Accessibility links

Тағы бір өзбек әншісі "ашық-шашық киінгені үшін" жазықты болды


Өзбек әншісі Азиза Ниязметова.

Өзбек әншісі Азиза Ниязметова.

Өзбекстанда әнші Азиза Ниязметова әлеуметтік желіге жариялаған суретіне бола «Узбекнаво» эстарадалық бірлестігінен ескерту алғанын айтады.

Әнші Азизы Ниязметова «Узбекнаво» басшыларынан хат алғанын, ол хатта шенеуніктердің өзінен "ұят шартын сақтауды, көрермендер сезімін қорлайтын, сахна мәдениеті мен сыртқы көрініс мәдениетіне қайшы іс жасамауын" талап еткенін айтады.

«Узбекнаво» басшыларының Азизы Ниязметоваға жолдаған хаты.

«Узбекнаво» басшыларының Азизы Ниязметоваға жолдаған хаты.

28 жылдан бері өнер көрсетіп жүрген Азиза Ниязметованың Азаттықтың Өзбек қызметіне айтуынша, оны сәуірдің 7-сі күні «Узбекнаво» эстарадалық бірлестігі шақырып, әлеуметтік желіде жариялағанын суреті жайлы сөйлескен.

– Желіге жариялаған жалғыз фотосуретім шенеуніктерді шошытыпты. Ол суретке жеңсіз көйлек киіп, гүл ұстап түскенмін. Фотоны "Бәріңізге осындай гүл алу бұйырсын" деп жазып жариялағанмын. Үйімде күйеуім сыйлаған гүлді ұстап суретке түскенмін. Сахнада емес. Ол суретте иығым ғана жалаңаштанып тұр. «Узбекнаво» мені ұятсыз киінгенсің деп әділетсіз айыптайды, - дейді әнші Азиза Ниязметова.

Өзбек әншісі Азиза Ниязметованың шенеуніктерді наразы еткен суреті.

Өзбек әншісі Азиза Ниязметованың шенеуніктерді наразы еткен суреті.

«Узбекнавоның» бас директоры, өнер адамдары арасында "өнер уәзірі" деген лақап аты бар Фарход Джураев қол қойған 248-номерлі құжатта Азиза Ниязметованың "ұлттық менталитетке, ұлттық құндылықтарға, ұлттық идеология мен салттарға үнемі құрметпен қарауы керек" екені жазылған. Эстрадалық бірлестік басшысы әншіден "жеке бас мәселелерін келісе отырып шешуін" де талап еткен.

Әнші өзінің әлеуметтік желі мен ақпарат құралдары сынаған пікірі шенеуніктердің қитығына тигенін айтады.

- "Сарыжағал" басылымдарға, оның ішінде Sayyod.com интернет басылымына қарсылығым, сынаған сөздерім шенеуніктерді наразы еткен, - дейді Азиза Ниязметова.

«Узбекнаво» эстарадалық бірлестігінің басшысы Фаррух Ботиров Азаттық тілшісінің Азиза Ниязметоваға сөгіс жариялаған оқиға жайлы сауалына жауап бермеді. Ол бірлестіктегі дереккөздің айтуынша, ұйым әншілердің әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарындағы суреттерін үнемі қадағалап отырады.

- "Жартылай жалаңаш" фотосы бар әншілерді, Батыс ақпарат құралдарына сұхбат берген әншілерді "қара тізімге" қосады. Жоғары жақпен келіскен соң ол әншілерге шара қолданады. Мысалы, былтыр Лола есімді әншінің лицензиясы мерзімінен бұрын тоқтатылғанын еске алыңыз. Ол сахнаға арқа тұсы ашық көйлек киіп шыққан еді, - дейді «Узбекнаво» өкілі.

Өзбек әншісі Лола Йолдошева осы көйлегіне бола жазықты болған.

Өзбек әншісі Лола Йолдошева осы көйлегіне бола жазықты болған.

Бірақ «Узбекнаво» Өзбекстан президентінің қызы Гүлнара Каримова бірнеше жыл бұрын сахнаға "жартылай жалаңаш" киім киіп шыққанда ештеңе демеген.

Азаттықтың Өзбек қызметінің мақаласы.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG