Accessibility links

Әсем мен Мұхтардың айтысы


Айтыстың жеңімпазы Мұхтар Ниязов (ортада) "Алтын домбыраны" ұстап тұр. Астана, 9 желтоқсан 2012 жыл. (Суретті түсірген Өркен Жоямерген).
Айтыстың жеңімпазы Мұхтар Ниязов (ортада) "Алтын домбыраны" ұстап тұр. Астана, 9 желтоқсан 2012 жыл. (Суретті түсірген Өркен Жоямерген).
Желтоқсанның 9-ы күні «Біздің ел осындай» деген атпен Астанада өткен айтыстың ақтық айналымын – Мұхтар Ниязов пен Мейірбек Солтанхан екеуінің сөз сайысын ғана назарларыңызға ұсынған едік.

Алайда Азаттық оқырмандары осы айтыстың толық нұсқасын сұрап өтініш білдірген соң алғашқы жұп болып сахнаға шыққан Мұхтар Ниязов пен Әсем Ережеқызының айтысын да жариялап отырмыз.

Мұхтар Ниязов сахнаға көтерілісімен домбыраны өлеңіне арқау етті:

– Тарихтан көрдіңіздер, бұл домбыра,
Шындықты айтатыны ап-анық қой.
Айтыстан соң сондықтан музейге емес,
Парламенттің алдына апарып қой.

Ол «Аралдың шаң жұтқызған қисы-қисық жолдарын» сөз еткен қарсыласы Әсем Ережеқызына былайша уәж айтты:

– Алысты неғыласың, ондай жолдар,
Айналаңда жыртылып айрылады.
«Қарағанды-Астана» қанды тас жол,
Талайдың шыбын жаны шырқырады.
Алматыға көлікпен шыққан жанның ,
Жарты жолды сай-сүйегі сырқырады.
Әсем Ережеқызы, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Қарауыл ауылы, 15 қыркүйек 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Әсем Ережеқызы, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Қарауыл ауылы, 15 қыркүйек 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Бурабайға баратын жолдан басқа,
Дұрыс жол табылды ма, шіркін, әлі?

Ал Әсем Ережеқызы Байқоңырды жырға қосты:

– Байқоңыр өз жерімде тұрса дағы,
Ол жаққа қазақ қазір шаққа барады.
Жүргізіп өз елінің заң-тармағын,
Өздері бұл жаққа да қаптап алады.
Өз малын өзімдікі дей алмай,
Қазақтың қай кезде де тартқаны азап.
Тоқтар мен Талғаттан соң әлі күнге,
Ғарышқа бара алмай жүр басқа қазақ.

Қазылар алқасы бұл жұптың айтысында жеңісті бірауыздан Мұхтар Ниязовқа берді.
please wait

No media source currently available

0:00 0:36:21 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG