Accessibility links

Вышиванка киген Путин мен өзге президенттер


Вышиванка киген ТМД елдерінің президенттері. Құрманбек Бакиевтің кітабындағы сурет.
Вышиванка киген ТМД елдерінің президенттері. Құрманбек Бакиевтің кітабындағы сурет.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің жаңа кітабында 2006 жылы өткен ТМД елдері басшыларының қызықты суреті жарияланған.

Беларус фотографы Сергей Гриц Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің жаңа кітабында шыққан фотосуреттерді жариялады.

Кітаптағы сурет жайлы фотограф Сергей Гриц Facebook-тегі парақшасында: «Құрманбек Бакиевтің «Менің Қырғызстаным: жан жарам, махаббатым әрі үмітім» кітабында мұндай екі фотосурет бар. Олардың үстіне не кигені, суреттің қайда және қашан түсірілгені айтылмаған. Өзіңіз аңғарыңыз» деп жазған.

Фотосуреттер 2006 жылы түсірілген – сол жылы Минск түбіндегі Силичиде ТМД елдері президенттерінің «галстуксіз жиыны» өткен болатын:

2010 жылғы сәуір төңкерісінен соң елден қашқан Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бакиев Беларус елінен баспана тауып, қазір сонда тұрып жатыр.

Шығыс славян халықтарында ұлттық ою-өрнекпен кестелеп тігілген жейде вышиванка деп аталады. Соңғы кездері ұлттық киімнің бұл түрі әсіресе Украина мен Беларус елдерінде жиі назарға шалынады. Украинада Майдан оқиғасы мен Қырым аннексиясынан соң вышиванка халық арасында ұлт бірлігінің нышаны іспеттес мәнге ие болды. Ал Ресей аннекиялап алған Қырымда биыл мамыр айында украиналық өрнек салынған жейде киіп, Вышиванка күнін атап өтуге көшеге шыққан белсенділерді полиция ұстаған еді.

Украин кестесі туралы фотогалерея:

Азаттықтың «Осы шақ» бағдарламасының репортажы.

XS
SM
MD
LG