Accessibility links

Ерлерге қарағанда әйелдер кәсіпкерлікпен аз айналысады


Ұсақ-түйек сатып отырған әйелдер. Минск, 15 маусым 2011 жыл.
Ұсақ-түйек сатып отырған әйелдер. Минск, 15 маусым 2011 жыл.

Кәсіпкерлік байлықтың кілті болғанымен, әйелдер бұл салада ерекше қиындықтарға жолығады.


Елдің ауқаттылығы мен бақытқа жетуінің ешбір сиқырлы тәсілі жоқ. Алайда көңілі қалаған адамның кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі негізгі рөл атқаратыны сөзсіз.

ДАМУ ИНДЕКСІ

Жуықта әлеуметтанушылар Лондонға жиналып, өз елдерінің мұқтаждықтарын орындау жолында табысқа жету жолдарын зерттеді. Олар кәсіпкерлікке ерекше мән берді.

Конференцияны лондондық Легатум институты жүргізді. Бұл институт жыл сайын 110 елдің даму индексін жариялайды. Онда елдің экономикалық көрсеткіштері мен ел азаматтарының әл-ауқатын есепке алынады. Әл-ауқаттылық деңгейін есептегенде көбінесе Gallup ұйымы
Қазақ-қырғыз шекарасынан өтіп бара жатқан шағын кәсіп иелері. (Көрнекі сурет)

ұйымдастырған зерттеу нәтижелері қолданылады. Gallup ұйымы жыл сайын әрбір елдегі 1000 адамға сауалнама таратады.

Даму индексін бастағалы зерттеушілер елдің кәсіпкерлік деңгейі жоғары не төмен бағаланатынын дәлме-дәл болжайтын бірден-бір фактор екенін дәйекті түрде анықтады. Мұнымен қатар елдің жалпы дамуына әсерін тигізетін барлық факторлар есепке алынады.

КӘСІПКЕР ӘЙЕЛДЕР АЗ

Бірақ мұндай зерттеулер дербес азаматтарды кәсіпкерлікпен айналысуға ынталандырып, оларға кедергі болатын мемлекеттік монополиялар мен жемқорлықты жоюға жағдай жасағанымен, кәсіпкерліктің есігі баршаға бірдей ашық еместігін анықтады.

Экономистер мен әлеуметтанушылардың айтуынша, әйелдер ерлермен салыстырғанда кәсіпкерлікпен аз айналысады немесе табысы азырақ кәсіппен шұғылданады.

Дүниежүзілік банктің экономисті Леора Клаппер әйел кәсіпкерлерге байланысты жағдай өнеркәсібі жетілген елдерге де, дамушы елдерге де тән екендігін айтты.

- Кәсіпкерлік - дамыған елдердегі экономикалық гүлденудің қозғаушы күші. Зерттеу көрсеткендей, өнеркәсібідамыған елдерде әйелдер кәсіпкерлікпен аз айналысады. Ресми түрде өз компаниялары бар әйелдер де аз. Жеке кәсбібі бар әйелдердің фирмалары кішкентай, жұмысшылары аз, сонымен қатар көбінесе қызмет көрсету саласын, жоғары өсім мен инновацияға шамасы аз салаларды қамтиды, - дейді ол.

КЕДЕРГІ

Зерттеушілердің кейбіреуі әйелдердің мұндай салаларды таңдауы түрлі факторларға байланысты болуы мүмкін деп санайды. Соның ішінде ақшалы кәсіпте әйелдерді төмендету, тәуекел етудегі айырмашылықтар мен аналардың жарты күн жұмыс істеуді таңдауы да бар.

Ал дамушы елдердегі әйелдер өсімі аз заттарды алып-сату секілді мүмкіндігі бұдан да төмен салаларда жұмыс істейді. Яғни өнеркәсібі
...өнеркәсібі жетілген елдердегі әйелдер - сондай мүмкіндігі болған соң кәсіпкерлікпен айналысады, ал дамушы елдердегі әйелдер - басқа амалы болмаған соң кәсіпкерлікпен айналысады

жетілген елдердегі әйелдер - сондай мүмкіндігі болған соң кәсіпкерлікпен айналысады, ал дамушы елдердегі әйелдер - басқа амалы болмаған соң кәсіпкерлікпен айналысады.

Әйелдердің ерлерге қарағанда кәсіпкерлікпен неліктен аз шұғылданатыны әлі де тиісті түрде зерттелген жоқ. Алайда көп елдерде әйелдердің несие алуына кедергі болатын экономикалық, құқықтық және әлеуметтік қиындықтар бар.

- Әйел кәсіпкерлердің кепіл берушісіз несиеге қол қою мүмкіндігі, өз атындағы мүліктің болуы өте маңызды, - дейді Клаппер.

Бұдан да басқа мәселелер бар. Мысалы, ипотека мен ұялы телефондарды, бизнес жүргізу үшін несиені күйеуінің атына алатын әйелдер өзінің несие тарихын бастау мүмкіндігінен айырылады.

Дамушы елдердегі әйелдер несие ала алмағандықтан бастапқы капиталды бейресми түрде не туысқандарынан, не өсімқорлардан алуы мүмкін. Кей елдерде әйелдің бизнесі олжалы болса да, оның табысын ер туыстары талап етеді.

Қазіргі кезде әйел кәсіпкерлігін зерттеушілер кәсіпкер болу үшін әйелдерге не керек екенін іздестіріп жатыр. Әр елдің ерекшелілігі болғанмен, кейбір бастапқы сипаттары бәріне ортақ.

Клаппердің айтуынша, әуелі несие мен кепілдік заңдарын қайта қарастырып, әйелдердің капитал алуына мүмкіндік ашу керек. Сонымен қатар әйелдерді кәсіпкерлікке ынталандыру үшін ерлер мен әйелдердің активтерін бірдей дәрежеде қорғайтындай етіп, заңдарды өзгерту керек.

Бұлар әр елдің өзіне тән нәрселер болғанмен, бұдан алатын сабақ баршаға ортақ болмақ. Кәсіпкерлік - дамудың қуатты қозғаушысы. Кез-келген адам бар күшін салып кіріскенде ғана кәсіпкерлік өркендейді.

Байлық пен бақуаттылық - тек жеке азаматтар арасындағы ғана емес, ел мен ел арасындағы қарым-қатынастың да кепілі.
XS
SM
MD
LG