Accessibility links

Жаңа Рим Папасы сайланды


Жаңадан сайланған Рим Папасы Франциск (ортада). Ватикан, 13 наурыз 2013 жыл.
Жаңадан сайланған Рим Папасы Франциск (ортада). Ватикан, 13 наурыз 2013 жыл.
Ватикандағы кардиналдар кеңесі латын америкалық Хорхе Марио Бергольоны Рим Папасы етіп сайлады. Ол Рим Папасы Франциск деген ат таңдап алды.

Франциск Рим католик шіркеуінің 2000 жылдық тарихындағы 266-понтифик. Ол иезуиттерден шыққан алғашқы Папа.

76 жастағы Франциск 2005 жылғы Папа сайлауында басты үміткерлердің бірі болған еді. Оны аргентиналық католик шіркеуін реформалаған діни қайраткер деп те сипаттайды.

115 кардинал сайлаушы жаңа Папаны сайлау үшін бес қайтара дауыс берген.

Саны 1,2 миллиардқа жететін католиктердің жаңа рухани жетекшісінің есімі 13 наурызда Ватикандағы Әулие Петр шіркеуінің орталық балконынан жария етілді.

Кардиналдардың құпия кеңесі 12 наурызда басталған еді.

Ақпан айында Рим католик шіркеуінің бұрынғы басшысы Бенедикт XIV өз еркімен отставкаға кеткен еді.
XS
SM
MD
LG