Accessibility links

Олимпиада өткізу жайлы қоғам пікірі екіге жарылды


Қазақстан делегациясы Лондон олимпидасының ашылу салтанатында. 27 шілде. 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан делегациясы Лондон олимпидасының ашылу салтанатында. 27 шілде. 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Халықаралық олимпиада комитеті 31 шілде күні Куала-Лумпурда (Малайзия) өтетін кезекті сессиясында 2022 жылғы қысқы олимпиаданы өткізетін қаланы таңдайды. Қазақстандық бірқатар спортшылар олимпиаданың Алматыда өткенін қаласа, кейбір азаматтық белсенділер Қазақстан олимпиадаға дайын емес деген пікірде.

2022 жылғы қысқы олимпиаданы өткізуге Қазақстанның Алматы және Қытайдың Пекин қалалары үміткер. Олимпиада ойындары осы екеуінің қайсысына берілетіні 31 шілдеде дауыс беру нәтижесінде белгілі болмақ.

Қазір Куала-Лумпурда жүрген қазақстандық делегация құрамында шенеуніктер, Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов, Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен және басқа да спортшылар бар. 2022 жылғы қысқы Олимпиада өтетін қаланы таңдау қарсаңында қазақстандық сарапшылардың пікірі де әрқилы.

Амалбек Тшан, экс-депутат, республикалық спорт колледжі директоры:

Амалбек Тшан, Алматыдағы республикалық спорт колледжі директоры.

Амалбек Тшан, Алматыдағы республикалық спорт колледжі директоры.

– Пекин – олимпиада өткізген қала. Қытайдың әлеуметтік және спорттық саясатын Қазақстанның мүмкіндігімен салыстыруға болмайды. Азия ойындары спорт кешендерін салдық. Егер олимпиаданы Алматыға берсе, қысқы спортқа керектің бәрін реттеу керек. Пекинмен таласу өте қиын. 2017 жылғы универсиадаға дайындық іс шараларын олимпиадаға қолдануға болады. Әлеуметтік жағдай бойынша үлкен қиындықтар туатыны белгілі. ЕХРО-2017 көрмесін өткізуге көп қаражат кетіп жатыр. Дегенмен, қысқы олимпиада жазғы олимпиада емес. Ұтқан жағдайда жеті жыл Қазақстанға дайындыққа жеткілікті болады.

Абзал Ажғалиев, шорт-тректен 2011 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері, Сочи олимпиадасына қатысушы:

Абзал Ажғалиев, шорт-тректен Азия ойындарының қола жүлдегері.

Абзал Ажғалиев, шорт-тректен Азия ойындарының қола жүлдегері.

– Пекин мен Алматының мүмкіндігі тең. Мен бұл ойындардың Алматыда өткенін қалаймын және оған сенемін. Егер олимпиада Қазақстанда өтсе – қысқы спорт түрлерінің дамуына үлкен үлес қосады. Ванкувер олимпиадасында бір күміс, Сочи олимпиадасында бір қола алдық. Алматыдағы олимпиадада Қазақстан медаль көрсеткіші бойынша жеке рекорд жасап, бес-алты медаль алуына мүмкіндік бар. 2011 жылғы Азия ойындарының кешендерін олимпиадаға толық қолдануға болады.

Абай Ерекенов, «Көкжайлауды қорғайық» экологиялық қозғалысы белсендісі:

Абай Ерекенов, «Көкжайлауды қорғайық» экологиялық қозғалысы белсендісі.

Абай Ерекенов, «Көкжайлауды қорғайық» экологиялық қозғалысы белсендісі.

– Алматы олимпиаданы әлі ұтқан жоқ. Бірақ, қанша шығын кетті. Олимпиадаға кететін шығынды қала табиғаты мен ауа ластығын тазартуға жұмсаған жөн. Алматыдағы соңғы сел қала билігі де, үкімет те осындай жағдайларға мүлде дайын еместігін көрсетті. Қазақстандағы көптеген табиғи посттар мен селден қорғау бөгендері СССР тұсында салынған. Оларды толық жаңалау қажет. Алматыға сел қаупі жыл сайын төнеді. Сондықтан билік үшін олимпиадаға дейін шешетін мәселелер көп. Алматы жеңіске жетсе олимпиада комитетіндегі коррупция мәселесі туралы ойлай беруге болады. Бірақ, ХОК дұрыс шешім шығарарына сенемін. Бұл бәсекеде Пекиннің фаворит екені 90 пайыз деуге болады.

Андрей Крюков, Алматы-2022 комитетінің өкілі, су добынан Афина олимпиадасына қатысушы:

Андрей Крюков, Алматы-2022 комитетінің өкілі.

Андрей Крюков, Алматы-2022 комитетінің өкілі.

– Олимпиада бюджеті алғашында 5 миллиард доллар деп жоспарладық. Кейін халықаралық олимпиада комитетінің сұрауы бойынша бюджетті 500 миллион долларға қысқарттық. Қазір Алматы-2022 жобасының бюджеті 4,5 миллиард долларды құрайды. Бұл бюджет қалады. Бірақ біз 1,7 миллиард доллар жұмсаймыз. Олимпиададан 3 миллиард доллар пайда түседі деп жоспарланған. Олимпиада – шығын ғана емес, пайда әкелетін шара.

Бақытжан Төреғожина, «Ар.Рух.Хақ» құқық қорғау ұйымының жетекшісі:

Бақытжан Төреғожина, «Ар.Рух.Хақ» құқық қорғау ұйымының жетекшісі.

Бақытжан Төреғожина, «Ар.Рух.Хақ» құқық қорғау ұйымының жетекшісі.

– Қазақстан олимпиада өткізу шығындарын мұнай арқылы өтейтіндерін айтты. Қазір әлемдік базарда мұнай бағасының түсіп жатқанын ескерсек, Қазақстан олимпиада үшін халықтың зейнетақы, еңбекақысын қысқартып, көп шығынды олимпиадаға жұмсауы мүмкін. Бұл халыққа қатты соққы болады. Шығынды өтеу үшін несие де алуы мүмкін. Бұдан бөлек, Қазақстанда адам құқығы ахуалы өте төмен. Сөз бостандығы мен саяси ой еркіндіктің жоқтығы БҰҰ-да айтылды. Түрлі халықаралық ұйымдардың есептерінде де жиі аталады. Бір жыныстылар бұл елде қатты қысым көреді. Халықаралық олимпиада комитеті адам құқықтары өз ережесін толық сақтаса, онда олимпиаданы Қазақстанға бермеуі керек.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG