Accessibility links

Ресей зымыраны Сарышағандағы нысанаға тиді


"Тополь" РС-12М құрлықаралық баллистикалық зымыранының ұшырылу сәті. Ресей. (Көрнекі сурет)
"Тополь" РС-12М құрлықаралық баллистикалық зымыранының ұшырылу сәті. Ресей. (Көрнекі сурет)
Ресей 10 қазан күні Мәскеу уақыты бойынша 17 сағат 39 минутта Астрахань облысындағы Капустин Яр полигонынан "Тополь" РС-12М құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді. Зымыранның Қазақстандағы Сарышаған әскери полигонындағы нысанаға дәл тигені хабарланды.

"Тополь" РС-12М зымыранының қорғаныс жүйесінде қолданысқа енгізілгеніне 25 жыл болған. Бұл жолы зымыран жаңадан қайта жарақтандырылып сыналған. "Сынақтың мақсаты - қолданыс уақыты ұзартылған зымыранның техникалық жарамдылығын тексеру болды" деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.
XS
SM
MD
LG