Accessibility links

Березовскийдің «тәубаға келу хаты» түрлі пікір туғызды


Қуғында жүрген ресейлік бизнесмен Борис Березовский Лондондағы Ресей елшілігінің алдында қарсылық акциясын өткізіп тұр. 31 тамыз 2010 жыл.
Қуғында жүрген ресейлік бизнесмен Борис Березовский Лондондағы Ресей елшілігінің алдында қарсылық акциясын өткізіп тұр. 31 тамыз 2010 жыл.

Лондонда эмиграцияда жүрген ресейлік саясаткер Борис Березовский 2012 жылы ақпанның 26-сында, президент сайлауына бір апта қалған шақта, Кремль тағынан ескі де жаңа үміткер – Владимир Путинге қарсы тағы бір мәлімдеме жасады. Бұл жолы ол жасаған күнәлары үшін Құдайдан рақым сұрай отырып, өміріндегі «ең ауыр күнәсі – Путинді билікке әкелуге көмектескені» екенін айтты.


Березовский соңғы кездері «Эхо Москвы» радиосының сайтын өзінің саяси мінберіне айналдырып алған еді. Бірақ бұл жолы саясаткердің кезекті саяси хатын жариялаудан радио бас тартыпты.

«ПУТИНДІ БИЛІККЕ ӘКЕЛГЕНІМЕ ӨКІНЕМІН»

Березовский Facebook әлеуметтік желісіне жариялаған бұл хатында «Эхо Москвы» радиосының да Кремльдің «қолтығына кіріп кеткеніне» қынжылады. Ол Путинді
Путинді қолдайтын "Местные" жастар тобы Мәскеудегі Ұлыбритания елшілігінің алдында Борис Березовксийге қарсы "Алаяқ түрмеде отыруы тиіс!" деген акция өткізді. 11 қаңтар 2011 жыл.
Путинді қолдайтын "Местные" жастар тобы Мәскеудегі Ұлыбритания елшілігінің алдында Борис Березовксийге қарсы "Алаяқ түрмеде отыруы тиіс!" деген акция өткізді. 11 қаңтар 2011 жыл.
билікке әкелуге ықпал еткені үшін Құдайдан кешірім сұраған хатын «Эхо Москвы» радиосының бас редакторы Алексей Венедиктовқа өкпем жоқ, керісінше - алғыс айтамын. Ол маған блог жүргізуге мүмкіндік берді. Енді мен Ресейдегі ең соңғы тәуелсіз ақпарат құралы – Facebook-ты қолданамын. Марк Цукербергті (Facebook-ты құрған адам - ред.) Кремльге шұғыл шақыртып, әлеуметтік желісін «Газпромға» сатуға, өйтпеген жағдайда «Матросская тишина» абақтысына қамаймыз» деп қорқытуға ешкімнің шамасы жетпейді», - деп бастайды.

Осы хатында ол Путин туралы: «Владимир Путинді билікке алып келгеніме қатты өкінемін және сол үшін кешірім сұраймын. Оның болашақта қатыгез тиранға және узурпаторға, бостандықты табанға таптап, Ресейдің дамуын тоқтататын адамға айналатынын болжауға тиіс едім. Болжай алмадым. Ол кезде көбіміз оның қандай адамға айналатынын білген жоқпыз. Бірақ бұл сылтау да менің күнәмді кетіре алмайды. Мені кешіріңіздер», – дейді.

Күнәсін мойындап, арылу мәнерінде жазған бұл хатында ол «қатыгез болып, баюды ғана ойлағанын, өзге адамдарға зиян келтіргенін, отандастарының тағдырына немқұрайды қарағанын» айтып ағынан жарылған.

Березовский «Ресейдегі ақпараттық саясатты айқындайтын басты адам болып тұрған тұсында демократиялық құндылықтарды тәрк етіп, сөз бостандығын аяққа таптағанын, өз әрекеттерімен тәуелсіз журналистиканы жоюға жол салып бергенін» де айтқан.

Березовский бұл хатын жариялаудың алдында, қаңтардың 16-сы күні «Эхо Москвы» радиосының сайтында тағы бір кезекті мәлімдеме жасаған болатын. Онда Ресей православ шіркеуінің басшысы Патриарх Кирилден Путинді «тәубесіне келтіріп»,
Бүкіл Ресей патриархы Кирилл мен премьер-министр Владимир Путин. Мәскеу, 08 ақпан 2012 жыл.
Бүкіл Ресей патриархы Кирилл мен премьер-министр Владимир Путин. Мәскеу, 08 ақпан 2012 жыл.
«биліктің бетін халыққа қаратуды» өтінген еді.

Осы блогында қуғындағы саясаткер «патриархтың қазіргі міндеті - «христиан дінінің өсиеттеріне сай, бейбіт түрде, даналықпен» әрекет ете отырып, Путиннің қолындағы билікті халыққа өткізіп беру» екенін жазған. Тіпті православ патриархы Кирилге жол сілтеген Березовский «өзіңізге дейінгі дінбасылар сияқты, Сіз де Ресейді бүліктен құтқару деген ізгі мұратты мойныңызға алыңыз» деді.

Березовскийдің бұрынғы үзеңгілесі Никита Чекулиннің айтуынша, «бұл – 2006 жылдан бері Путинді биліктен күшпен кетірудің амалын іздеп жүрген Березовскийдің жымысқы әрекеті».

