әрқашан өзбек халқымен қанаттасып, қатар келеді және солай бола береді. Біз сіздермен барлық қуанышты бірге бөлісіп, қиын кездерде бірге қайғырамыз, – деді Қазақстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Каримовтың бейітіне гүл қойған соң оның жақындарымен жүздесті. Қазақстан президенті Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияевпен де кездескен.

Солдан оңға: Өзбекстанның премьер-министрі әрі президент міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияев, Ислам Каримовтың жесірі Татьяна Каримова, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Самарқанд, 12 қыркүйек 2016 жыл. (Ақорда сайтынан алынған фото)

Өзбекстанды 27 жыл бойы басқарған 78 жастағы Ислам Каримов инсульт алып, қыркүйектің 2-сі күні қайтыс болған. Оны жерлеу рәсіміне Қазақстан, Қырғызстан және Ресей делегацияларын премьер-министрлер бастап барған еді. Қазақстаннан Ислам Каримовті жерлеу шарасына сол кездегі үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бастаған ресми тұлғалар қатысқан.

Ислам Каримовті жерлеу шарасына қатыса алмаған президенттердің енді бірі - Ресей президенті Владимир Путин өткен аптада, қыркүйектің 6-сы күні Самарқанға жұмыс сапарымен барған кезінде Каримовтің зиратына соғып, туыстарына көңіл айтқан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG