Accessibility links

«Халық жүрегіндегі қаламгерлер»

Қазақстанның Орталық мемлекеттік музейінде наурыздың 1-і күні «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» көрмесі ашылды.

Қазақстанда жазушылардың архивтері мен заттарын сақтайтын ортақ қойма жоқ. Алматыда осындай орын ретінде әдеби музей ашу идеясы 1950 жылдардан кейін айтылған емес. Кейіннен жазушылардың жеке музейлері (Алматыда Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Мәлік Ғабдулиннің музейлері бар) ашылған. Кейбір қолжазбалар Ұлттық кітапханада сақталған. Жазушылардың ұрпақтары Астанадағы Ұлттық музейге құжаттар мен заттар өткізіп тұрады.

Орталық мемлекеттік музейде де жазушылардың жеке заттары мен кітаптарының коллекциясы бар. Көрмеге осы заттар қойылды.

XS
SM
MD
LG