- Ресейде православ шіркеуінің ықпалды екенін білген Березовский патриархтың атын пайдаланып Путинге қарсы кезекті шабуылына назар аудартуды көздеген, – дейді Чекулин. Оның пікіріне сенсек, Березовский Ресейдегі ахуалды тұрақсыздандырудың барлық әдісін қолданудан тайынбайды.

«АСТРАХАНДАҒЫ ЖАРЫЛЫС - ПУТИНГЕ ЕСКЕРТУ»

Березовскийдің бұл хаты жарық көрген күннің ертеңінде, яғни ақпанның 27-сінде Астрахань қаласындағы тұрғын үйде газ құбыры жарылып, 10 кісі опат болды.
Астрахань қаласындағы тұрғын үйде болған жарылыстың орны. 22 маусым 2009 жыл.
Астрахань қаласындағы тұрғын үйде болған жарылыстың орны. 22 маусым 2009 жыл.

Ресейлік блогшы, «Сиамский кот» блогының редакторы Дмитрий Беляев Березовскийдің «Күнәні мойындау – тек сөз ғана емес, ол - әрекет. Әрі ол әрекет көп күттірмейді» деген сөзіне сүйеніп, бұл жарылыстың тұрмыстық оқиға екеніне күмән келтіреді.

- Путинге қастандық жасау әрекетінің қалай ашылғанын еске алайық. Оны бастапқыда БАҚ арқылы тұрмыстық жарылыс етіп көрсетті, - дейді блогшы.

«ЕЛЬЦИН ДӘУІРІНІҢ ҚАТЕЛІКТЕРІ»

Березовскийдің хаты жариянғаннан кейін, ақпанның 29-ында «2006 жылғы оппозициялық журналист Анна Политковскаяның өліміне Березовскийдің немесе шешен содырларының жетекшісі Закаевтың қатысы болуы мүмкін» деген ақпарат тарады. Мұны осы іс бойынша күдікке ілінген бұрынғы милиция қызметкері Павлюченков айтқан.

Ақпанның 29-ы күні Владимир Путин «сайлаудың қарсаңында арандатушылар белгілі бір адамды «құрбандыққа шалып», оны (өлімді - ред.) билікке жабуы мүмкін» деген мәлімдеме жасады. Ресей премьер-министрі «мұндай сценарийді шетелде отырғандар он жылдан бері дайындап келе жатыр. Тіпті олар «қасиетті құрбандықтарын» іздестіруге кірісті. Бірақ бұндай әрекетке ешкім бара қоймас, барлығы конституция шеңберінде болады деп ойлаймын» деген еді.

Путиннің осы мәлімдемесіне орай Березовскийдің қолдауымен құрылған АҚШ-тағы «Азаматтық бостандық» қорының төрағасы Александр Гольфарб та кеше «Эхо
Борис Березовский Лондондағы жоғарғы сотқа келе жатыр. 31 қазан, 2011 жыл.
Борис Березовский Лондондағы жоғарғы сотқа келе жатыр. 31 қазан, 2011 жыл.
Москвы» сайтына блог жариялады. Автор «Путиннің бұл мәлімдемесі мен журналистің қазасына Березовскийдің қатысы бар деген соңғы ақпараттың қатар шығуы бекер емес» дейді.

Шешенстандағы соғыс үшін Ресей өкіметін қатаң сынап келе жатқан журналистің кісі қолынан қаза табуы биліктің беделіне нұқсан келтірді. Қылмыскер сайлау қарсаңында Кремль дұшпандарының арасынан «табыла кетсе», Путин бір оқпен екі қоян атар еді.

Ақпанның 28-інде Александр Гольфарб жеке блогына «кешегі медиамагнаттың бүгін ағынан жарыла ақталуы - шын жүректен шыққан және ол формасы жағынан Ельциннің биліктен кетіп бара жатқан кездегі ақталуына ұқсайды» деп жазды. Оның айтуынша, кезінде Кремльдің тағдырын шешіп отырған адамның шын жүректен айтылған сөзіне сенбеу мүмкін емес.

Гольфарб «қуғындағы саясаткер өзі мен Ельциннің жасаған таңдауы (Путиннің билікке келуіне көмектесу – ред.) үшін, жалпы 90-жылдардағы қателіктер үшін кешірім сұрады» деп есептейді. «Ельцин Шешенстандағы соғыс үшін кешірім сұраған еді, алайда Путиннің 12 жылғы былығынан соң Ельцин болашақтағы осы оқиғалар үшін де кешірім сұраған ба?»деген ойда қаласың», - деп жазады ол.

Гольфарб Ресейдегі қазіргі халық пен билік арасындағы теке-тіресті меңзеп, «Егер Путин Кремльегі тағын сақтап қала алмаса, оған ешқандай аяушылық болмайды. Әзірге кім жеңетіні белгісіз. Шеруге шыққандар Путиннің аянышты әрі мазаққа лайық адам екенін көрсетті, ол қорқып отыр. Бірақ Путин өзін ренжіткендерді ешқашан кешірген емес. Егер ол билікте қалса, жауларын басып-жаншиды. Кім жеңсе де, жеңілген жаққа өте қиын болады» деген болжам жасап отыр.
XS
SM
MD
LG